Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет5/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

6


1-тарау
1.1.
 
 
КИІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ. 
КИІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
 
 
 
ТІГІН БҰЙЫМДАРЫНЫҢ СЫНЫПТАМАСЫ ЖӘНЕ 
СҰРЫПТАЛЫМЫ
 
1.1.1. 
Жалпы мәліметтер
 
Киім адам денесін қоршаған ортаның әр түрлі әсерінен (ыстық, 
суық, ылғал, шаң-тозаң және т.б.) қорғайтын құрал ретінде 
пайдаланылады. Қоғамдық дамудың қазіргі сатысында киім деп 
өсімдік, мал тектес және жасанды материалдардан тігіліп, адамды 
қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайтын, ағзаның 
қалыпты жағдайын сақтайтын және сонымен қатар, оған көрік 
беретін әр түрлі заттарды айтады. 
Киім адамзаттың материалдық мәдениетінің элементтерінің бірі 
болып табылады. Адамзат қоғамының әрбір тарихи даму кезеңінде 
тігін бұйымдары өзгеріске ұшырап отырады. Ол қоғамдық 
құрылыстың, техника мен экономика дамуының, сондай-ақ ұлттық 
мәдениеттің өзіндік ерекшелігін, халық тұрмысының, көркемдік 
талап-талғамы мен салт-дәстүрлерінің талаптарын бейнелейді. 
Қазіргі әлемде киімнен белгілі бір дәрежеде адамның дербестігі 
көрініс табады. 
Іш киім, көйлек, бас киім, аяқ киім, биялай, шұлық сияқты және 
басқа да заттардың кең жиынтығын киім деп түсінеміз. 
Киім үнемі аймақтың климаттық жағдайларына қарай 
бейімделеді, сондықтан түрлі өңірлерде ол пішіні мен материалы 
жағынан әртүрлі болады. 
Әлемнің көптеген елдерінде жалпы еуропалық киім үлгілері 
(пиджак, шалбар – ерлер үшін; көйлек, белдемше, жекет және басқа 
да жиынтықтар– әйелдер үшін) қабылданған, осылардың негізінде 
әр 
түрлі 
әлеуметтік, 
географиялық 
және 
экономикалық 
ерекшеліктерге лайықты әрқилы киім түрлері қалыптасты. Қазір 
жалпы еуропалық киімдермен қатар ұлттық киім түрлері де үлкен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет