Шалбардың артқы бөлігі ..............Үстіңгі қиықтан 100...150 мм
және бүйір қиық сызығынан
150...250 мм арақашықтықта
Капюшон, шлем бөлшектері...... Ортасында
Белдемше сыналары ................... Үстіңгі
қиықтан
70...120
мм
арақашықтықта және ортасында
Негізгі
материалдың,
астардың,
шүйденің
нөмірленген
бөлшектерінің будаларын байланыстырады не
арнайы
белбеулермен бекітеді де, фурнитурамен бірге қаптайды және
ілеспе құжатпен бірге пішім қоймасына сақтауға жөнелтеді, ол
жерден қажеттілігіне қарай пішімді тігін цехына жібереді.
Әрбір өлшем мен бойдағы пішім будасына арналған материалды
есептеу картасының негізінде құрастырылған бағыттық қағаз
пішімнің ілеспе құжаты болып табылады. Бағыттық қағаз барлық
өндіріс учаскелерінде пішімді, жартылай фабрикатты және дайын
бұйымдарды жіберу кезінде есептік құжат рөлін атқарады. Онда
пішім будасын сипаттайтын барлық деректерді жазады, пішімнің
кімге арналғанын, сондай-ақ дайын бұйымның шығыс деректерін
көрсетеді. Әрбір бағыттық қағаз әдетте әрі кеткенде он бұйым
туралы деректерді қамтиды және бес данада жазылады. Бір данасы
пішу цехында не пішім қоймасында қалады, қалғандары пішім
будасымен бірге бұйымды құрастыру, әрлеу учаскелеріне және
дайын өнім қоймасына жіберіледі.
Пішім будаларын штабелер не кран-штабелер қызмет көрсететін
көп қабатты сөрелік стеллаждарда сақтауға кеңес беріледі.
Стеллаждардағы биіктік бойынша секциялар санын пішім қоймасы
орналасатын орынжайдың биіктігіне және будалар көлеміне
байланысты анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: