Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет308/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Төсем секциясы 
деп жайылманың жеке суреттемесін немесе 
оның жалпы төсемнен көлденең түзу сызық бойынша қиып алуға 
болатын бөлігін айтады. Секцияның қиылған сызығының бойымен 
төсеме үстелде жайманы қиюға арналған жылжымалы секциялық 
сызғышты орнатады. Секцияларының биіктігі әртүрлі төсемдерді 
сатылы төсемдер деп атайды. 
Кәсіпорындарда материалдарды механикаландырылған және 
қолмен төсеуді пайдаланады. Қолмен төсеудің мәні – мұнда 
жұмысшылар төсеме үстелдің бүйір жағында тұрған материал 
орамын тарқатады. Жұмысшылар үстелді бойлай қозғалып, орамнан 
тарқатылатын жайманы тартады. Жайманың ұшын қысқыш 
сызғышпен бекітеді. Одан әрі орамға қайтып келіп, бір жұмысшы 
алдыңғы жайма бойынша материал жиегін теңестіреді, ал екінші 
жұмысшы жайманың бетін тегістейді. Одан кейін жайманы қиып, 
сызғыштармен қыстырады (КЛ-2, ЛП-1300, ЛП-1600 типтері). 
Үстелдің материал орамын тарқатуға арналған құрылғысының 
болғаны дұрыс, ол құрылғы не үстел деңгейінде, не одан 100...150 
мм төмен орналасуы тиіс. Аталмыш құрылғы материалды үстел 
бетінің бойымен тартқылаған кезде оның созылып кету дәрежесін 
азайтуға мүмкіндік береді. 
Қолмен 
төсеу 
жағдайларын 
жеңілдету 
үшін 
әртүрлі 
құрылғыларды қолданады: материал орамдарын осьіне (біліктеріне) 
ілетін кронштейндер, материал орамдарына арналған элеваторлық 
495


тағандар, жинақтағыштар. 
Механикаландырылған төсеу анағұрлым технологиялық тәсіл 
болып табылады. Ол төсеу процесінде пішілген бөлшектердің 
босаңдануына және олардың эталон-лекалоларға сәйкес келмеуіне 
әкелетін материалдың әркелкі керілуіне жол бермейді. Сонымен 
қатар, материалды механикаландырылған төсеу өнімділікті 
арттырып, жұмысты жеңілдетеді. 
Өнеркәсіпте 
пальтолық 
және 
костюмдік 
маталарды 
механикаландырылған төсеуге арналған жабдықтардың екі типін 
пайдаланады. Бірінші типтегі жабдықта матаны орамнан төсеу 
қарастырылған. Олар: материалды ұзын төсеме үстелдерде төсемді 
сатылап орналастырып құрама тәсілмен механикаландырылған 
төсеуге арналған МНК-1, МНК-2 кешендері (7.10-сурет) және 
жаймаларды тізбекті тәсілмен төсеуге арналған жартылай 
автоматты төсеу кешені (ЖТК). 
7.10
-сурет. Материал төсеуге арналған МНК-1 кешенінің сыртқы түрі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет