топтың бөлшектерін әдетте бірдей бөлшектердің лекалолар
секциясын жасай отырып, мата ұзындығы бойынша қатарлармен
орналастырады. Бұл әдіс секциялық-жолақтық әдіс деп аталады.
7.5-суретте лекалоларды жаюдың секциялық-жолақтық әдісімен
алынған лекалолар жайылмасының үлгілік схемасының мысалы
келтірілген.
Жайылмада лекалоларды орналастырудың екінші әдісінің негізгі
принципі мынадай қағидалардан тұрады:
■
бөлшектердің ірі лекалоларын жайылма жиегінің шетіне түзу
қиықтармен (немесе соларға жақын), ал жайманың ортаңғы
бөлігіне қисыз сызықты қиықтармен қояды;
■
бөлшектердің аса ірі емес лекалоларын ірі лекалолардың
арасына қояды;
■
бөлшектердің ұсақ бөлшектерін ірі және орташа бөлшектердің
арасында қалған бөліктерге қояды.
Оыс әдіспен алынған үлгілік схемалар, әдетте, жайылма
диагональына қатысты симметриялы болады.
7.6-суретте
осы әдіспен алынған жайылманың үлгілік
схемасының мысалы көрсетілген.
Кәсіпорынның жинақталған тәжірибесі мен жұмыс практикасы
оңтайлы
жайылмалардың
кішірейтілген
көшірмелерінің
альбомдарын құруға мүмкіндік береді. Көшірмелерді, ереже
бойынша, 1 : 10 масштабы бойынша жасайды. Оларды алу үшін
ПКУ-3 электрграфикалық қондырғысын пайдалану ұсынылады.
Кішірейтілген көшірмелер альбомы жаюшылардың практикалық
жұмысында жайылмалардың барынша үнемді нұсқасын іздеуге
көмектеседі.
Лекало жайылмасының үнемділігін лекалоаралық шығындар
бойынша, оларды салалық нормативтік деректермен және озық
кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстыра отырып бағалайды.
Үнемді жайылмалар материалдарды тиімді жұмсауға мүмкіндік
береді, сондықтан лекало жинақтарын жайған кезде тігін
өнеркәсібіндегі шикізат шығыстарының нормаларына бейімделу
қажет.
Шығыс нормасы
деп белгіленген сападағы бұйым бірлігін
дайындауға кететін барынша жол берілетін материалдар шығысы
түсініледі.
Шығыс нормалары барлық бұйым түрлері үшін өндірістегі
материалдардың минималды шығындарын ескере отырып және
белгіленген өлшемдер мен бойлардың шкаласын және техникалық
шарттарды сақтай отырып әзірленген. Өндірісте материалдың
шығыс нормаларының екі түрі бар: жеке және топтық. Жеке
нормалар өнім бірлігіне, топтық нормалар бір атаулы өнімнің
жоспарланатын көлеміне арналып әзірленген.
Достарыңызбен бөлісу: