67
Тізбектің
қандай
да
бір
аумағындағы кернеуді өлшеу үшін
вольтметрді
осы аумаққа параллель
қосады (4.1, б сур.). Тізбек параметрлері
айтарлықтай
өзгермеуі
жəне
тоқ
тарамдалмаған бөлігінде артпауы үшін,
вольметр кедергісі үлкен болуы тиіс.
Вольметр кедергісі неғұрлым көп болса,
құрал соғұрлым жақсы.
Өлшеу шектерін
кеңейту үшін вольметрмен ретті түрде
қосымша резисторды қосады.
4.2
-сурет.
Ваттметр қосу
схемасы
Тұрақты жəне бір фазалы ауыспалы тоқ тізбектеріндегі қуатты
өлшеу
үшін
электродинамикалық
жүйенің
ваттметрлерін
пайдаланады. Электродинамикалық жүйенің ваттметрін қосу
схемасы 4.2 суретінде ұсынылған. Ваттметрдің жылжымайтын
(амперметрлік) орамын тізбекке ретті түрде, жылжымайтын орамын
(вольтметрлік) – тұтынушыға параллель қосады. Осыған сəйкес
ваттметрдің беткі бөлігіне екеуі I белгісімен (тоқ қысқыштары),
басқа екеуі – U белгісімен (кернеу қысқыштары)
белгіленген төрт
қысқыш шығарылған. Екі қысқыш нүктемен белгіленген жəне
генераторлық деп аталады.
Мұндай схеманы алу үшін генераторлық қысқыштарды
біріктіру жəне бір сымға қосу қажет. Генератор қысқыштары орам
бастары болып табылады. Ваттметрді
дұрыс қосу жағдайында
нұсқар оң жаққа ауытқитын болады. Нұсқар ауытқуының бағытын
өзгерту үшін, ваттметр орамдарының кез келгеніндегі тоқ бағытын
өзгерту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: