Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Бұйым бөлшектерін пішу кезіндегі техникалық шарттар



Pdf көрінісі
бет288/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Бұйым бөлшектерін пішу кезіндегі техникалық шарттар
мынадан тұрады:

төсем жаймасын жылжытуға не қисайтуға жол берілмейді; 

пішілген бөлшек қиықтары сызықтарының пішін бұрмалануы 
сәйкес лекало сызықтарының пішінімен салыстырғанда белгілі 
бір шамалардан аспауы тиіс. 
Мынадай жол берілетін ауытқулар белгіленген, көп емес: 

иық 
қиығы, 
қолтық 
ойындысының, 
жағаның, 
мойын 
ойындысының, жеңтүптердің қиықтары бойынша ± 1 мм; 

бүйір қиықтар, артқы бойдың ортаңғы қиығы, жеңдердің шынтақ 
және алдыңғы қиықтары (ені бойынша), жапсырмалы 
қалталардың және т.б. қиықтары бойынша ± 2 мм; 

жең аузының, алдыңғы бой мен артқы бойдың қиықтары 
бойынша (ені бойынша), астар мен іштік бөлшектерінің 
қиықтары бойынша ± 3 мм; 

артқы бой, алдыңғы бой, жеңдер, белдемше, шалбар ұзындығы 
бойынша ± 4 мм; пішілген бөлшектегі кертпелердің арасындағы 
арақашықтықта 
лекалолардағы 
сәйкес 
арақашықтықпен 
салыстырғанда ± 2 мм-ден асатын ауытқулар болмауы тиіс; 
кертпелердің оңтайлы өлшемі 3...5 мм. 
464


Үлдірлі материалдарды пішу кезінде бөлшектерді бойлық 
бағытта да, көлденең бағытта да бағдарлауға жол беріледі; пішіні 
тұрақты трикотаж жайманы пішу кезінде лекалоларды ілгектердің 
тарқау бағытына қарама-қарсы бағытта ғана қояды. 
МАТЕРИАЛ ШЫҒЫСТАРЫН НОРМАЛАУ
 
 
Материалдар құнының дайын бұйымның өзіндік құнындағы 
меншікті салмағы 80...90%-ды құрайды, сондықтан бұйымның 
өзіндік құнын төмендету үшін өндірістегі материал шығыстарын 
азайтуға ұмтылу қажет. 
Тігін бұйымына кететін 
материал шығысы 
негізгі бөліктен 
және технологиялық шығындардан тұрады. Материал шығысының 
негізгі бөлігі 
– жалғамалар тігісі қосымшаларының ауданынсыз, 
бүкпелерді қоса есептегенде, лекало жайылмасындағы пайдалы 
аудан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет