Байланысты: Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.
1.4. ЖАРАҚАТТАНУ, КӘСІБИАУРУЛАР ҰҒЫМЫ Барлық адам өмірінде бір рет болса да, жарақат алады. Жарақат дегенді қалай түсінуге болады? Жарақат — бұл сыртқы ортаның әлдебір факторынан туындаған адам ағзасы терісінің зақымдануы. Жарақаттану факторына байланысты жарақат:
механикалық (соғылу, созылу, буын таю, шайқалу);
химиялық (химиялық заттар әсері);
қысымдық жарақат (қысымның күрт өзгеруі);
термиялық күйіктер (күйіктер, үсіктер);
электрлік жарақаттар (ток әсері);
психикалық (депрессиялар, ауызша ықпал нәтижесінде алынған невроздар) болып бөлінеді. .
Әртүрлі өндірістік факторлар кәсіби аурулардың қалыптасуы мен дамуына ықпал етуі мүмкін. Кәсіби ауру— бұл өндіріс жағдайында қызметкерге ұзақ уақыт әсер ететін зиянды фактордың ықпалымен байланысты ауру. Мысалы, ұзақ діріл (вибарция) әсері дірілдеу ауруын, радиациялар - сәулелік ауруды, шудың әсері - құлақ мүкісін туындатуы мүмкін. Соңғы жылдары кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметкерлердің кәсіби аурулары қатерін төмендететін әртүрлі профилактикалық шаралар кеңінен енгізілуде:
қызметкер ағзасына жалпы және кәсіби зиян келтіретін факторлардың төмендеуі (атмосфералық ауаның, ішетін судың, тағам құрылы мен сапасының, еңбек жағдайлары, тұрмыс және демалыс және т.б. сапасының жақсаруы);
салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін түрлі шаралар;
санитарлық-гигиеналық тәрбие шеңберінде өткізілетін шаралар;
қатердің зиянды факторларының ықпалын төмендету, аурулар дамуын ерте анықтау және алдын алу мақсатындағы кезеңдік медициналық зерттеулер және диспансерлеу. Жұмыс орынында қауіпсіздік техникалары ережелерін сақтамау жазатайымдық жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Жазатайым оқиға— жарақаттануға әкеліп соқтырған тосын ахуал, жағдайлардың күтпеген тоғысы.