1.48
-сурет. Қайықтық сызықтық инешаншымның екі жіпті тігімі
Ө т п е л і т і з б е к т і и н е ш а н ш ы м бір жіпті және екі жіпті,
сызықтық және ирек болуы мүмкін. Бір жіпті тізбекті ілмекөрім
тігімі үстіңгі бөлшек жағынан қайықты ілмекөрім тігіміне ұқсайды,
ал астыңғы бөлшек жағынан оның түрі жазық тізбек болып көрінеді
(1.50-сурет). Бұл тігімді бөлшектерді уақытша біріктіру және бекіту
үшін қолданады (көктеу, бүгіп көктеу, айналдыра көктеу кезінде).
Тізбекті ілмекөрімнің жазық тізбегі материалдың беткі жағынан
да орналасуы мүмкін. Мұндай жағдайда ол кестелеу үшін
пайдаланылуы мүмкін.
Бір жіпті тізбектік ілмекөрімнің и р е к т і г і м і (1.51-сурет)
құрылымы
жағынан
бір
жіпті
сызықтық
тігімнен
инешаншымдардың иректеліп орналасуы бойынша өзгешеленеді.
Оны әйелдер көйлектерінде, ерлер іш көйлектерінде, шалбарларда
және т.б. түзу ілгектерді жиектеп торлау үшін қолданады.
Тізбекті ілмекөрімнің с ы з ы қ т ы қ е к і ж і п т і ө т п е л і
т і г і м і (1.52-сурет) екі жіппен – үстіңгі және астыңғы жіппен
жасалады. Материалдың үстіңгі жағынан бұл тігім қайықты
ілмекөрім тігіміне ұқсайды, ал астыңғы жағынан дөңес тізбекке
ұқсайды. Ол іш киім мен трикотаж бұйымдарының, шалбарлардың
және т.б. бөлшектерін біріктіру үшін қолданылады.
1.49
-сурет. Ирек қайықты инешаншымның тігімі
Достарыңызбен бөлісу: