Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»


ISBN 978-601-333-104-1 (каз.)



бет2/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.

ISBN 978-601-333-104-1 (каз.)
ISBN 978-5-4468-2941-5 (рус.)
© Груманова Л.В., Писарева В.О., 2015
© Груманова Л.В., Писарева В.О., 2016, өзгертулермен
© «Академия» білім баспа орталығы», 2016
© Ресімдеген «Академия» баспа орталығы, 2016
Құрметті оқырман
Бұл оқулық «Цифрлық ақпаратты өңдеу жөніндегі шебер» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік жинақтың бөлігі болып табылады.
Оқулық «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы» жалпыкәсіптік пәнін оқытуға арналған.
Жаңа буынның оқу-әдістемелік жинақтары жалпыбілімдік және жалпыкәсіптік пәндерді және кәсіби модульдерді оқуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дәстүрлі және инновациялық оқу материалдарынан тұрады. Әрбір жинақ жұмыс берушінің талаптарын ескере отырғандағы, жалпы және кәсіби біліктерді меңгеру үшін қажет оқулықтар мен оқу құралдарынан, оқу және бақылау жабдықтарынан тұрады.
Оқу басылымдары электрондық білім ресурстарымен толықтырылады. Электрондық ресурстар интерактивтік жаттығулары мен тренажерлары бар теориялық және практикалық модульдерден, мультимедиялық объектілерден, интернеттегі қосымша материалдар мен ресурстарға сілтемелерден тұрады. Оларға терминологиялық сөздік пен оқу процесінің негізгі параметрлері: жұмыс уақыты, бақылау және практикалық
тапсырмаларды орындау нәтижесі берілген электрондық журнал енгізілген. Электрондық ресурстар оқу процесіне жеңіл енгізіледі және түрлі оқу бағдарламаларына бейімделуі мүмкін.
Алғысөз
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы және олардың адам қызметінің көптеген салаларына енгізілуі замануи әлемге тән ағымдар болып табылады. Ақпаратты автоматты (компьютерлік) өңдеу көптеген кәсіптерде қолданылады. Компьютерлер мен оргтехниканың басқа да түрлері қызметкерлердің қыруар жұмысын едәуір жеңілдетеді, ал кейде деректердің үздіксіз ағынын оларсыз орындау мүлде мүмкін емес.
Цифрлық ақпаратты өңдеу жөніндегі шебердің кәсіби қызметі ақпаратты енгізу, өңдеу, жариялау операцияларымен, сондай-ақ оны оқшауландырылған және жаһандық компьютерлік желілерде сақтаумен байланысты. Техникалық және ғылыми прогресті қоғамның жетілдіретіні даусыз, алайда мұның теріс жағы да бар: есептеу техникасы жұмыс процесінде адам денсаулығына теріс ықпал ететін зиянды өндірістік факторларды туындатады. Электрондық есептеу техникасымен және басқа электр жабдығымен жұмыс істейтін кез келген маман қауіпсіздік техникасы ережелерін білуі және оларды бұлжытпай орындауы тиіс.
Кәсіби бағытталу студенттердің қажет біліктіліктерді алуына ықпал етеді. Қызметті іске асыру, білім стандартына сәйкес білімі мен машықтарын көрсете білу қабілеті біліктілік деп пайымдалады. Студент:

  • жұмыс орнында және өндірістік аймақта санитарлық- технологиялық талаптарды, гигиена және еңбек қауіпсіздігі нормалары мен талаптарын орындауды;

  • жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды;

  • кәсіби қызметте түрлі сипаттағы қауіпсіздіктер деңгейін және олардың салдарларын төмендету үшін профилактикалық шараларды қабылдауды;

  • өртті сөндірудің алғашқы құралдарын пайдалануды;

  • зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді білуі тиіс.

Сту де н т :

  • электр жабдығымен жұмыс барысындағы қауіпсіздік техникасы ережелерін;

  • есептеу техникасы және бейнетерминалдар құралдарын пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттарды;

  • қауіпсіздік техникасы (ҚТ) және еңбекті қорғау (ЕҚ) бойынша нұсқаулар түрлерін және өткізу кезеңдігін білуі тиіс..

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
БӨЛІМ
1 ТАРАУ. Қауіпсіз еңбектің ұйымдастырушылық негіздері 2 ТАРАУ. Еңбекті қорғау саласының нормативтік- құқықтық базасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет