Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



бет28/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67
Байланысты:
Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.

5.1.
ЭЛЕКТР ТОГЫНЫҢ АДАМҒА ӘСЕРІ
Егер статистика деректеріне қарайтын болсақ, онда өндірістік жарақаттанудың басқа түрлерімен салыстырғанда, электрлік жарақаттану барынша жиі кездеседі. Электр тогының адам ағзасына ықпалы түрлі сипатта болады. Ток түрлі ықпал жасай алады.
Электр тогы адамға ішкі ықпал, сыртқы ықпал жасайды, электр соққыларына және электрден естен тануға әкеп соқтырады.
Ішкі жарақаттарға күйіктер, қызыну және қан тамырларының зақымдануы, жүректің, мидың қызынуы жатады, бұл олардың функционалдық бұзылуларына әкеп соқтырады.
Сыртқы жарақаттарға түрлі тері күйіктері, 2... 6 сағаттан соң пайда болатын көздің зақымдануы: қызару және көздің шырышты қабықшаларының талаурауы, ірің бөлінуі, қабақтың түйілуі, ішінара соқыр болу жатады. Зардап шегуші қатты бас ауыруын, жарықта күшейе түсетін көздің өткір ауыруын сезінеді, көз қарығуы пайда болады.
Механикалық зақымдар токтың әсерінен бұлшықеттердің еріксіз шұғыл қысқаруы салдарынан пайда болады, бұл терінің, қан тамырларының, жүйке терілерінің жыртылуына, буындар таюына, сүйектердің сынуына әкеп соқтырады.
Электр тогының әсерінен алынған барлық жарақаттарды ықпал ету түрі бойынша жіктеуге болады.
Токтың термиялық ықпалы тері және тамырлардың жоғары температураға, тіпті күйікке дейін қызуымен сипатталады.
Токтың механикалық ықпалы электродинамикалық әсер нәтижесінде ықпалы ағза терісінің жіктеліп бөлінуіне, жыртылуына әкеп соқтырады.
Токтың электрқұйылушылық ықпалы қанның ыдырауынан және оның физика-химиялық құрамының бұзылуынан тұрады.
Токтың сәулелік ықпалы көздің шырышты қабықшаларының зақымдануына әкеп соқтырады.
Токтың биологиялық ықпалы жанды терілердің тітіркенуі мен қозуына әкеп соқтырады және бұлшықтардың түйіліп қысқаруын туындатады.
Электр соққысы болған жағдайда, бұлшықтардың, жүрек бұлшықтарының да күрт түйіліп қысқаруы туындайды, бұл жүректің тоқтауына әкеп соқтыруы мүмкін. .
Электр соққысы — бұл күрт, еріктен тыс бұлшықтар қысқаруы қосыла жүретін, электр тогы өтуінен ағзаның жанды терілерінің тітіркенуі. Электр соққысы тіршілік үшін маңызды органдардың (жүректің, өкпенің) бұзылуына, тіпті қызметінің толық тоқтауына,
яғни, ағза апатына әкеп соқтыруы мүмкін.
Электрден естен тану — бұл ағза жүйке жүйесінің электр тогымен қатты тітіркенуге әсері. Естен тану жағдайы ондаған минуттан тәулікке дейін созылуы мүмкін, одан кейін ағза өледі.
Электр күйіктері —токтың теріге оқшаулы ықпалы нәтижесінде пайда болатын электр жарақатының барынша кең тараған түрі. Күйіктер екі түрлі: түйіспелі және доғалық болады.
Түйіспелі күйік электр қуатының жылу қуатына айналуының салдары болып табылады және негізінен қуаты 1 000 В дейінгі электр қондырғыларында пайда болады.
Егер ток денеден бірнеше рет түрлі жолдармен өтсе, ол көптеген күйіктің пайда болуына ықпал етеді. Көптеген күйік басым жағдайда 380 В дейінгі кернеулілікте пайда болады — ол адамды «тартқандай» әсерде болады. Жоғары вольтты ток, керісінше, адамды лақтырып тастайды, алайда терең байыпты күйіктер үшін қысқа түйісудің өзі де барынша жеткілікті болады. 1 000 В артық кернеу барысында кең терең күйіктері бар электр жарақаттары пайда болады, өйткені бұл жағдайда температура ток жүріп өткен жолдың бәрі бойынша көтеріледі.

  1. 000 В артық кернеу барысында кездейсоқ қысқа

тұйықталудың нәтижесінде доғалық күйік пайда болуы мүмкін.
Электр тогымен зақымданудың ауырлығын анықтайтын параметрлер факторлар қатарына байланысты болады, олардың негізгілері:

  • адам денесі арқылы өтетін электр тогының көлемі;

  • электр тогының адам ағзасына ықпалының ұзақтығы;

  • адам ағзасына ықпал ететін кернеудің көлемі;

  • токтың тегі мен жиілігі;

  • токтың адам денесіндегі ағып өту жолы;

  • адам денесінің электрлік қарсыласуы;

  • адам ағзасының психофизиологиялық жай-күйі, оның дербес қасиеттері;

  • қоршаған ортаның жай-күйі және сипаттамасы (ауаның температурасы, ылғалдылығы, газдылығы) және т.б.

Электр тогымен зақымдану барысында зардап шеккен адамды ток ықпалынан барынша жылдам босату қажет, өйткені электр жарақатының қаншалықты ауыр болатыны токтың әсер ету уақытына байланысты. Бірінші әрекет — электр қондырғысының адам жанасып жатқан бөлігін сөндіргіштің, шаппа ажыратқыштың немесе басқа ажырататын аппараттың көмегімен жылдам ажырату.
Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, ағаш таяқпен адамның үстіне түскен сымды лақтырып жіберу немесе құрғақ ағаш сапты балтамен сымды шауып тастауға болады.

Көмек көрсету барысында адам өз қауіпсіздігі туралы да ойлауы тиіс — электр тогынан зақымданудан сақтану құралдарымен: диэлектрикалық резеңке қолғаптармен, калоштармен және резеңке кілемшелермен, оқшауландырылған сапты аспаптарды пайдалану қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет