сұранысқа ие.
Тігін бұйымдарына: тұрмыстық, өндірістік және спорттық киім;
үй тұрмысына арналған заттар (майлық, дастарқан, сулық орамал,
төсек-орын тысы); техникалық бұйымдар мен жарақтар (автокөлік
тысқабы, ақшатыр, зат салатын қап және т.б.) жатады.
Тігін өнеркәсібі орталық ғылыми-зерттеу институтының
(ТӨОҒЗИ) сыныптамасы бойынша барлық киімдер екі класқа
бөлінеді: тұрмыстық және өндірістік.
Тұрмыстық киім
– әртүрлі тұрмыстық және қоғамдық
жағдайларда кибге арналған киім. Ол күнделікті киетін, салтанатқа
киетін, үйге киетін, спорттық киімдер болуы мүмкін. Сырт киім, іш
киім, корсетті бұйымдар, жағажай киімі, бас киім және киімге
жатпайтын тігін бұйымдары болып ажыратылады.
Тұрмыстық мақсаттағы сырт киімді
құрайтын тігін
бұйымдарының сұрыпталымы алуан түрлі болып келеді.
Киімдерді эксплутациялық талаптарын айқындайтын кіші
кластарға; заттық тиесілігі бойынша – топтарға; тігін бұйымдарын
жас-жыныс белгілері бойынша бөлетін топшаларға; әлеуметтік
функцияларына байланысты типтерге бөлу көзделеді. Әрбір киім
түрі оның пішіні мен силуэті жең және жағасының пішімін
анықтайтын үлгі құрылымына байланысты әртүрлі болады.
Сырт киімге корсетті бұйымдар мен іш киімнің сыртынан
киілетін киімдер және костюмді-көйлекті топ бұйымдары жатады.
Олар: пальто, жартылай пальто, плащ, пиджак, жилет, белдемше,
көйлек, халат, блузка, үстіңгі ішкөйлектер, комбинезон және
жартылай комбинезон жатады.
Іш киім
— корсетті бұйымдардың сыртынан немесе тікелей
денеге киілетін киімдер. Олар: астыңғы ішкөйлектер, ішкі
белдемшелер, жатарда киетін ішкөйлектер, жейделер, көйлекшелер,
шолақ дамбалдар, дамбалдар, ползунки және пижама.
Достарыңызбен бөлісу: