96
Трансформатордың қосымша орамы осы тоқтың ұзақ өтуіне
есептелген.
Дəнекерлеу трансформаторлары орамдардың үлкен реттелетін
индуктивті кедергісімен жасалады. Бұл ретте сымдардың белсенді
кедергісін емес, орамдар таралуының индуктивті кедергісін
арттырады, себебі белсенді кедергіні арттыру энергия жоғалтуларын
арттыруға жəне трансформатордың қызуына əкеледі.
Құрылымдық тұрғыдан дəнекерлеу трансформаторларының
кең əртүрлілігі бар (5.9 сур.). Айтарлықтай дəрежеде бұл дəнекерлеу
түрімен анықталады (доғалық, түйістіріп, жікпен, нүктелі).
5.8.
ТРАНСФОРМАТОРЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Трансформаторлар электрлі дəнекерлеу
қондырғыларында,
радио-
телеқондырғыларда,
автоматты
басқару,
байланыс
жүйелерінде, объектілерді электрмен жабдықтау үшін қолданылады.
Бұл
жағдайларда
трансформаторлар
бір
деңгей
кернеуін
қондырғының нақты элементіне қуат беру үшін қажетті жəне қуат
көзінің кернеуінен ерекшеленетін басқа деңгей кернеуіне
түрлендіреді.
Трансформаторлар электротехникалық жүйелерде маңызды
қызмет атқарады. Олар энергияның үнемді жіберілуі мен таралуын
қамтамасыз
ете отырып, тоқтар мен кернеулер трансформациясын
іске асырады. Су жəне жылу станцияларында электр энергиясы
номинал кернеуі 6,3 бастап 38,5 кВ дейінгі генераторлармен
өндіріледі.
Электр энергиясы тұтынушыларға 500, 750 немесе 1050 кВ
кернеудегі электр беру желілері арқылы беріледі.
Бұл ретте ЭЖЖ
өткізу қабілеті артады, тоқтар мен қуат сымындағы жоғалтулар
азаяды. Электр энергиясының көпшілік тұтынушыларының номинал
кернеуін 220, 380 немесе 660 В тең етіп таңдайды. Қуатты электрлі
қозғалтқыштар 6 немесе 10 кВ кернеумен жұмыс істейді. Электр
энергиясын қалалар мен өнеркəсіптік кəсіпорындарға енгізу бірнеше
сатымен іске асырылады.
Солайша,
көптеген трансформаторлары бар, жоғарылатушы
жəне төмендетуші аралық станциялардың тарамдалған жүйесін құру
қажеттілігі туындайды.
Өнеркəсіптік электроника құрылғыларында қуаты аз (1...1000
В • А), бір бірінен оқшауланған тізбектерге қуат беруге арналған
97
бірнеше
қосымша
орамы
бар
күштік
трансформаторлар
қолданылады. Одан басқа, бұл құрылғыларда
арнайы импульсті
жəне жоғары жиілікті трансформаторлар пайдаланылады.
Кернеулер мен тоқтар трансформациясы қасиеті сондай-ақ,
өлшеу трансформаторларында да пайдаланылады. Амперметрлер
мен вольтметрлерді өлшеу трансформаторларының қосымша
тізбегіне
енгізіп,
қызмет
көрсетуші
қызметкерлерді
қауіпсіздендіруге болады, себебі бұл тізбектердің кернеуі аз жəне
жерге тұйықталуы жақсы.
Дəнекерлеу жұмыстарын жүргізу
кезінде қол сайманын
пайдалана отырып, трансформаторлар арқылы кернеуді жəне
техникалық орынды қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге болады, ол
тəжірибеде
кеңінен
қолданылады.
Барлық
жағдайларда
трансформаторлардың маңызды қасиеті – орамдар арасында
электрлі байланыстың болмауы жағдайларында энергия беру
мүмкіндігі пайдаланылады.
Жағдайлардың
көпшілігінде
тоқтары
мен
кернеулері
синусоидалық дерлік күштік трансформаторлармен жұмыс істеуге
тура келеді.
Трансформаторларды
қолдану саласы өте кең, онымен
құрылымдық
əртүрлілік
жəне
қуаттың
үлкен
диапазоны
түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: