Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет50/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   321
Құрама тігімдер 
ілмекөрім жағынан бірдей не әртүрлі 
инешаншымдармен жасалады және екі инелі машиналарда 
орындалады. 
1.56
-сурет. 
Тізбекті 
жиектемелі 
инешаншымның бір жіпті тігімі
1.57
-сурет. 
Тізбекті 
жиектемелі 
инешаншымның екі жіпті тігімі
76


 
 
1.58
-сурет. 
Тізбекті 
жиектемелі 
инешаншымның үш жіпті тігімі
1.59
-сурет. Қайықты ілмекөрімнің 
аралас үш жіпті тігімі
Ілмекөрімі жағынан бірдей тігімдерде ілмекөрім параллель және 
бір-бірінен белгілі бір арақашықтықта орналасады (1.59-сурет), бұл 
ретте тігімдер арасындағы арақашықтық бұйым түрі мен модельге 
қарай өзгеруі мүмкін. Тізбекті екі жіпті ілмекөрімнің құрама екі 
жіпті тігімін (1.60-сурет) шалбарлардың ортаңғы қиықтарын сырма 
тігіспен біріктіру кезінде қолданады.
Ілмекөрімі жағынан әртүрлі екі сызықтық тігімдерде құрама 
тігімдер бір мезетте өтпелі тізбекті екі жіпті және екі не үш жіпті 
жиектемелі инешаншымдармен жасалады, осыған байланысты олар 
сырмалы-жиектемелі атауына ие. Құрама тігімдер бөлшектердің 
қиықтарын бір мезетте жиектей отырып, оларды біріктіру үшін 
қызмет етеді (1.61-сурет). Мұндай тігімдерді көйлектегі, іш 
көйлектегі, іш киімдегі бөлшектерді біріктіру үшін қолданады.
Екі үстіңгі жіппен және бір астыңғы жіппен бастырмаларды 
дайындау үшін (1.62-сурет) және әрлегіш тігімдер ретінде 
қолданылатын үш жіпті тізбекті тігім жасау арқылы орындалатын 
тігім құрама тігімдердің бір түрі болып табылады.
1.60
-сурет. Тізбекті екі жіпті ілмекөрімнің құрама екі сызықтық тігімі
77


 
 
1.61
-сурет. Тізбекті екі жіпті 
ілмекөрімнің және жиектемелі 
тізбекті ілмекөрімнің құрама екі 
сызықтық тігімі
1.62
-сурет. 
Бастырма 
дайындауға 
арналған 
үш 
жіпті тізбекті ілмекөрімнің 
құрама екі сызықтық тігімі
Бұл тігімдерді қолдану тізбекті өңдеуді параллель өңдеумен 
алмастыру мүмкіндігінің арқасында еңбек өнімділігін арттыруға 
ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет