2.2.3. Қиықтарды өңдеу Қиықтарды өңдеу бұйымды пайдалану кезінде бөлшек жиектерінің
сетінеп кетуінің алдын ала отырып, оларды бекіту үшін жүргізіледі.
Астарсыз бұйым бөлшектерінің қиықтары жиектеп торлайды,
шеттіктейді не бүгіп көктейді.
Қиықтарды екі, үш не төрт жіптік тізбекті инешаншымды жиектеу
машинасында жиектейді. Жиектеу тігісінің ені 3,5-ден 6 мм-ге дейін
өзгереді. Жиектеу тігісінің үлкен ені сетінеуге барынша төзімді бөлшек
шетін алуға мүмкіндік береді.
Жұқа маталардан жасалған бұйымдарда екі бөлшектің қиықтарын
қайым тігіспен біріктіргеннен кейін бір мезетте жиектейді (2.1-сурет,
а ). Қиықтар бөлшектерді арнайы екі инелі машинада сырып тігумен
қатар жиектелуі мүмкін. Қалың маталардан жасалған, қайым тігіспен
біріктірілетін бөлшек қиықтарын бөлшектерді сырып тіккенге дейін не
одан кейін жиектеп торлайды, бұл ретте әрбір қиықты жеке жиектеп
торлайды (2.1-сурет,
б ).
Бөлшек қиықтарын жоғары сападағы бұйымдарды дайындау
кезінде немесе қалың тегіс жіптерден ұзын жабындары бар, болбыр
құрылымды матадан пішілген бөлшек қиықтары арқау не арқаужіп
бағытында орналасқан жағдайда шеттіктейді. Екінші жағдайда
қиықтарды жиектеу өңдеудің жақсы сапасына қол жеткізуге мүмкіндік
бермейді, өйткені жиектеу тігімі матаның екі-үш шеткі жіптерін ғана
қамтып, мата құрылымына әлсіз бекиді де, бөлшек жиегінен тез
сырғып кетеді. Өнеркәсіптік жағдайларда шеттіктеуді арнайы
құрылғысы бар бір инелі машинада орындайды (2.1-сурет,
в, г ).
Қиықтарды шеттіктеу үшін жеке тігу кезінде көлбеу көмкермені
қолдана отырып, ашық қиықты шеттіктеу тігісін пайдаланады (2.1-
сурет,
д ).
Егер арнайы жиектеу машиналары болмаса, астарсыз бұйым
бөлшектерінің қиықтары ішкі жағынан ашық қиықты бүктеме тігіс пен
бүгіп көктелуі мүмкін (2.1-сурет,
е ). Қиықты бүгіп көктеу қос-