Кейде мұндай сұлбаларға манганинді немесе мысты өткізгіштерден
жасалған термиялық өтеуші элементтерді қосады.
Түзеткіш өлшеуіш аспаптарды жоғары жиілік токтарымен
тізбекті пайдаланған кезде жартылай өткізгішті диодтардың
сыйымдылық əсерімен байланысты өлшеулердің қосымша
қателіктері туындайды. Бұл қателіктерді əртүрлі тəсілдермен
азайтуға болады. Олардың ішіндегі біршама таралғаны -
конденсаторлар көмегімен жиілікті қателікті өтеу.
Түзеткіш өлшеуіштік аспаптардың артықшылықтары: жоғары
сезімталдық, қуаттылықты аз өзіндік тұтыну, кең жиілікті диапазон
- 20 кГц-ке дейін (ол түзеткіште қолданылған диодтардың жиілікті
қасиеттерімен
шектеулі).
Бұл
аспаптардың
кемшіліктері:
сипаттамаларының сызықтық еместігі (диодтардың вольт-амперлік
сипаттамаларының сызықтық еместігі салдарынан), жоғары емес
дəлдік (1,0 санатынан жоғары емес) жəне қоршаған ортаның
температурасы мен өлшенетін токтың қисығының формасына
көрсеткіштердің тəуелділігі.
Түзеткіш өлшеуіштік аспаптар өнеркəсіптік жəне жоғары
жиілікті тұрақты жəне айнымалы токтардың тізбектерінде көп
диапазонды комбинирленген аспаптар ретінде ең көп таралымға ие
болды. Бұл аспаптардың өлшеу диапазондарын кеңейту үшін
түзеткіш сұлбасынан тыс қосылатын шунтирлеуші жəне үстеме
резисторлар пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: