• салыстырушылық (өзгерістерге ұшырамау жəне салыстыру
жүргізу кезінде қандай да бір бұрмалаушылықтар енгізбеу).
Мемлекеттік эталондар ұлттық дəулеттік көрсетеді жəне
сондықтан да елдің метрологиялық институттарында арнайы
эталондық ғимараттарда сақталуы тиіс, онда ылғалдылық,
температура, тербеліс жəне басқа да параметрлер бойынша қатаң
режим сақталады. Халықаралық масштабта физикалық шамалардың
өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін ұлттық мемлекеттік
эталондарды халықаралық салыстыру үлкен мəнге ие. Бұл
салыстырулар ұлттық эталондармен бірліктердің жүргізудің
жүйелік қателіктерін анықтауға, ұлттық эталондардың халықаралық
деңгейлерге қаншалықты сəйкес келетіндігін орнатуға жəне ұлттық
(мемлекеттік) эталондарды жетілдіру жолдарын белгілеуге
көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: