Физикалық шамалар бірлігінің тарихи бірінші жүйесі ретінде
1791 ж.Франция Ұлттық жиналысымен қабылданған
метрлік өлшем
жүйесі қабылданды. Ол заманауи түсінікте əле де бірлік жүйесі
болған жоқ, бірақ негізіне екі бірлік: метр мен килограмм қойылған
ұзындық, аудан, көлем, сыйымдылық жəне салмақ бірліктерінен
тұрды.
1832 ж. неміс математигі К.Гаусс негізгі жəне туындылардың
жиынтығы ретінде бірлік жүйесін құрудың əдістемесін ұсынды. Ол
бірлік жүйесін құрды, онда негіз ретінде бір бірінен тəуелсіз үш
бірлік ұзындық, салмақ жəне уақыт бірлігі қабылданды. Барлық
қалған бірліктерді осы үш бірлік көмегімен анықтауға болатын.
Белгілі түрде үш негізгі ұзындық, салмақ жəне уақыт бірліктерімен
байланысты бірлік жүйесін К.Гаусс
абсолюттік жүйе деп атады.
Негізгі бірлік ретінде ол миллиметр, миллиграм жəне секундты
қабылдады.
Одан кейін ғылым мен техниканы дамуымен өлшеудің метрлік
жүйесіне негізделетін, бірақ бірінен бірі негізгі бірліктермен
ерекшеленетін К. Гаусс ұсынған принцип бойынша құрылған
физикалық шама бірліктерінің жүйесінің қатары пайда болды.
Физикалық шамалар негізгі бірлік жүйелерін қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: