Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Деректерді басқару және өңдеу үдерістеріндегі ақпараттық



Pdf көрінісі
бет5/96
Дата02.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#46918
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
Мезенцев-АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕЛЕР.-Оқулық

Деректерді басқару және өңдеу үдерістеріндегі ақпараттық 
жүйелер. Ақпараттық жүйеелердің дамуы ЭЕМ пайда болуына 
тығыз байланысты. Пайдаланушыларға қолжетімді алғашқы 
ақпараттық жүйелер ЭЕМ-нің екінші буыны енгізілген кезде пайда 
болды. ЭЕМ-нің үшінші жəне төртінші буыны өндірістік үдерісте 
ақпараттық технологияларды жаппай пайдалануын себептеді. 
Ақпараттық жүйелердің негізгі мақсаты 
— түпкі 
пайдаланушыларға белгілі бір өлшемдерге сəйкес келетін ақпаратты 
ұсыну. Есептеуіш техниканы дамыту осындай жүйелерді жетілдіруге 
əсер етті. 
ЭЕМ əзірлеудің бастапқы мақсаты күрделі көлемді есептерді 
жүргізу үдерісін автоматтандыру болып табылатын, бірақ кейіннен 
деректерді жəне құжаттарды өңдеуді автоматтандыру міндеті 
алдынғы қатарға шыға бастады. Осылайша, 1960-шы жж. ақпараттық 
жүйелердің негізгі міндеті сұрау салуларды диалогтық өңдеуде, 
жазбаларды сақтауда тұратын. Осы кезеңде басқарушы ақпараттық 
жүйелер тұжырымдамасы əзірленді. Осы жүйелердің басты 
ерекшелігі басқарушы персоналға басқару үдерісі туралы жиналған 
деректер негізінде құрылған есептерді беруде тұрады. 
1970-ші жж. есептерді дайындау жүйелері шешімдерді 
қабылдауды қолдау жүйелерімен толықтырылды. Бұл жүйелер тез 
өзгеретін экономикалық ахуал жағдайында басқару органында 
жұмыс істеушілерді оперативтік шешімдерді қабылдаудың 
интерактивті технологиясымен қамтамасыз ете алады. 
1980-ші 
жж. микроЭЕМ-нің (дербес компьютерлердің), 
бағдарламалық қамсыздандырудың жəне телекоммуникациялық 
желілердің дамуы түпкі пайдаланушымен орындалатын үлестірілген 
есептеулердің пайда болуына септігін тигізді. Осы сəттен бастап 
түпкі пайдаланушылар өз кəсіптік қызметімен байланысты 


11 
міндеттерді шешу үшін есептеуіш ресурстарды мамандандырылған 
ақпараттық жүйелерге тəуелсіз, өз бетімен пайдалануға мүмкіндік 
алды. 
Осы кезеңге атқарушы ақпараттық жүйелер тұжырымдамасының 
пайда болуы тəн. Бұл жүйелер жоғарғы басшылықты өмір үшін 
маңызды, көбінесе сыртқы əлем туралы ақпаратты оларға қажет 
уақытта жəне оларға қолайлы форматта қамтамасыз етуге тиіс 
болған. 
Осы кезеңге ақпаратты өңдеудің зияткерлік технологиясы бар 
жүйелердің пайда болуын жатқызуға болады. Осы жүйелердің 
негізін онда белгілі пəн саласындағы фактілер тіркелген жəне 
оларды өңдеу қағидалары қамтылған білі қоры құрады. Фактілер мен 
қағидалар жиынтығы осы салада сарапшылармен жинақталған 
блімдерді тіркеуге жəне есептеуіш ресурстарды басқару үдерісінде 
сапалы ұсынымдарды алу үшін пайдалануға мүмкіндік берді. Осы 
технология ақпараттық жүйелердің жаңа түрі – сараптау жүйелері 
туралы айтуға мүмкіндік береді. 
1990-шы 
жж. 
стратегиялық 
ақпараттық 
жүйелердің 
тұжырымдамасы пайда болды. Осындай жүйелер жаңа таруарлар, 
көрсетілетін қызметтер жəне технологиялар туралы ақпаратты 
талдауға негізделген фирманың, кəсіпорынның қызметін ұзақ 
мерзімді стратегиялық жоспарлау үшін пайдаланылады. 
Деректерді өңдеу тұрғысынан мынандай ақпараттық жүйелер 
түрлерін белгілейді: транзакцияларды өңдеу, фактографиялық жəне 
құжаттық. 
Транзакцияларды өңдеу жүйелері сатуды жəне сатып алуды 
тіркейді. Транзакция екі қалпының бірінде болуы мүмкін: 
1) 
барлық өзгерсітердің аяқталуы — нəтижені жүйенің деректер 
қорында тіркеу; 
2) 
тоқтату — деректер қорында жасалған барлық өзгерістер 
ескерілмейді жəне ол транзакцияны ашу басталған сəтіндегі 
бұрынғы қалпына қайта оралады. 
Транзакцияларды басқаруға арналған ақпараттық жүйелерді 
нақты уақыт ауқымы жүйелеріне жəне пакеттік жүйелерге бөлуге 
болады. 
\\ 
1.3-сурет. Деректерді иерархиялық ұйымдастыру 


12 
Бірінші жағдайда жүйе транзакцияларды деректер қорының 
операторы оны бастағаннан кейін бірден орындайды. 
Фактографиялық ақпараттық жүйелерде пəн саласында алынған 
кейбір деректер көрсетіледі. Деректер жазбалар түрінде тіркеледі. Жазба 
белгілі бір түрдегі жолдар жинағы болып табылады. Жазбалар деректер 
ауқымына түрлі əдістермен ұйымдастырылады. Деректерді біріктірудің 
мынандай əдістері ең көп таралған: 
• 
иерархиялық (1.3-сурет). Осындай құрылымда түпкі жазба 
белгіленеді, онымен төменгі деңгейдегі жазбалар белгілі бір əдіспен 
байланыстырылған. Өз кезегінде төменгі деңгейдің жазбалары басқа 
деңгейлердің жазбаларымен байланыстырылған. Деңгей арасындағы 
тоғыспалы байланыыстырға жол берілмеді; 
• 
желілік (1.4-сурет). Бұл əдіс жағдайында жазбалар арасында түпкі 
жазба жоқ, деңгейлер арасында тұйық байланыстарға жол беріледі; 
• 
реляциялық (1.5-сурет). Пəн саласында олар туралы деректер 
деректер қорында тіркелуге тиіс ақпараттық мəндер болып 
1.4-сурет . Деректерді желілік ұйымдастыру 
1.5-сурет. Мəнді кестеге өзгерту үдерісі 
табылатын кластар белгіленеді. Реляциялық тəсілдеме жағдайында 
класс белгілі бір аты жəне қасиеттер – атрибуттер жинағы бар 
қатынас болып табылады. Ары қарай қатынас жолдары осы мəннің 
даналары болып табылатын кесте болып жайылады. 
Құжаттық 
ақпараттық жүйелерде деректер қорында 
жекелеген фактілер түріндегі ақпарат ғана емес, мəтіндік 
құжаттардың электрондық түрдегі көшірмелері де сақталады. 
Деректер қорына түсетін əр құжат осы құжаттың іздестіру 


13 
белгілерін бөліп шығаруға мүмкіндік беретін индекстеу рəсіміне 
тартылады. Осындай жүйелердің пайдаланушылары тиісті құжатты 
табу үшін арнайы іздестіру тілінде іздестіру ұйғарымын құруы тиіс. 
Жаһандық Интернет желісінде үлестірілген ақпараттық 
жүйелерді құжатты жүйелердің бір түрі деп есептеуге болады. 
Осындай 
жүйелердің 
негізі 
гипермəтіндік 
құжаттардың 
технологиясын пайдалану болып табылады. Мəтін əдетте жекелеген 
беттер түрінде сақталатын үзінділерге бөлінеді. Беттер мағыналық 
қағидат бойынша сайттарға біріктіріледі. Сайттардағы беттер бір- 
бірімен сілтемелер арқылы байланыстырылған. Нəтижесінде өзара 
байланыстардың сызықтық емес схемасы пайда болады. 
Гипермəндік ақпараттық жүйелер желіде Wоrld Widе Wеb 
(WWW) ғаламтор түрінде іске асырылған. WWW ақпараттық жүйесі 
қазіргі уақытта кеңейтілген гипермедиялық технологияны іске 
асыруда. Гипермедиялық құжаттар сілтемелер арқылы мəтіндік 
құжаттарға да, сондай-ақ графикалық, бейне-, аудиодеректерге де 
жүгінуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет