Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



бет10/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
2.3.


ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ



Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен танысқаннан кейін, қызметкер еңбек ұжымының толық мүшесі болып саналады. Қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек және онымен байланысты барлық қатынастарды реттеу ұжымдық шарттардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін (РФ ЕК 9- бабының негізінде).
Ұжымдық шарт - бұл ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін және қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасында олардың өкілдері жасайтын құқықтық акт(РФ ЕК 40-
бабы.)
29-бабына сәйкес, ұжымдық келіссөздер жүргізілуі, қолданыстағы ұжымдық шартқа түзетулер енгізілуі, оның орындалуына бақылауды іске асыру жағдайында қызметкерлердің мүдделерін бастауыш кәсіподақ ұйымы, сондай-ақ қызметкерлер сайлаған өзге де өкілдер білдіре алады. .
Ұжымдық шарт толықтай бүкіл ұйымға, сонымен қатар, бөлек те, мысалы оның әрбір филиалында, өкілдігінде және басқа құрылымдық бөлімшелерінде жасалуы мүмкін (РФ ЕК 40-бабының негізінде). Егер ұжымдық шарт толықтай бүкіл ұйымға жасалған болса, онда РФ ЕК 43-бабына сәйкес, оның күші осы ұйымның барлық қызметкерлеріне таралады. Ал егер ұжымдық шарт құрылымдық бөлімшеде немесе филиалда қабылданса, оның күші тек қана сол филиалдың немесе құрылымдық бөлімшенің қызметкерлеріне таралады.
Ұжымдық шарт мүдделі тараптармен ұжымның жалпы жиналысында қабылданады, бұған қоса ұжымдық шарттың құрамы мен құрылымын мүдделі тарптардың өздері белгілейді.
РФ Еңбек кодексінің 41-бабында ұжымдық шартқа енгізуге болатын мәселелердің үлгілік тізбесі белгіленген:

  • еңбек ақысының нысандары, жүйелері және мөлшері;

  • жәрдемақы, өтемақы төлеу;

  • бағалар өсуін, инфляция деңгейін, ұжымдық шартта белгіленген көрсеткіштер орындалуын ескере отырып, еңбек ақыны реттеу тетіктері;

  • жұмыспен қамту, қайталап оқыту, қызметкерлерді жұмыстан босату шарттары;

  • демалыс беру және оның мерзімі мәселелері қоса алғандағы, жұмыс уақыты және демалу уақыты;

  • қызметкерлердің, оның ішінде әйелдер мен жастардың еңбек ету және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту;

  • мемлекеттік және муниципалдық мүлікті жекешелендіру барысында қызметкерлердің мүдделерін сақтау;

  • өндірістегі экологиялық қауіпсіздік және қызметкерлердің денсаулығын қорғау;

  • жұмыс пен оқуды қатар атқарып жүрген қызметкерлерге кепілдіктер мен жеңілдіктер;

  • қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын сауықтыру және демалысы;

  • қызметкерлердің тамақтануын ішінара немесе толығымен төлеу;

  • Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі, тараптардың жауапкершілігі, қызметкерлердің өкілдері қызмет етуіне оңтайлы жағдай жасау, ұжымдық шарттың орындалуы туралы қызметкерлерді ақпараттандыру тәртібі;

  • ұжымдық шарттың сәйкес талаптары орындалған жағдайда, ереуілдерден бас тарту;

  • тараптармен белгіленген басқа мәселелер.

Ұжымдық шартта, жұмыс берушінің қаржы-экономикалық жағдайын ескере отырып, қызметкерлер үшін заңдарда, басқа нормативтік құқықтық актілер, келісімдерде белгіленген еңбек шарттарынан әлдеқайда ұтымды еңбек жағдайлары, жеңілдіктер мен басымдықтар белгіленуі мүмкін.
Ұжымдық шартты жасасу процесінде, өз кезегінде, ұжымдық шарттың үлгісін әзірлеген Ресей Еңбек министрлігінің ұсынымдарын ескеруге болады. Бұл үлгі Ресей Еңбек министрлігінің 06.11.2003 жылғы Хатымен бекітілген. Берілген үлгі ұжымдық шарттарға барынша жиі қосылатын бөлімдердің тізбесін, сондай-ақ оларға түрлі қосымшалардың тізбесін ұсынады.
Ұжымдық шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады және оған қол қойылған күннен немесе ұжымдық шартта белгіленген күннен бастап күшіне енеді. РФ ЕК 43-бабына сәйкес, тараптар ұжымдық шарттың қолданысын үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарта алады. Сонымен қатар, РФ Еңбек кодексінде бұндай ұзартулардың санына шектеу қойылмаған.
Ұйымның атауы өзгерген, сондай-ақ ұйым өзгеру нысанымен қайта құрылған жағдайда, ұжымдық шарттың қолданысы сақталады. Бұл жағдайда РФ Еңбек кодексінің 43-бабына сәйкес, тараптардың бірі екінші тарапқа жаңа ұжымдық шарт жасауға немесе қолданыстағы ұжымдық шарттың әрекет ету мерзімін үш жылға дейінгі мерзімге ұзартуға ұсыныс жолдай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет