жағдайда киетін, спортпен айналысқанда киетін.
Ж а с - ж ы н ы с е р е к ш е л і г і н е қ а р а й
киім ерлер, әйелдер,
балалар киімі болып бөлінеді. Өз кезегінде,
балалар киімі
нәрестелерге арналған (9 айға дейін), балабақша жасындағы
балаларға арналған (9 айдан 3 жасқа дейін) киім және мектепке
дейінгі жастағы балаларға (3 жастан 7 жасқа дейін)
арналған киім,
бастауыш мектеп жасындағы балаларға (7-ден 12 жасқа дейінгі
ұлдар мен 7-ден 1155 жасқа дейінгі қыздар) арналған киім,
үлкенірек жастағы балаларға (12,5-тен 15,5 жасқа дейінгі ұлдар мен
11,5-тен 14,5 жасқа дейінгі қыздар) арналған киім, жасөспірім
жастағы балаларға (15,5-тен 18 жасқа дейінгі ұлдар және 14,5-тен 18
жасқа дейінгі қыздар) арналған киім болып бөлінеді.
Ерлер мен әйелдер киімі үш жас тобына арналып шығарылады –
кіші, орта және үлкен. Әйелдердің денебітіміндегі іш шодыры
ескеріле отырып, мықын айналымына және ерлерде бел
айналымына қарай (кейде айналымы бірдей)
ересектер киімі төрт
толықтықта шығарылады: 1...4.
Еуропа елдерінің арасындағы өзара ірі тауар айналымына, оның
ішінде киім саудасына байланысты, әйелдер, ерлер, қыздар мен
ұлдар киімдерінің өлшемдеріне арналған стандарттар әзірленген.
Әйелдер мен ерлер бұйымдарының өлшемдік көрсеткіштері
тауар құлақшасында әйелдер киімі үшін бой ұзындығының,
кеуде
айналымының, мықын айналымының толық шамаларымен және
ерлер киімі үшін бой ұзындығының, кеуде айналымының, бел
айналымының толық шамаларымен белгіленеді (1.1-сурет).
Мысалы, бой ұзындығы 158 см, кеуде айналымы 100 см, мықын
айналымы 108 см типтік денебітіміне арналып дайындалған әйелдер
киімі үшін, тауар құлақшасында «өлшемдер» жолы былай
толтырылады: 158—100—108. Бой ұзындығы 170 см, кеуде
айналымы 100 см, мықын айналымы 88 см үлгілік денебітіміне
арналып дайындалған ерлер киімі үшін,
тауар құлақшасында
«өлшемдер» жолы былай жазылады: 170—100 — 88. Ерлердің
үстіге киетін ішкөйлектері үшін бой ұзындығымен және кеуде
айналымымен қатар мойын айналымы да өлшемдік белгі болып
табылады. Мысалы, бой ұзындығы 158 және 164 см, кеуде
айналымы 100 см, бел айналымы 88 см, мойын айналымы 41 см
денебітіміне арналып дайындалған ішкөйлек үшін,
тауар
құлақшасында «өлшемдер» жолы былай толтырылады: 158, 164—
100— 88 — 41.
Достарыңызбен бөлісу: