160
жалпы кездейсоқ сипатқа ие жəне тұрақты жəне уақытшы іркілістерге
бөлінеді.
Тұрақты
іркілістер
—
биологиялық,
уақытша
—
психологиялық. Биологиялық іркілістер
оператордың шаршауымен,
ауруымен байланысты болады, психологиялық іркілістер кездейсоқ
сипатқа ие. Психологиялық іркілістер зейінсіздігімен, өзінің жүйедегі
негізгі функциясын орындауда алаң болуымен қоздырылуы мүмкін.
Оператордың іркіліссіз жұмыс істеу ықтималдығын анықтау үшін
мынандай тəуелділіктер пайдаланылады:
P
оп
(t) =
K
оп
P
б
(t) +
P
п
(t);
K
оп
=1 – T
о
/T,
онда
K
оп
— оператордың
дайындығы коэффициенті;
P
б
— биологиялық
сенімділік ықтималдығы;
P
n
— психологиялық сенімділік ықтималдығы;
T
о
— оператордың
жұмыс орнында болмау уақыты;
T— оператордың
жалпы жұмыс уақыты.
ААЖ іркіліссіз жұмыс істеу ықтималдығы техникалық құралдарды
жəне адами факторды ескере отырып мынандай формула бойынша
анықталады.
P(t) =
P
техн
(t) P
оп
(t) +
P
св
(t),
онда
P
техн
— жүйенің техникалық құралдарының (ЭЕМ жəне
перифериялық жабдық) іркіліссіз
жұмыс істеу ықтималдығы;
P
св
—
жұмыстарды уақтылы орындау ықтималдығы.
Осы
көреткіштерді
талдау
жүйенің
операторлары
мен
пайдаланушыларының белгілі бір дайындық деңгейін қамтамасыз ету;
ақпараттық жүйенің аппараттық қамсыздандыруын инженерлік психология
талаптарына сəйкес таңдау; жүйе операторларының жəне оның
пайдаланушыларының əрекеттерін бақылау; жүйе операторларының
демалсыны ұйымдастыру жəне олардың жұмысындағы бұзушылықтардың
алдын алу; операторлардың ақпараттық артық жүктелуін
жою немесе
барынша азайту үшін қажетті шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.