Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



бет24/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67
Байланысты:
Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Зиянды өндірістік факторларды атаңыз. Олар адамның денсаулығы мен жұмыс қабілетіне қалай әсер етеді?

  2. Өндірістік шуға талаптар қандай? Кәсіпорындардағы өндірістік шу деңгейлерін төмендету үшін қандай шаралар қабылдануы тиіс?

  3. Өндірістік жайдың ішкі ахуалына анықтама беріңіз.

  4. Ішкі ахуалдың түрлі параметрлері қандай ықпал жасайды?

  5. Ішкі ахуалға қандай сыртқы жағдайлар ықпал етуі мүмкін?

  6. Өте жақсы ішкі ахуал параметрлері қандай?

  7. Жайдың ішкі ахуалдық параметрлерін қалыпқа келтіру үшін кәсіпорында қандай шаралар жүргізілуі тиіс?

IV ТАРАУ
ӨНДІРІСТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
Компьютерлік және басқа ұйымдастырушылық техниканы дұрыс пайдаланбау, салақтық және алаңғасарлық, электр құралдарын белгіленуі бойынша пайдаланбау және басқа көптеген жағдайлар салдарлары өте ауыр болуы ықтимал өрт себебі болуы мүмкін.
Өрт пайда болу мүмкіндігі болмайтын және материалдық құндылықтар қорғанысы қамтамасыз етілетін өндірістік объект жағдайы өрт қауіпсіздігі деп аталады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу жүйесі және өрттен қорғау жүйесі — өрттің алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келесі шаралар әзірленуі тиіс:

Барлық қызметтік жайларда персоналдың жану ошағы пайда болған жағдайдағы әрекеттерін регламенттейтін және өрт мүлкі орналасқан орындарды көрсететін Өрт жағдайында адамдарды эвакуациялау жоспары міндетті түрде болуы тиіс.
Өртті ойдағыдай сөндіру үшін өртті жылдам аңғарудың және өрт орынына өрт құрылымдық бөлімшелерін мезгілімен шақырудың шешуші мәні бар.
Өртті немесе жануды (түтіндеу, күйік иісі, температураның көтерілуін) байқаған әрбір қызметкер кәсіпорын әкімшілігін хабарландыруға және өрт қызметіне 01 телефонына немесе жедел көмек қызметіне — біртұтас 112 нөмірі бойынша қоңырау шалып, бұл туралы дереу хабарлама беруі тиіс. Мекен-жайды, қайда, не жанып жатқанын және өз тегін хабарлау қажет.
Содан кейін өрттің алдын алу шараларын қабылдау, яғни, электрді, желдетуді сөндіру, сол арқылы ауа ағынын тоқтату, жанғыш заттарды шығару қажет.
Өрттің бастапқы сатысында өрт сөндірудің қол астындағы құралдары пайдаланылады:

Өрттен қорғаудың барынша маңызды міндеттерінің бірі — құрылыс жайларын қираудан қорғау және оларды өрт барысындағы жоғарғы температура жағдайындағы жеткілікті беріктікпен қамтамасыз ету.
Құрылыс конструкцияларын дайындау үшін, әдетте, кірпіш, темірбетон, шыны, металл және басқа жанбайтын материалдар қолданылады. Ағашты қолдану шектеулі болуы, ал қолданылған жағдайда ол өрттен қорғау қоспаларымен қанықтырылуы тиіс..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет