Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет174/216
Дата06.01.2022
өлшемі4,38 Mb.
#14749
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   216
Байланысты:
Шишмарев Өлшеу құралдары. Оқулық

Жылулық  өлшеу  аспаптары  Жылулық  өлшеу  аспаптарының 
негізгі  элементтері  -  термоэлектрлік  түрлендіргіш  жəне  магниттік 
электрлік өлшеу механизмі. Термоэлектрлік түрлендіргіш өлшенген 
ток  ағымы  мен  термобуы  бар  өткізгіштен  тұрады.  Түрлендіргішті 
дайындау үшін ағынды ток əсерінен ұзақ уақыт қызуға жол беретін 
нихром  немесе  константанның    қорытпаларын  қолданады. 
Термобулар  -  қыздыруға  байланысты  термоЭҚК  алуға  мүмкіндік 
беретін  екі  əр  түрлі  металдардың  қосылысын  көрсетеді.  Ағатын 
токтың  əсерінен  туындайтын  термоЭҚК  мəні  термобулардың 
жалғанған  жəне  бос  ұштарының  температурасының  айырмасына 
пропорционалды. 
E
T
 α
T
 
с
 - θ
св
), 
мұнда α
т
 — термобудың температуралық коэффициенті; 0
с
 жəне 0
св
 
—  термобудың  сəйкесінше  жалғанған  жəне  бос  ұштарының 
температурасы. 
Осындай  аспаптың  жылжымалы  бөлігінің  орынын  ауыстыру 
(сəйкес  жəне  көрсеткіш)  өлшенген  ток  күшінің  шаршысына 
пропорционалды болады: 
α
y
 = kI
2

(13.26) 
мұнда  k  —  өлшеуіш  механизмдерің  ерекшеліктері  мен 
термобулардың қасиеттеріне тəуелді коэффициент. 
244 


 
13.13-Сурет.  Контактілі  (а),  контактісіз  (б)  түрлендіргіштері  жəне 
көпірлік  сұлбасы  бойынша  қосылған  (в)  түрлендіргіштері  бар 
термоэлектрлік аспаптар 
 
Конструктивтік  термоэлектрлік  түрлендіргіштер  контактілі, 
контактісіз  немесе  термобатареялар  түрінде  орындалады  (бірнеше 
термобулардың  ретімен  қосылуы).  Контактілік  түрлендіргіштерді 
қолдану  жалпы  термоЭҚК  арттыру  үшін  оларды  ретімен  қосуға 
мүмкіндік  бермейді.  Контактісіз  түрлендіргіштерді  ретімен  қосу 
жалпы термоЭҚК  арттыруға мүмкіндік береді, бірақ сонымен қатар 
аспаптың  сезімталдығы  төмендейді.  Термобуларды  қосудың 
көпірлік  сұлбасы  осы  кемшіліктен  бос.  Өлшегіш  аспаптардың 
термоэлектрлік  түрлендіргіштерінің  сұлбалары  13.13-суретте 
көрсетілген. 
Сыртқы  температураның  əсерін  азайту  үшін  аспатың  əрбір 
термобуын ауаны айдалған шыны баллонға орналастырады. Вакуум 
термобудағы  жылытқыштың  жылу  беруін  азайтады  жəне  өлшеуіш 
тізбектен  түрлендіргіш  тұтынатын  қуатты  азайтуға  мүмкіндік 
береді. 
Жылулық  өлшегіш  аспаптардың  артықшылықтары:  үлкен 
жиілікті  диапазондағы  өлшеулердің  жоғары  дəлдігі  жəне 
көрсеткіштердің  токтың  қисық  формасына  тəуелсіздігі.  Аспаптың 
кемшіліктері:  сезімталдық    жəне  жүктеме  қабілеті  төмен,  үлкен 
қуатты тұтыну жəне сыртқы температураның өзгеруінің əсері. 
Жылулық өлшеуіштік  аспаптар өндірістік жəне жоғары жиілікті 
токтың синусоидалық емес формасы бар тізбектерде кернеу мен ток 
күшін өлшеу үшін пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет