Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



бет7/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67
1.5.
ЖАРАҚАТТАНУДЫҢ
ПСИХОЛОГИяЛыҚ СЕБЕПТЕРІ
Қауіпсіздік техникасы ережелерін саналы түрде бұзған кезде адам нені басшылыққа алады? Қауіпті жағдайлар пайда болуының психологиялық себептеріне:

  1. қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-әрекетті қаламаудан тұратын адам әрекетінің қозғалуының бұзылуы жатады. Бұл бұзылулар адам қауіпті жете бағаламаған, қатерге бейімді болған, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық ұсынымдарға сындық тұрғыдан қараған жағдайда пайда болады. Бұл бұзылулардың себептері, егер оларды жою үшін арнайы шаралар қабылданбаса, әдетте, ұзақ мерзім барысында әрекетте болады. Кейде дұрыс қозғалуының бұзылуы, мысалы, депрессия немесе алкогольдік масаңдық жағдайымен байланысты, уақытша сипатта болуы мүмкін;

  2. қауіпсіздікті қамтамасыз ету нормалары мен тәсілдерін, жабдықты пайдалану ережелерін білмеуден тұратын адам әрекетінің нысаналық бөлігінің бұзылуы;

  3. адамның психофизикалық мүмкіндіктері сәйкес келмеуіне байланысты, қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нұсқауларды орындамаудан тұратын адам әрекетінің орындаушылық дұрыс қозғалмау бөлігінің бұзылуы. Бұл қозғалысты жеткіліксіз үйлестіру және қозғалыс реакцияларының жылдамдығы, нашар көру, бой ұзындығының жабдық габариттеріне, осы жұмыстың талаптарына сәйкес келмеуі болуы мүмкін.

Психофизиологиялық (психофизикалық) себептерді осылайша бөлу оларды жоюдың негізгі тәсілдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Мысалы, мұндай әрекеттің себептерін жою үшін қауіпсіздік саласындағы насихат, тәрбие және білімді; нысаналық бөліктің себептерін жою үшін -қауіпсіз іс-әрекеттерді оқытуды, машықтары мен тәсілдеріне дағдылануды іске асыру қажет.
Орындаушылық бөлігінің себептерін жою үшін кәсіби іріктеу, әсіресе, еңбек қызметінің күрделі, жауапты және қауіпті түрлері үшін кезеңдік медициналық куәландыру қажет. Жарақаттанудың қызметкер жасына байланысты екені белгіленді.
Жарақаттанудың барынша үлкен деңгейі жас қызметкерлер мен 15-20 жыл еңбек өтілі бар қызметкерлерде байқалады. Жас қызметкерлер жарақаттануының барынша жоғары деңгейі жұмыстың бірінші жылында орын алады. Бұл кәсіби тәжірибесіздік, білім жеткіліксіздігі, пайда болатын бұзушылықтар мен қауіпті жағдайды дұрыс болжамау, дұрыс шешімдер таба алмау, қауіпті жағдайдағы автоматтылық деңгейіне жеткізілген машықтар мен іс-әрекеттердің болмаумен байланысты. Көп деңгейде жастық шақта адамдардың қауіпті жете бағаламауға, жоғарғы тәуекелдік қатерге, ойланбаған әрекеттерге бейімділігі жоғарғы жарақаттанушылықтың психологиялық себебі болып табылады.
Тәжірибелі қызметкерлер жарақаттануының жоғары деңгейі адамның психологиялық және физиологиялық функциялары (жанар өткірлігі, реакция жылдамдығы, қозғалыстар үйлесімі, жады) жас ұлғаюған сайын төмендеуіне, сондай-ақ қауіпке үйреніп кетуіне байланысты. Егер адам ұзақ мерзім барысында қауіпті фактор әсеріне ұшырамаса, онда процестің қауіпсіздігі туралы ұғым қалыптасады.
Үйреншіктілік нәтижесінде жабдық жұмысына назар аудару және бақылау деңгейі төмендейді.
Өндірістегі қауіпті жағдайлар мен жарақаттану қалыптасуының психологиялық себептері әртүрлі және елеулі деңгейде адамдың жүйке-жүйесінің түріне, оның темпераментіне, біліміне, тәрбиесіне және т.б. байланысты.
Алайда психологиялық себептердің әртүрлілігіне қарамастан, қауіпсіздік ережелерін ұғына отырып, бұзу себептеріне баса назар аудару қажет.
Күшті үнемдеу —барынша аз күш, қуат жұмсап мақсатқа жетуге бағытталған адамға тән ықылас. Жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) қолдануға немқұрайдылықпен қарауды; қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет, алайда ақырғы өнім сапасына ықпал етпейтін кейбір технологиялық операцияларды өткізіп жіберуді; қауіпсіз емес, бірақ барынша жеңіл қалыптар мен әрекеттерді таңдауды осымен түсіндіруге болады.
Тапсырылған жұмысты жылдамырақ орындауға, ал үнемделген уақытты өзінің жеке мақсатына пайдалануға талпыныс қызметкерді қауіпсіздік талаптарымен белгіленген операцияларды саналы өткізіп жіберуге мәжбүр етеді. Басшылық тарапынан қауіпсіздік талаптары мен ережелерін бұзғандары үшін экономикалық және әкімшілік жазалау болмауы да жиі орын алады. Қызметкердің ұзақ мерзім барысында жарақаттары болмауынан және еңбек ұжымының басқа мүшелері тарапынан қауіпсіздік ережелерін бұзғандыққа қатысты айыптаулар болмауынан қырағылық жоғалады. Өз тәжірибесін асыра бағалау үлкен тәжірибе оған апаттың және жазатайымдық жағдайының алдын алу, қауіпті аймақты тастап кету үшін жылдам шара қабылдау мүмкіндігін береді деген үмітпен, адамның қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлылықпен қарауына әкеліп соқтырады. Адамның стрестік жай-күйі қатерлі іс-әрекеттерді қасақана жасауға итермелейді, оның пікірінше мұндай әрекет стресті жоюға көмектеседі. Мұндай сәттерде адамды ақыл-ойы емес, сезімдері әрекетке итермелейді. Қатерге бейімділік, қатерге қажеттілік қатер сезімінен рахаттылықты сезінетін кейбір адамдар үшін тән қасиет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет