Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет309/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

496


7.8.
Екінші 
типті 
жабдықта 
орамнан 
ұзындығы 
төсемнің 
ұзындығына тең алдын ала қиылған жаймаларды төсеуді жүргізеді. 
Осы мақсат үшін екі машина қызмет етеді – өлшеуіш-кескіш және 
төсегіш машина. Біріншісі бір пішу картасына қосылған жаймаға 
арналған материалды қию үшін, екіншісі осы жаймаларды төсеу 
үшін қолданылады. 
М АТЕРИ АЛД АРДЫ ПІШУ 
 
Материалдарды пішу 
деп оларды төсемге арналған жекелеген 
жаймаларға қию (төсемдерді дайындаған кезде), бұл төсемдерді 
бөліктерге қию және бөлшектерді пішу түсініледі. Пішу өндірісінің 
келесі міндеттеріне пішілген бөлшектерді тігуге дайындау 
(нөмірлеу, суретті реттеу, көмекші сызықтар, кертпелер салу), 
бөлшектерді жинақтау, пішімді тігін цехына жіберу жатады. 
Төсемді қимас бұрын әуелі жаймалардың жиекпен тартылған 
шеттерін босату үшін, оның жақтарын жайылма жиегінің шеттерін 
бойлай қияды. Қиылған жиекті әдетте сақтап, қаптау үшін 
пайдаланады. 
Дайын төсемді тік не тегерікті пышақты жылжымалы пішу 
машиналарымен бөліктерге қияды (7.11-сурет). Тік пышақты ЭЗМ-2 
пішу машинасын биіктігі 130...150 мм төсемді жекелеген бөліктерге 
қию үшін (қатқыл пішім) немесе жекелеген ірі бөлшектерді дәлдеп 
қию үшін пайдаланады. Тегерікті пышақты ЭЗДМ-1 пішу 
машинасын биіктігі 50...70 мм төсемді қию үшін және 
конфигурациясы күрделі бөлшектерді қию үшін қолданады. Бұл 
машинаны әдетте көйлектік, астарлы, ішкиімдік және қолданбалы 
материалдар үшін пайдаланады. 
Тігін бұйымдарының бөлшектерін белгіленген контурлар 
бойынша қиюды 
пішу 
не 
өрнектеп қию 
деп атайды. 
Қиылған төсемнің бөліктері ақырғы пішу үшін стационарлық 
пішу машиналарына жіберіледі. Бұл жабдықтың екі типі болады – 
таспалы пышақты машиналар мен шапқыш баспақтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет