Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет311/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Термофизикалық тәсілдер 
– лазерлік, плазмалық және 
электрразрядтық. 
Л а з е р л і к қию тәсілі текстильді материалдарды сәуленің және 
лазердің күшімен ажыратуға негізделген. 
П л а з м а л ы қ тәсіл (микроплазмалық ағынның көмегімен) 
лазерлік тәсілген ұқсайды, бірақ одан өнімділік жағынан қалып 
қояды. Алайда ол қарапайыи әрі арзанырақ. 
Э л е к т р р а з р я д т ы қ тәсілде материалды разряд өрісінде 
электродтардың арасына қояды. Бұл тәсіл тесу кезінде ең тиімді 
тәсіл болып табылады. 
Термомеханикалық кесу 
екі кезеңде орындалады. Әуелі 
материалды жайылма контурларының бойымен термиялық тәсілмен 
ажыратады, одан кейін қосымша оны кескіш құралдың 
механикалық күшімен бөледі. Кесу аймағында материалды қыздыру 
жоғары жиілікті токтармен (ЖЖТ) жүзеге асырылады. Әдетте, 
ЖЖТ кесуді өнеркәсіпте поливинилхлоридті материалдарды 
дәнекерлеумен қатар қолданады (плащ дайындау кезінде). 
Қолданбалы материалдарды – бұйым қалталарының астарын, 
әртүрлі іштіктерді (ереже бойынша, сәйкестендірілген және 
стандартталған бөлшектер) – оларды пішуге деген қажеттіліктен 
басым болып, алдын ала пішкен үнемдірек. 
Аванстық пішу 
– барынша мүмкін болатнын биіктік пен 
ұтымды ұзындықтағы төсемді пішу. Аванстық пішу кезінде 
трафареттерді не жарық көшірмелерді қолданады, жаймаларды 
көбінесе 
механикаландырылған 
тәсілмен 
төсейді. 
Бөлшек 
жинақтарының саны және оларың өлшемдер мен бойлар бойынша 
арақатынасы берілген бұйым түріне арналған тапсырыстардың 
шамасымен келісіледі. Аванстық пішу бәрінен бұрын бір 
сұрыпталым 
бұйымдарын 
дайындауға 
мамандандырылған 
кәсіпорындарда жүзеге асырылады. 
Аванстық пішуді өрнектеп кесу әдісімен де жүзеге асыруға 
болады. 
Бұйымдарды өнеркәсіптік дайындау ең алдымен пішім дәлдігіне 
негізделетіндіктен, пішілген бөлшектер мұқият бақылаудан өтеді. 
Бақылаушы берілген бұйымға қатысты негізгі материалдан, 
астардан және шүйдеден қиылған бөлшектердің жинақтылығын 
тексереді. Пішілген бөлшектер будасы пішімінің дәлдігін үстіңгі 
және астыңғы бөлшектерді жұмыс лекалосына қойып, оларды 
бойлық бағытта және ең жауапты қиықтар бойынша лекаломен 
сәйккестендіре отырып, тексереді. Пішім бөлшектерінен ауытқулар 
анықталса, барлық буда бөлшектерін тексереді. Бөлшектерде 
кертпелер мен түйреуіштердің бар-жоғына көз жеткізеді, 
қиықтардың дәл емес жерлерін бормен айналдырады. Бөлшек 
499


қиықтарының лекалодан ауытқулары жол берілетін ауытқулардан 
аспауы тиіс (7.2-бөлімшені қараңыз). 
Бұл талаптарға сәйкес келмейтін бөлшектер өндіріске 
жіберілмейді. 
Тексерілген пішім бөлшектерінде белгі салу жүзеге асырылады: 
қалталардың, 
ілгектердің, 
қиылмаған 
бүкпелердің 
және 
басқаларының орналасатын жерлерін белгілейді. Бөлшектерді 
көмекші лекалолар бойынша шаншымдармен белгілейді, олардың 
диаметрі 2 мм-ден аспауы тиіс. 
Қиылған 
бөлшектерді 
нөмірлеуішпен 
ішкі 
жағынан 
штапмтайды. Беткі жағынан тек астарды, белбеуді, қорғаушы 
қақпақшаны, гульфикті, аспабауды және т.б. штамптайды. 
Нөмірлеуді бормен не қарындашпен орындауға болады. Оны 
машинаның көмегімен (түйреуіштермен), жабысқақ қағаз таспамен 
немесе материалда түйреуіштер мен желімнің іздері қалып қойса, 
қолмен жүргізуге болады. 
Будадағы барлық бөлшектерге реттік нөмірлер қояды. Бұл 
нөмірлер жақсы көрініп тұруы тиіс, бірақ бұйымды одан әрі өңдеуге 
кедергі келтірмеуі тиіс. Әрі қарай нөмірлік белгілердің пішім 
бөлшектеріндегі орналасатын орындары көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет