9
Заманауи
есептеуіш
құралдарын
кеңінен
қолдану,
кəсіпорындардың қызметіне оңтайландыру жəне нысандандыру
əдістерін
енгізу
басқаруды
ақпараттық
қамсыздандыру
технологиясын айтарлықтай өзгертті.
Құрамында оның жұмысы үшін жауапты жəне оның жұмысына
араласа алатын қандай да бір адамдар ұжымы бар кез келген басқару
жүйесі
автоматтандырылған деп аталады.
Басқаруды ақпараттық
қамсыздандыру міндеті ААЖ (АБЖ) көмегімен шешіледі.
Автоматтандырылған басқару жүйесі — бұл адамның
өндірістік, ғылыми жəне қоғамдық қызметі саласында объектіні
басқаруды қамтамасыз ететін техникалық жəне бағдарламалық
құралдар кешені.
АБЖ əзірлеу жəне енгізу мақсаты əр түрлі жүйелерді басқару
сапасын жақсартуда тұрады, оған басқарушы персоналға шешім
қабылдау үшін толық жəне сенімді ақпаратты уақтылы беру
жолымен, сондай-ақ оңтайлы шешімдерді қабылдау үшін
математикалық əдістер мен модельдерді
қолдану есебінен қол
жеткізіледі. Бұдан басқа, АБЖ енгізу əдетте:
•
ұйымдық құрылымдарды жəне басқару əдістерін жетілдіруге;
•
неғұрлым икемді құжат айналымы жəне басқару рəсімдері
жүйесін құруға;
•
нормативтерді пайдалануды жəне жасауды реттеуге;
•
өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Аталған
функцияларды орындау мүмкіндігі үшін АБЖ:
сенімділікке;
қоршаған
ортаның
өзгерістеріне
бейімделу
қабілеттігіне; персоналдың, пайдаланушылардың теріс əрекеттерінен
қорғау механизміне; ақпаратқа заңсыз қол жеткізу талпыныстарына
тұрақтылыққа ие болуы тиіс.
Функционалдық белгілері бойынша АБЖ құрамында жүйелердің
үш түрін белгілейді:
1) əкімшілік-ұйымдық — кəсіпорынды автоматтандырылған
басқару жүйелері (КАБЖ) жəне
салалық автоматтандырылған
басқару жүйелері (САБЖ);
2)
технологиялық
—
технологиялық
үдерістерді
автоматтандырылған басқару жүйелері (ТҮАБЖ);
3)
ықпалдастырылған
—
аталған
АБЖ
функцияларын
біріктіреді.
Алдымен АБЖ ірі кəсіпорындар мен ұйымдардың есептеуіш
орталықтарында болған үлкен ЭЕМ негізінде құрылған жəне
ақпаратты орталықтан өңдеуді болжаған болатын. Есептеуіш
орталығының штатынан басқа,
АБЖ қызмет көрсету арнайы
бөлімшені құруды талап еткен.
Дербес компьютерлер (ДК) жəне жергілікті есептеуіш желілер
10
пайда болуымен, үлестірілген ақпараттық жүйелер АБЖ
бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз ету негізіне айналды.
Осындай ақпараттық жүйелер клиент-серверлік архитектурасы
негізінде құрылған.
Бұл ретте клиент — бұл пайдаланушының
қашықтағы компьютерінде ақпараттық сұрау салуды орындайтын
үдеріс, ал
сервер — сұрау салуды өңдеуді орындайтын жəне жұмыс
нəтижелерін клиентке беретін үдеріс.
Клиент-серверлік
технологиялар
кəсіпорындар
мен
мекемелердің барлық учаскелерін жəне бөлімшелерін, бүкіл
өндірістік циклді қамтитын қағазсыз басқару технологияларға көшу
үшін
алғышарттарды жасап, шешімдерді қабылдау үшін жауапты
адамдарға ақпаратты беру үдерісін толық автоматтандыруға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: