сипаттаманың нашар қайталанушылығы Оған қоса, олар өлшенетін
температураның салыстырмалы тар диапазонына ие.
Жартылай өткізгішті интегралдық тетіктер (11.2, г-сурет)
түрлену сипаттамасының жоғары сызықтығымен сипатталады,
бірарқ ол өлшенетін температурасының шектеулі диапазонына ие
(150...200°С дейін) жəне оған қоса, сыртқы қорек көзінің болуын
қажет етеді.
Кварцті резонаторлар негізіндегі тетіктерде (11.2, д-суретте)
шығыс шама температура өзгерген кездегі тербелістің резонанстық
жиілігін өзгерту болып табылады. Мұндай тетіктер біршама жоғары
дəлдікті қамтамасыз етеді, шынында, температураның тар
диапазонында. Оған қоса, көбінесе мұндай тетіктердің түрленуі
сипаттамаларының
негізгі
параметрлері
жəне
олардың
температуралық коэффициенттері стандартталмаған жəне жеке
градустауды қажет етеді.
Барлық аталған тетіктер əртүрлі құрылымдық орындалуда
шығарылады, бұл əртүрлі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
сұйықтықтармен, газдармен, себілмелі орталармен, əртүрлі
профильдегі, əртүрлі температуралық диапазондардағы беттермен
жəне т.б. жұмыс істеу. Беттік өлшеулерге арналған, серіппелі,
əуелік, магниттік тетіктер (ферромагниттік, мысалы, блоатты
беттерде жеңіл бекітіледі), «жабысқақ» таспада бекітілген тетіктер,
мойынтіректегі тетіктері жəне т.с.с бар.
Өлшеудің əртүрлі құралдарында іске асырылған контактілік
электрлік
əдістер
осындай
түрлендіргіштер
негізінде
температураның жеткілікті кең диапазонында жұмыс істеуге
мүмкіндік береді (-200... +2 000 °С). Мұндай температураның
контактілік өлшегіштерінің қателігі біріншілік өлшеуіштік
түрлендіргіштердің сапасына ғана емес, сонымен қатар тетік-
өлшеуіш байланыс желісін ұйымдастыруға, сонымен қатар
екіншілік түрлендіргіштердің сипаттамаларына байланысты болады.
Мұндай термометрлердің қателіктерінің типтік мəндері ±(0,2.1) %,
бірақ кейбір үлгілерде ±(0,01.0,1) % қателіктер мəндерін алуға
болады. Өлшеу нəтижелерінің типтік сезімталдығы - Цельсий
градусының үлестері.
Достарыңызбен бөлісу: