105
Статордың ішінде қозғалтқыштың айналмалы бөлігі – ротор
орналасқан, ол қысқа тұйықталған орамды өзекшеден 5 жəне
біліктен 2 тұрады. Ротор өзекшесі де дестеленген құрылысты
болады, бірақ ротор беттері изоляциялық лакпен жалатылмайды,
себебі олардың бетіндегі оксид қабаты құйынды тоқтарды шектеу
үшін жеткілікті изоляция болады, себебі тоқтар ротор өзекшесінің
қайта магниттелуінің төмен жиілігі үшін елеусіз болады.
Ротордың қысқа тұйықталған орамы (тиін торы) əдетте өзекшеге
балқытылған алюминий қорытпасын құю арқылы орындалады (7.2,
а сурет). Бұл ретте біліктермен қатар қысқа тұйықталған сақиналар
жəне вентиляциялық қалақшалар құйылады (7.2, б сурет).
Ротордың білігі 2 мойынтірек қалқандарында 3 жəне 9
орналасқан мойынтірек теңселісінде 1 жəне 11 айналады (7.1
сурет).
Қозғалтқышты салқындату корпустың сыртқы бетін салқындату
арқылы жүзеге асырылады. Ауа ағынын қаптамамен 12 жабылған
центрден тепкіш вентилятор 10 тудырады. Қаптаманың бүйір
жағында
ауаға
арналған
тесіктер
бар.
Асинхронды
қозғалтқыштардың қазіргі құрылыстарында вентилятор мен
қаптаманы пластинадан жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: