біріктіру тігістерінде) бөлшектер тігістің екі жағында да жатады.
Жиек тігістер бөлшек жиектерін не қиықтарын өңдеу үшін
қолданылады. Бөлшектер тігістің бір жағында орналасады (мысалы,
бұйым етегі мен жең ұшын өңдеу тігістері, өңірді, жағаны өңдеу
тігістері).
Әрлегіш тігістер бөлшекті және барлық бұйымды әрлеуге
арналған. Бұл тігістер белгілі бір силуэтті құру үшін қолданылады
(алдыңғы бойдағы, артқы бойдағы белдемше ендеріндегі, бедерлі
сызықтар, әртүрлі қатпарлар және т.б.).
Тігіс конструкциясына (яғни, тігісте бөлшектер мен тігімдердің
орналасуына), материал тігімі мен бекітілетін қабаттарының
санына, тігіс қосымшаларының шамасы мен қалпына қарай оларды
түрлер (біріктіру, жиек және сәндік) мен түршелер бойынша
топтастырады.
Достарыңызбен бөлісу: