Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет7/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Корсетті бұйымдар 
– денеге тікелей киілетін, дененің 
жекелеген бөліктерін қалыптастырып, ұстап тұруға, сондай-ақ 
шұлықтарды ұстап тұруға арналған киімдер. Оларға кеудеше, 
корсет, жартылай корсет, грация, жартылай грация, шұлыққа 
арналған белбеу жатады. 
Жағажай киімі – 
денеге тікелей киілетін, суға түсуге және 
күнге күюге арналған киімдер. Жағажай киімдері: плавки, 
шомылуға арналған жиынтық (кеудеше мен шолақ дамбал), 
шомылу киімі. 
Бас киім 
— адам басын жауып тұратын бұйымдар. Бас 
киімдерге құлақшын бөрік, фуражка, күнқағарсыз, кепке, қалпақ, 
берет, шлем, жокейка, пилотка, капор, телпек, тақия жатады. 
Киімге жатпайтын тігін бұйымдарына
төсек-орын тысы, 
8


төсек жаймалары, жастыққап, сейсеп, жөргек, ақжайма, сырылған 
көрпе, жамылғы, нәресте жөргекқалтасы жатады. 
Өндірістік киім 
– өндірістік жағдайларда киюге арналған 
киімдер. Өндірістік киімдерді арнайы, санитариялық және 
формалық киім деп бөледі. Өндірістік киім өнеркәсіптің барлық 
салаларында жаппай мамандық жұмысшылары үшін қолданылады; 
олар өндірістік қатерден қорғауды қамтамасыз етеді. Өндірістік 
киімнің негізгі түрлері халат пен алжапқыш болып табылады. 
Арнайы киім 
— жұмысшыны қауіпті және зиянды өндірістік 
факторлардан қорғауға арналған өндірістік киім. Арнайы киім 
жұмысшыларды қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды. 
Арнайы киімнің негізгі түрлеріне плащ, куртка, комбинезон, 
мақталы куртка, шалбар жатады. Арнайы киім ылғалдан, 
радиоактивті ластанудан, қышқылдан, мұнай-майдан қорғайтын, 
жалпы мақсаттағы, шаң-тозаңнан, органикалық еріткіштен, 
жылудан, химиялық уыттан, сілтіден, электрден қорғайтын 
киімдерге бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет