Байланысты: Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.
КОМПЬЮТЕРМЕН ЖҰМЫС БАРЫСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ДЕМАЛЫСТЫҢ ТИІМДІ РЕЖИМДЕРІ Кәсіпорынның әрбір басшысы РФ Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлерге еңбек пен демалыстың тиімді режимін қамтамасыз етуі тиіс. Ол жұмыс ауысымы ұзақтығын, еңбек қызметінің түрлері мен санаттарын ескергендегі регламенттелген ДЭЕМ-де үздіксіз жұмыстың белгілі ұзақтығы мен үзілістерді сақтауды қарастырады. ДЭЕМ-дегі еңбек қызметінің түрлері үш топқа бөлінеді:
А тобы —алдын ала сұрау салу арқылы экраннан ақпаратты оқу жөніндегі жұмыс;
В тобы — компьютермен диалог режиміндегі шығармашылық жұмыс.
Егер жұмыс ауысымы ішінде пайдаланушы жұмыстардың әр түрін орындайтын болса, онда оның жұмысы оырндалуына жұмыс ауысымының 50 % -дан кем емес уақыты жұмсалатын жұмыстар тобына жатқызылад. ДЭЕМ-дегі жұмыстың ауырлығы мен кернеулілігі санаттары жұмыс ауысымы ішіндегі ДЭЕМ-дегі жүктеме деңгейімен анықталады:
Б тобы үшін — оқылатын немесе енгізілетін белгілердің жиынтық саны бойынша;
В тобы үшін — ДК-дегі тікелей жұмыстың жиынтық уақыты бойынша.
.3-кестесінде жұмыс ауысымы ішіндегі жүктеме деңгейіне байланысты ауырлығы және кернеулілігі бойынша жұмыстар санаттары келтірілген.
Регламенттелген үзілістердің саны мен ұзақтығы, олардың жұмыс ауысымы ішінде бөлінуі ДК-дегі жұмыстардың санаты мен жұмыс ауысымының ұзақтығына байланысты белгіленеді. сағаттық жұмыс ауысымы және ДК-дегі жұмыс барысында регламенттелген үзілістерді келесідей белгілеу қажет:
■ жұмыстардың I санаты үшін — әрқайсысының ұзақтығы 15 минуттен ауысым басталғаннан кейін 2 сағаттан соң және түскі үзілістен кейін 2 сағаттан соң; ■ жұмыстардың II санаты үшін — әрқайсысының ұзақтығы 15 минуттен ауысым басталғаннан кейін 2 сағаттан соң және әрқайсысының ұзақтығы 15 минуттен түскі үзілістен кейін 1,5...2,0 сағаттан соң немесе жұмыстың әрбір сағатынан соң ұзақтығы 10 минуттен;