Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»


ЭСМ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ЖҰМЫС



бет33/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67
Байланысты:
Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.

6.2.
ЭСМ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мамандар «компьютерлік» кәсіби аурулар саны артуының кең

тараған себебі, жұмыс орынының дұрыс ұйымдастырылмауы деп есептейді. Мұндай қызметкерлердің еңбек ерекшелігі орындалатын операциялардың бір қалыптылығы мен мәжбүрлі жұмыс түріне байланысты. Мысалы, ЭЕМ пайдаланушылардың қолайсыз отыру қалыпы бұлшықтарға күш түсуінен арқа, иық белдеуі, қол білезігі маңы ауруына шағымдануға әкеп соқтырады. Нәтижесінде адам дене қалпын жиі ауыстыруға, артық қимыл жасауға мәжбүр болады, бұл тез қалжырауға соқтырады, еңбек сапасын төмендетеді. Тағы бір теріс құрама - үлкен көз жүктемесі, бұл қызметкердің көңіл- күйіне ықпал етеді.
Егер жұмыс орны эргономика талаптарына жауап берсе, қызметкер назарының шоғырлануы жоғарылайтыны, жұмыс жылдамдығы ұлғаятыны, қажу бәсеңірек пайда болатыны мәлім. Әрі ыңғайлы, әрі жайлы және денсаулыққа да аса зиянды болмауы үшін жұмыс орнын қалай жабдықтау қажет?
Бәрінен бұрын, жайдағы компьютерлермен жабдықталған бір жұмыс орнының алаңы 4,5 ...6,0 м2 (монитордың түріне байланысты) құрауы, кабинеттің барлық алаңы 20 м2 шегінде болуы тиіс.
Монитордың түріне байланысты, ДЭЕМ жабдықталған жұмыс орнының ең төменгі алаңы, м2.
Электрондық-сәуелік түтік негізіндегі монитор 6,0
Сұйық кристалды монитор 4,5
Электрондық-сәулелік түтікті монитор ол арқылы барынша жоғары сәуле жүруіне байланысты, өзінің артқы панелімен офис қабырғасына бұрылып қойылуы тиіс. Егер жұмыс орындары ЭСТ негізіндегі мониторлары бар дербес компьютерлермен жабдықталған болса, онда жұмыс орындарының «бетпе-бет» орналастырылуына жол берілмейді.
Дербес компьютерлері бар жұмыс орындары жарық ойықтарына қатысты, табиғи жарық сол жағынан түсетіндей етіп орналастырылғаны дұрыс. Мониторлары бар жұмыс столдары арасындағы қашықтық: мониторлардың бүйір беттері арасындағы қашықтық — 1,2 м. кем болмауы тиіс; монитордың экраны мен өзге монитордың сыртқы бөлігінің арасындағы қашықтық — 2,0 м. кем болмауы тиіс.
Біршама ақыл-ой кернеуін немесе назардың жоғары шоғырлануын қажет ететін шығармашылық жұмыс істеу барысында ДЭЕМ бар жұмыс орындарын бір-бірінен 1,5...2,0 м. биіктіктегі бөлгіштермен оқшауландыру ұсынылады.
Монитор столда 90° бұрышта тік орналастырылуы қажет. Мониторға дейінгі арақашықтық 60.80 см болуы тиіс. Монитордың жоғарғы шегі көз деңгейінде немесе одан төменірек, алайда 15 см. аспайтын деңгейде болуы қажет.
Мониторлар үшін 2.2.2/2.4.1340-03 СанЕжН ұсынылатын
мүмкін параметрлер


Ақ алаңның жарықтылығы

35 кд/м2 кем емес

Жұмыс алаңы жарықтығының біркелкі
еместігі

20 % артық емес

Қарама-қайшылық (монохромды режим үшін)

3 : 1 кем емес

Кескіннің уақытша тұрақсыздығы (дисплей экранындағы кескін жарықтығын уақыт ішінде абайсыздықпен өзгерту)

Белгіленуі тиіс емес

Кескіннің кеңістіктік тұрақсыздығы (экрандағы кескін фрагменттерінің қалыпын абайсыздықпен өзгерту)

2 10-4L артық емес бұл арада L байқаудың жобалық арақашықтығы, мм

Жүйелік блоктың орналасуы стол конструкциясына байланысты; әдетте ол төменгі жағындағы арнайы сөре-тұғырда орналастырылады. Жүйелік блок итерулер мен вибрацияларға ұшырамауы тиіс. Оған ауыр заттарды қоюға болмайды. Бұл жүйелік блокта тек компьютердің жұмысын басқаратын операциялық жүйе ғана емес, сондай-ақ пайдаланушы үшін маңызды бағдарламалар мен деректер жазылған қатты дисктердің болуымен түсіндіріледі. Ақпаратты жазу және оқу барысында вибрацияға байланысты жаңылыстар пайда болуы мүмкін.
ДЭЕМ конструкциясы монитор экранын маңдайалды бақылауды қамтамасыз ету үшін, адам денесі корпусының горизантальді және вертикальді жазықтықта бұрылу мүмкіндігін берілген қалыпта бекіте отырып, қамтамасыз етуі тиіс. ДЭЕМ дизайны корпустың жарықты диффузды шашырата отырып, байыпты жұмсақ түске боялуын қарастыруы тиіс.
ДЭЕМ корпусы, клавиатурасы және басқа блоктары мен қондырғыларының үстіңгі бет қабаттары 0,4. 0,6 шағылыс
коэффициенті бар күліңгір болуы және жарқырау туындататын жылтыр бөлшектері болмауы тиіс .
Түпкір құрылымдарын жеке сөрелерге немесе тумбаларға орналастырған дұрыс. Жалғау кабельдері кабельдік арналарға салынулары немесе еденге батырылып қойылуы тиіс. Салбырап тұрған сымдар, шиеленіскен кабельдер болуына жол берілмейді, өйткені ол жарақаттануға әкеп соқтыруы мүмкін.
Жиһаз нарығы компьютер жиһазының түрлі көптеген үлгілерін ұсынады (6.1-сурет). Компьютермен жұмыс істегенде қалыпты столды пайдалануға болмайды. 2.2.2./2.41340-03 СанЕжН ұсынымдарына сәйкес, ДЭЕМ жұмыс орындарын орналастыру барысында, негізгі столдан жеке клавиатураны орналастыру үшін арнайы жұмыс беті бар столдарды қолданған дұрыс болады. Стол
заманауи эргономика талаптарына жауап беруі тиіс — бұл оның үстіне жабдықты оның санын, көлемін және орындалатын жұмыс сипатын ескере отырып, орналастыруға болады дегенді білдіреді.

6.1. сурет. Компьютерлік столдардың үліглері
Жұмыс биіктігі реттелетін және реттелмейтін жұмыс столдары пайдаланылады. Реттеуіш болмаған жағдайда, столдың биіктігі 680-нен - 800 мм дейінгі шекте, жұмыс бетінің тереңдігі 800 мм құрауы тиіс. Жұмыс бетінің өткір бұрыштары мен шеттері болмауы тиіс, күліңгір немесе жартылай күліңгір фактурасы болуы қажет.
Жұмыс столының биіктігі 600 м, ені 500 мм кем емес, тереңдігі тізе деңгейінде — 450 мм кем емес, аяқтың созылу деңгейінде — 650 мм кем емес аяқ үшін кеңістігі болуы тиіс (6.1- кесте).
Столдың адам үшін тиімді биіктігі келесідей анықталады: стол басына отырып, табанды (өкше мен аяқ ұшын) еденге қою және арқаны түзету қажет.
ДЭЕМ-да жұмыс орындайтын цифрлық ақпаратты өңдеу жөніндегі шебердің басымдықты жұмыс кейіпі отыру қалыпы болып табылады. Бұл патологиялық құбылыстар қатарының: іштің бұлшық еттерінің босаңсуы, еңкіштік, ішкі органдардың төмен түсуі, радикулит және басқа аурулардың пайда болуына елеулі ықпал етеді. Сондықтан отыру қалыпындағы жұмыс кейіпін рационалдау үшін жұмыс креслосын таңдауға үлкен көңіл бөлу керек.
Жұмыс креслосы жұмыс процесіндегі физиологиялық рационалды жұмыс қалыпын ұстап тұруды қамтамасыз етуі, сондай- ақ мойын-иық аумағындағы және арқадағы кернеуді босату үшін қажет қалыпты өзгерту мүмкіндігі болуы тиіс. Сондықтан жұмыс креслосы көтерілмелі-бұрылғыш болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет