ЗИЯНДЫ ФАКТОРЛАР ЖӘНЕ ҚАУІП ДЕҢГЕЙІ БОЙЫНША ЖАЙЛАРДЫҢ САНАТЫ Компьютерлер мен оргтехника орналастырылған офистерде электр тогы қауіптің негізгі көзі болып табылады. Өндірістік қызмет барысында адамды қоршайтын сыртқы орта жағдайлары электр тогымен зақымдану қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Осыған байланысты, жайлар электр тогымен зақымдану қауіпінің деңгейі бойынша үш топқа бөлінеді: қауіптілігі жоғары жайлар жоғары қауіптілік туындататын келесі жайлардың бірі: дымқыл немесе ток өткізгіш шаң, ток өткізгіш еден (металл, темірбетон) жоғарғы температура, адам бір тараптан ғимараттың жермен жанасуы бар металдық конструкцияларына, тетіктеріне, екінші тараптан
электржабдығының металдық корпустарына бір мезетте жанасу мүмкіндігі болуымен сипатталады; аса қауіпті жайлар, аса қауіпті жайлар туындататын келесі жайлардың бірі: ерекше дымқыл, химиялық белсенды орта, бір мезетте екі немесе одан да көп жоғары қауіптілік жағдайлары болуымен сипатталады;
жоғары қауіпсіздіксіз жайлар, жоғары немесе ерекше қауіпсіздік туындататын жағдайлар жоқ жайлар.
Дымқыл жайлар деп ауаның салыстырмалы ылғалдылығы ұзақ мерзім 75 %-дан асатын жайлар аталады. Ыстық жайлар деп түрлі жылу сәулелерінің әсерінен температура үнемі немесе кезең-кезеңмен 35 °С-тан асатын жайлар аталады. Химиялық белсенді ортасы бар жайлар — бұл электр жабдығы оқшаулануын және ток жүретін бөлшектерді бұзатын агрессиялық булар, газдар, сұйықтар сақталатын, шөгінділер немесе көгерген заттар құрылатын жайлар. 4.4. ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТТАРДЫ ӨРТТЕН ҚОРҒАУ Электрлік өрт дабылының (ЭӨД) түрлі жүйелері өрттің (жанудың) ең бастапқы сатысын байқауға және оның пайда болу орны туралы хабарлауға арналған. ЭӨД өрт және өрт хабарландырушылар, қабылдау станциялары, байланыс желілері, қоректену көздері, дыбыс немесе сәулелік дабыл құрылғылары негізгі элементтері болып табылатын күзеттік өрт дабылына бөлінеді. Өрт хабарландырушылар қол әрекетіндегі және автоматтық әрекеттегі болып, ал соңғылары жылулық, түтіндік, сәулелік және аралас түрлерге бөлінеді. Жылулық хабарландырушылар қоршаған орта температурасы жоғарылаған жағдайда іске қосылады. Өрттерді сөндірудің алғашқы құралдарына өртсөндіргіштер мен өрт қалқанының жиынтығы: өрт крандары, қол өртсөндіргіштері, құм салынған жәшіктер, абест және киіз төсемдер, суы бар бөшкелер жатады. Өрт крандары есіктерінде «ӨК» деп жазылған арнайы жәшіктерде болады. Кранға оқпаны бар жеңді қосады. Өртке қарсы қалқанда өртсөндіргіш, балта, күрек, ырғақ және қызыл түске боялған шелек; қалқанның астында - көлемі 0,5 х 1 х 3 м құм салынған жәшік; жанында - көсіп алатын күрек болады. Құм ластанбауы және ылғалданбауы үшін жәшік тығыз жабылуы тиіс. Суы бар бөшкенің көлемі 2 м3 кем болмауы және шелекпен жиынтықталуы тиіс. Өртсөндіргіштер өрт ошақтарын олар өршуінің алғашқы сатысында өшіруге арналған. Көлеміне қарай өртсөндіргіштер аз литрлі (5л. дейін), қол өнеркәсіптік (10 л дейін) немесе жылжымалы (10 л астам) болады. Өрт сөндіргіш заттың түрі бойынша өртсөндіргіштердің үш түрі белгіленген:көбікті, газды және порошокты (4.1). Көбікті өртсөндіргіштерді барлық қатты заттарды дерлік және кейбір жеңіл тұтанатын сұйықтарды (бензин, керосин және т.б.) сөндіру үшін пайдаланады. Бұл түрдің өртсөндіргіштерімен тұтанған электр қондырғыларын және кернеу астындағы электр желілерін сөндіруге болмайды, себебі көбік электр тогын өткізуші болып табылады. Ауа-көбіктік өртсөндіргіштердің маркалары: ОВП 5, ОВП 10. Химиялық көбіктік өртсөндіргіштер көміртегі диоксидінен, көбіктенетін сілтілі ерітіндіден тұрады. Бұл өртсөндіргіштердің маркасы — ОХП 10.
Газды өртсөндіргіштерге көмірқышқылды, аэрозольді және көмірқышқылбромэтилді өртсөндігіштер жатады. Олар кернеу астындағы электр қондырғыларын (мысалы, ішкі жану қозғалтқыштарын, кітаптарды, музейлер, мұрағаттардағы құнды заттарды және т.б.) сөндіруге арналған. Сөндіру заты ағысының қашықтығы — 3 м. Көмірқышқылды өртсөндігіштер қол өртсөндіргіштері (ОУ-2, ОУ-3, ОУ-5, ОУ-6, ОУ-8), жылжымалы ОУ-24, ОУ-80, ОУ-400) және стационарлық (ОСУ-5, ОСУ-511) болып бөлінеді. Өрт сөндірудегі жоғарғы тиімділік, электр жабдығының сақталуы, электр қондырғысын токтан ажырата алмаған жағдайда да өртті сөндіру мүмкіндігі көмірқышқылды өртсөндігіштердің басымдықтары болып табылады. Аэрозольді өртсөндігіштер электр қондырғыларының шағын тұтану ошақтарын сөндіруге арналған (мысалы, оларды автомобильдерде қолданады). Порошокты өртсөндіргіштер (ОП-5) барлық кластағы (қатты, сұйық және газ тәріздес жеңіл тұтанатын заттар, 1 000 В дейінгі кернеу астындағы электрқұрылғылары) өрт ошақтарын жоюға арналған. Ағыстың қашықтығы — 5 м.). Порошокті өртсөндігіштермен автомобильдер, гараждар, қоймалар, ауылшаруашылығы техникасы, офистер мен банктер, өнеркәсіп объектілері, поликлиникалар, жеке меншік үйлер және т.б. жабдықталады. Су, химиялық көбік, тұздардың сулы ерітінділері, су буы, инертті және жанбайтын газдар, құрғақ өртсөндіргіш порошоктар негізгі зат сөндіргіш заттар болып табылады. Өртсөндігіштер қарапайым пайдаланылады. Оны іске қосу үшін пломбасын алып, мұрындығын жұлып, оқпанды өрт ошағына бағыттау және тұтқасын шегіне дейін көтеріп, шүріппені басу қажет. Егер өрт электр құралы жануынан пайда болса, онда: электр энергиясын өшіру;
ауыр (асбестік) мата, көрпе, дастархан, құм, көмірқышқылды немесе порошоктік өртсөндіргішті пайдалану қажет.