Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Ақапараттық жүйелерді жобалау стандарттарын шолу



Pdf көрінісі
бет10/96
Дата02.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#46918
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   96
Ақапараттық жүйелерді жобалау стандарттарын шолу. Нақты 
ақпараттық жүйелерді əзірлеу стандарттар негізінде жүзеге асырылады. 
Осы стандарттар жүйелердің өмір циклін ескере отырып оларды 
жобалау кезеңдерін белгілейді. Жалпы жүйенің өмір циклі дегенді оның 
пайда болу, пайдалануға енгізу жəне бөлшектеу үдерісі деп түсінуге 
болады. 
Қазіргі уақытта мынандай стандарттар қолданылады. 
МЕМСТ 34.601 — 90 автоматтандырылған жүйелерге таралады 
жəне оларды құру сатылары мен кезеңдерін белгілейді. Әр кезеңдегі 
жұмыстардың сипаттамасын қамтиды. 
ISO/IEC 12207:1995 — үдерістерге жəне өмір циклін ұйымдастыруға 
арналған стандарт. Ол нұсқаулықтармен толықтырылған ISO/IEC TR 
15271:1998 Infоrmаtiоn tесhnоlоgу — Guidе for ISO/IEC 12207 и ISO/IEC 
TR 16326:1999 Sоftwаrе еngineering
— Guidе for the аррliсаtiоn оf 
ISO/IEC 12207 to project mаnаgеmеnt. 
Custom Dеvеlорmеnt Mеthоd стандарты — Oracle (CDM) əдістемесі, 
қолданбалы ақпараттық жүйелерді əзірлеу жөніндегі ұсыныстарды 
қамтиды; талаптарды жəне Orаcle ДҚБЖ пайдалануға бағдарланған 
дайын шешімдерді алуға мүмкіндік беретін əдістемені сипаттайды. 
Rаtiоnаl Unified Prосеss (RUP) стандарты төрт кезеңді: бастау, 
зерттеу, құру жəне енгізу кезеңдерін қамтитын жүйелерді əзірлеудің 
қайталама моделін ұсынады. Әр кезең жекелеген кезеңдерге – 
итерацияларға бөлінуі мүмкін. 
Miсrоsоft Sоlutiоn Frаmеwоrk (MSF) стандарты RUP сияқты, төрт 
сатыны қамтиды: талдау, жобалау, əзірлеу, тұрақтандыру. Ол 
итерациялар технологиясын қолдайды жəне нысанға бағытталған 
технологияларды пайдалануды ұсынады. 
XP (Extreme Prоgrаmming) стандарты барлық ақпараттық жүйені 


25 
əзірлеу кезеңі ішінде жүйенің тапсырыс берушісі мен əзірлеушілер 
ұжымы арасындағы қарқынды өзара іс-қимылды қарастырады. Жуйені 
əзірлеу кезеңдерге бөлінеді. Әр кезең келесі кезеңде пысықталатын 
функционалды жетік түптұлғаны құрумен аяқталады. 
ISO/IEC 15288 Sуstеm life сусlе рrосеssеs стандарты түрлі пəн 
салаларындағы ақпараттық жүйелерді əзірлеу əдістемесін белгілейді, 
құрамында ЭЕМ пайдаланылатын жүйелердің өмір цикліне ерекше 
назар аударылады. 
Ақпараттық жүйелердің негізгі компоненті талап етілетін 
функцияларды іске асыратын бағдарламалық қамсыздандыру болып 
табылады. ISO/IEC 12207 стандарты өмір циклінің барлық 
үдерістерін үш топқа бөледі: негізгі, қосалқы жəне ұйымдық (1.2-
кесте). 
ISO/IEC 15288 сатндарты бағдарламалық қамсыздандыру мен 
ақпараттық жүйенің өмір циклінде мынандай үдерістерді белгілейді: 
шарттық, жобалық, техникалық, кəсіпорынның үдерістері арнайы 
үдерістер (1.3-кесте). 
ISO/IEC 15288 стандарты өмір циклінің кезеңдерін жəне жүйені 
құру кезеңдерін ажыратады. Кезеңдер ретінде мыналар белгіленген: 
• 
жүйенің 
тұжырымдамасын 
қалыптастыру 
— 
тұтынушылардың қажеттіліктерін талдауды, жүйенің жəне жобалық 
шешімдердің жалпы тұжырымдамасын таңдауды көздейді; 
• 
жүйені әзірлеу — оны жобалау үдерісі; 
• 
іске асыру — жүйені жасау; 
1.2 Кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет