Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет41/216
Дата06.01.2022
өлшемі4,38 Mb.
#14749
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   216
Байланысты:
Шишмарев Өлшеу құралдары. Оқулық

3.3. 
Ресейдің эталондық базасы 
1970  жж.ортасынан  метрологтардың  тұрмысына    «Елдің 
эталондық  базасы  өзінің  метрологиялық  жəне  техникалық 
сипаттары бойынша артта қалмайды, ал көптеген жағдайларда тіпті 
үздік  шет  елдік  аналогтардан  артық»  деген  сөз  кіріп,  нығайды 
(шаблон  сияқты).  Біршама  жоғары  болғандығына  қарамастан  бұл 
сөз  нақты  жағдайға  абсолюттік  нақты  сəйкес  келді.  1975  жылдың 
соңына  қарай  эталондық  база  тура  100  мемлекеттік  эталонды 
санаған.  Ал  егер  нақты  айтсақ,  онда  дəл  1975  жылғы  31 
желтоқсанда  Мемстандарт  алқасының  отырысында  антенналық 
өлшемдер  саласындағы  97,  98,  99  жəне  100-ші  мемлекеттік 
эталондар  бекітілген  («100  мемлекеттік  эталонды  əзірлеу  жəне 
бекіту»  -  Мемстандарттың  ІХ  бесжылдыққа  жоспардың  бірінші 
тармағы осындай болды). 
Елдің  ресми  эталондық  базасын  құру  үлкен  мəнге  ие  болды. 
Осыдан,  ол  өндірістің  барлық  салаларында  түбегейлі  өзгеріс  үшін, 
қоғамдық 
өндірістің 
тиімділігін 
арттыруда, 
экономиканы 
қарқындатуда, 
халықаралық 
престижді 
нығайтуда, 
елдің 
қорғаныстық  қабілетін  күшейтуде  кең  мүмкіндіктерді  ашқан  ірі 
ғылыми жару болды. 
Әлбетте,  бастапқы  (яғни  дəлдігі  бойынша  ең  жоғары)  өлшеу 
құралдары  (немесе  шамалары)  біздің  елде  бұрын  да  болған. 
Осылайша,  1835  жылғы  11  қазанда,  Сенатқа  берілген  атаулық 
нұсқаумен  Ресейлік  шамалар  мен  өлшемдердің  жүйесі  бекітілді, 
онда  негізгі  шамалар  ретінде  құлаш,  фунт,  шелек,  ширек  жəне 
аптекарлық фунт (ресейлік фунттың 7/8) қабылданды. Бірақ та бұл 
жүйе  басқа  мемлекеттердің  жүйелерімен  өзара  қиыстырылмаған 
болатын  жəне  тек  1889  жылы  Ресей  30  алдыңғы  қатарлы  
мемлекеттері  үшін  ұқсас  халықаралық    метр  мен  килограм 
прототиптерінің иегері атанды. Бұл 
54 


прототиптерге  кейін  КСРО  Мемлекеттік  эталондары  мəртебесі 
берілді. 
1971  жылы  КСРО  Мемстандарты  21  мемлекеттік  эталонды 
мемлекеттік 
стандарттармен 
бірге 
мемлекеттік 
тексеру 
сұлабаларына  ресми  бекітті,  онда  жұмысшы  өлшеуіш  аспаптарға 
бірліктердің  өлшмдерін  беру  тəртібі  мен  эталондардың  сипаттары 
бекітілді.  Алғашқы  мемлекеттік  эталондар  қатарында  елдегі 
ұзындық, масса, күш, қысым, температура, жазық бұрыш, электлік 
ток  күші,  жарық  күші  жəне  т.с.с  өлшеу  саласындағы  біршама 
кеңінен  таралған  эталондар  болды.  Олардың  барлығы  негізінен  
Д.И.Менделеев  атындағы  Бүкілресейлік  метрология  ғылыми-
зерттеу институтында болды. 
1980  жж.  соңына  қарай  елдің  эталондық  базасын  70  физикалық 
шамалардың  бірлік  өлшемін  сақтауды,  жаңғыртуды  жəне  беруді 
қамтамасыз  еткен  146  мемлекеттік  эталон  құрады.  Эталондық 
базаның  екінші  элементі  -  мемлекеттік  эталондарды  құру 
техникалық жəне экономикалық-мақсатсыз, бірақ сонымен қатар ел 
үшін  бастапы  шамаға  ие  болуы  қажет  болған,  анықталған 
өлшеулердің  салаларында  шама  бірліктерін  жаңғырту  үшін 
тағайындалған  жоғары  дəлдікті  орнату  (ЖДО)  кешені  туралы 
ұмытпау 
керек. 
Жоғарыда 
аталған 
мерзміге 
осындай 
қондырғылардың  саны  66  кұрады  жəне  олардың  барлығы 
Мемстандарттың метрологиялық институттарында құрылды. 
КСРО  құлағаннан  кейін  мемлекеттік  эталондар  мен  жоғары 
дəлдік  қондырғыларының  (ЖДҚ)  бірқатары  шет  елде  қалды 
(Украинада,  Грузияда  жəне  Арменияда),  ал  Ресейдің  эталондық 
базасының құрамы 146 мемлекеттік эталондардан 115-ке дейін жəне 
66 ЖДҚ-дан 56-ға дейін қысқарды. 
Бірақ  та  қысқа  мерзімде  эталондық  базадағы  “кемтіктер”  Ресей 
Мемстандартымен 
толықтырылды 
жəне 
бүгінде 
өлшеу 
облыстарының  ешқайсысы  делік  жоғары  өлшеу  дəрежесінсіз 
қалмады. 
Бүгінде  Ресейдің  эталондық  базасы,  бұрынғыдай  өнеркəсіпті 
метрологиялық  қамтамасыз  етудің  орталық  элементі  болып 
табылады. Эталондық базаның деңгейі соңында барлық техникалық 
өлшемдердің деңгейін анықтайды, себебі дəл мемлекеттік эталондар 
мен  ЖДҚ    дұрыс  жəне  нақты  өлшеу  ақпаратын  алу  үшін 
объективтік 
негізді 
құрады 
(өнімдердің, 
шикізаттың, 
материалдардың,  энергоресурстардың  саны  мен  сапасы  туралы), 
яғни  метрологияның  негізгі  тəжіриблік  міндеті  -  өлшем  бірлігін 
қамтамасыз ету үшін. Эталондық базада нақты сандарға негізделген 
есептер  бойынша  экономикалық  аспект  анық  жəне  айқын 
өрнектелген,  эталондық  базаны  енгізу  мен  жұмыс  істеуінен 
экономикалық  тиімділі  орта  есеппен    10:1  құрайды,  яғни  1 
р.шығынға  10  р.əсер.  Сонымен  қатар,  эталондарды  əзірлеу  кезінде 
орындалатын  іргелі физикалық зерттеулер, ғылымның, техника мен 
технологияның қазіргі 
55 


 жетістіктерін  мұқият  жəне  жан-жақты  талдау  əдетте  басқа  да 
ғылыми-зерттеу  жəне  тəжірибелік-конструкторлық  əзірлемелерде 
қолданысқа ие екендігін айтқан жөн. 
Эталондық  база  (бүгінде  122  мемлекеттік  эталон  мен  80  ЖДҚ 
оған кірмейді) жеткілікті “беріктік қорымен” құрылған, себебі елдің 
эталондық  базасының  озық  дамуының  концепциясында  құрылған. 
Бірақ  көптеген  мемлекеттік  эталондар  бірнеше  ондаған  жылдар 
бойы пайдаланылатындығын ескерген жөн. Бұл уақытта техникалық 
өлшемдердің  деңгейі  артты,  өнімдер  мен  технологиялық 
процесстердің  жаңа  түрлері  құрылды,  өнімдердің  сапасына 
қойылатын талаптар артты. Эталондардың физикалық тозуы туралы 
да ұмытпаған жөн. 
Ресей 
Мемстандартымен 
жəне 
оның 
басты 
ғылыми 
метрологиялық  орталықтарымен  Ресейдің  эталондық  базасының 
дамуы  бағдарламасы  дайындалды,  ол  қолданыстағы  эталондарды 
жетілдіруді,  жаңа  эталондарды  құру  жəне  электрлік,  магниттік, 
температуралық  жəне  теплофизикалық  өлшемдер,  оптикалық 
сəулеленудің  салмағын,  шығынын,  параметрлерін  жəне  т.б. 
өлшемдер  саласындағы  өзаа  байланысты  эталондар  жүйесі  мен 
жаңа  эталондарды  құруды,  сонымен  қатар  төтенше  жағдайларда, 
ерекше  орталада  өлшемдердің  бірлігін  қамтамасыз  ету  үшін 
эталондарды қолданыу саласын кеңейтуді қарастырады. 
Бағдарлама 
негізіне 
қаланған 
алдыңғы 
қатарлы 
тенденциялардың  бірі  мемлекеттік  эталондардың  дəлдігін  тұрақты 
арттырудың  дəстүрлі  тенденцияы  болып  табылады.  Бұл 
тенденцияның  төзімділігі  ең  алдымен,  мемлекеттік  эталондармен 
қамтамасыз  етілеін  физикалық  шамаларды  өлшемдің  шекті  дəлдігі 
деңгейінде  жаратылыстану  ғылымдары  саласындағы  ғылыми 
зерттеулердің  біршама  тиімді  прогресі  жүреді,  ол  ең  соңында 
қоғамдық өндіріс технологиясында біршама анық ілгерілеуді береді. 
Әдетте,  бұл  “ғылыми  жарылысты”  талап  етеді,  яғни 
жаратылыстану  ғылымдары,  ғылыми  аспап  жасау,  техника  жəне 
өнеркəсіптің 
заманауи 
жетістіктерін 
пайдалану 
негізінде  
аппаратуралардың 
жаңа 
əдістерін, 
технологияларын 
жəне 
конструкцияларын құру. 
Мысал  ретінде  Джозефсон  əсерін  пайдалану  негізіндегі 
вольттың  мемлекеттік  эталонын,  холловск  кедергісін  кванттау 
əсеріндегі  омның  мемлекеттік  эталонын,  Авогадро  тұрақтысын 
пайдалану  арқылы  килограммның  перспективалық  эталонын  алуға 
болады. 
Эталондық  базаның  дамуының  екінші  тенденциясы  жекелеген 
эталондар  мен  олардың  жиынтығынан  іргелі  физикалық 
константалар  мен  тұрақты  физикалық  құбылыстарды  пайдалану 
негізінде  өзара  байланысты  табиғи  эталондар  жүйесіне  өту  болып 
табылады.  Осылайша,  лазерлік  технология  негізінде  уақыт,  жиілік 
жəне 
56 


ұзындық  эталондар  біріктіру  ұзындық  өлшемнің  дəлдігін  250  емес 
арттыруға мүмкінідк берді (5 · 10
-9-
нан 2 · 10
-11
-ға дейін). 
Эталондық  базаны  дамытудың  тиімді  бағыттарының  қатарына 
сонымен  қатар  шама  бірліктері  өлшемінің  беріліс  жүйесінің 
сатыларан санын  қысқартуды  жатқызуға  болады. Жалпы  айтқанда, 
мемлекеттік  эталонның  дəлдігі  бұл  ретте  солай  қалады,  бірақ 
разрядтық  жұмысшы  эталондардың  аз  саны  есебінен  дəлдік 
шығынының  қысқаруы  мемлекеттік  эталонның  негізгі  сапасын  - 
техникалық  өлшемдердің  қажетті  дəлдігін  қамтамасыз  етуге 
мүмкіндік  береді.  Бірақ  та  эталонға  жүктемені  арттыру  (онда 
аттестатталатын  жұмысшы  эталондардың  саны  артады)  оның 
конструктивтік  жетілуін,  эталондағы  жұмыстарды  автоматтандыру 
деңгейін  арттыру,  оның  жеткілікті  техникалық  ресурсын 
қамтамасыз ететін басқа да жұмыстарды қажет етеді. Бұл жағынан 
шекті  маңызды  іс  шама  бірліктерін  жаңғыртуды  жекелеу 
ұсынылады. 
Мұның  барлығы  Ресей  Мемстандартының  метрологтары 
Ресейдің  эталондық  базасын  жетілдіру  қандай  бағыттар  бойынша 
жəне  қандай  артықшылықтармен  анықтағандығын  көрсетеді.  Бірақ 
та  айқыш  жеткіліксіз  бюджеттік  қаржыландыру  тым  болмағанда 
бірінші кезектегі жұмыстарды толықтай ашуға мүмкіндік бермейді. 
Бюджеттіктен  басқа  елдің  эталондық  базасын  дамытуды 
қаржыландырудың басқа да көздері қарастырылады. 
Осылайша, 
толықтай 
шынайы 
болып 
аккредиттелген 
ұйымдарды  тексеру,  калибрлеу,  жұмысшы  эталондарды  жəне 
жұмысшы  өлшеу  құралдарын  аттестаттау  кезінде  алынған 
табыстардан  аудару  есебінен  орталықтандырылған  қорды  құру 
ұсынылады.  Мұндай  бағыттың  заңды  легитимділігі  мұндай 
ұйымдардың  табыс  алу  үшін  метрологиялық  бүтінділігі  тек 
мемлекеттік эталондар - Ресей Мемстандартының интеллектуалдық 
жеке  меншігімен  (қазірде  Техникалық  реттеу  жəне  метрология 
бойынша  Федералдық  қызметпен)  ғана  қамтамасыз  етілуі  мүмкін 
екендігімен негізделген. 
Ресейдің  эталондық  базасы  кейбір  түсінікте,  мысалы  Алмазды 
қор  немесе  табиғи  ресурстар  ретінде  біздің  еліміздің  ұлттық 
байлығы  болып  табылады.  Эталондарда  ғылым,  техника, 
технологияның  барлық  жаңа,  алдыңғы  қатарлы  жетістіктері  іске 
асырылады,  елдің  ғылыми-техникалық  əлеуеті  шоғырланады. 
Эталондық  базаның  қуаттылығын  өсіріп,  «дəлдік  пен  беріктік 
қорын»  құрып,  метрологтар  ертеңгі  күн  үшін,  əлі  жасалмаған 
ашулар  үшін,  əлі  игерілмеген  өнімдер  мен  технологиялар  үшін 
жұмыс  істейді.  Дəл  осы  себепті  елдің  эталондық  базасын 
жетілдіруді  ғылыми-техникалық  прогресс  пен  халықаралық 
интеграцияның  маңызды,  басым  міндеттерінің  бірі  деп  есептеген 
жөн. 
57 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет