табылады. Пішім дәл болып шығады (себебі жұп бөлшектерді бір
уақытта қияды), бұл ретте жұп бөлшектерді одан әрі «іріктеудің»
қажеті жоқ. Егер төсемге арналған мата тілімдері әртүрлі реңкте
болса, жаймаларды беткі жағын беткі жаққа қаратып төсеу тиімсіз
болады.
Жаймаларды бүгіп төсеуді оның өнеркәсіптегі үнемсіздігіне
байланысты кейде қалдықтарды пішу үшін ғана пайдаланады.
Жаймаларды төсеу кезінде мынадай техникалық талаптар
сақталады:
■
жаймаларды керілген, қиғаш, босаң жерлерсіз (қыртыстарсыз)
орналастырады;
■
жаймаларды төсемнің алдыңғы шеті бойынша және жиектерінің
бірін бойлай теңестіреді;
■
торлы не жолақты ірі суреті бар материалды беткі жағын беткі
жаққа қаратып төсеген кезде жұп жаймаларда суретті
сәйкестендіреді;
■
түкті маталарды төсеген кезде түктің бағыты барлық жаймаларда
бірдей болуын қадағалайды;
■
бірнеше түсті (артикулды) материалдарды төсеген кезде әуелі бір
түстегі (артикулдағы), одан кейін басқа түстегі және т.б.
материалдарды төсейді;
Өнеркәсіпте әдеттегі пішу машиналарын пайдаланған кезде
төсемнің барынша жол берілетін мынадай биіктіктері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: