Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


  ЭЛЕКТР МАШИНАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ



Pdf көрінісі
бет58/179
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#142802
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

6.2. 
ЭЛЕКТР МАШИНАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ 
Электр машиналарын генераторлар мен қозғалтқыштар 
ретінде пайдалану олардың басты міндеті болып табылады, себебі 
электр жəне механикалық энергияны өзара түрлендіру мақсатына 
ғана 
байланысты. 
Электр 
машиналары 
сондай-ақ 
электр 
сигналдарының қуатын күшейту үшін қолданылады. Мұндай электр 
машиналар электромашиналық күшейткіштер деп аталады. Электр 
энергиясын тұтынушылардың қуат коэффициентін жоғарылату үшін 
пайдаланылатын электр машиналары синхронды өтемдеуіш деп 
аталады. Ауыспалы тоқ кернеуін реттеу үшін қызмет ететін электр 
машиналары индукциялық реттегіштер деп аталады. 
Микромашиналар – қуаты өте аз (ватт үлестерінен 600 Вт 
дейін) машиналардың қолданылуы əр түрлі. Бұл электрлі машиналар 
қозғалтқыш ретінде ғана емес, тахогенераторлар (айналу жиілігін 
электр сигналына түрлендіру үшін), сельсиндер (біліктің бұрылу 
бұрышына пропорционалды электр сигналдарын алу үшін) жəне т.б. 
ретінде пайдаланылады. 
Келтірілген мысалдардан электр машиналарын міндеті 
бойынша бөлу қаншалықты əр түрлі екені көрінеді. 
Электр машиналарының əрекет ету принципі бойынша 
жіктелуін қарастырайық, оған сəйкес электр машиналары əрекет ету 
принципі мен құрылымы əр түрлі коллекторсыз жəне коллекторлық 
болып бөлінеді. Коллекторсыз машиналар – ауыспалы тоқ 
машиналары – асинхронды жəне синхронды. Асихронды машиналар 
көбінесе қозғалтқыштар ретінде, ал сихнронды – қозғалтқыш
ретінде де, генераторлар ретінде де пайдаланылады. Коллекторлық 
машиналар – басты түрде тұрақты тоқпен генераторлар немесе 
қозғалтқыштар ретінде пайдаланылады. Қуаты аз коллекторлық 
машиналар ғана тұрақты жəне ауыспалы тоқ желісінен жұмыс істей 
алатын əмбебап қозғалтқыштармен жасалады. 


101 
6.1-сурет. 
Электр машиналарының жіктелуі 
Бір əрекет ету принципіндегі электр машиналар қосу 
схемаларымен немесе машиналардың пайдаланушылық қасиеттеріне 
əсер ететін басқа белгілермен ерекшеленуі мүмкін. Асинхронды 
машиналар роторды орау құрылымына байланысты қысқа 
тұйықталған немесе фазалық ротормен болуы мүмкін. Синхронды 
машиналар мен тұрақты тоқ коллекторлық машиналары магнитті 
қозу өрісін жасау тəсіліне қарай қозу орамымен жəне тұрақты 
магниттері бар машиналарға бөлінеді. 
6.1 
суретінде 
электр 
машиналарының 
заманауи 
электротехникада кең қолданысқа ие болған негізгі түрлері 
келтірілген жіктеу ұсынылған. 
Электр машинасының жұмыс жағдайлары, оған қоршаған 
ортаның əсер етуі (температура, ылғалдылық жəне т.б.) қоршаған 
орта факторларынан қорғау дəрежесімен жəне жұмыс қасиеттерімен 
ерекшеленетін, əр түрлі құрылымды электр машиналарын жасау 
қажеттілігін тудырады. Осыған байланысты барлық электр 
машиналары жалпы жəне арнайы мақсаттағы машиналарға бөлінеді. 


102 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет