Материал төсеуді алдын ала қиылған тілімдерден не орамнан
жүргізуге болады.
Тілімдерді алдын ала есептеуде берілген жаймаларға қию төсеу
процесін жеңілдетіп, тездетеді, оны механикаландыруға мүмкіндік
береді.
Көбінесе негізгі маталарды тілімдерге алдын ала қияды.
Астарлы және қолданбалы материалдарды төсеу аймағына,
тілімдерге қимастан, береді.
Төсер алдында орамға оралған матаның қиылмаған бөлігін
кронштейндерді пайдалану арқылы үстелдің алдыңғы ұшына
бекітеді.
Қиылмаған орамдардан бір есепті төсеуді орындаған кезде
тізбекті, параллель және құрама төсеу тәсілдерін пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: