5.5.
Кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйелеріне
шолу
5.5.1.
Материал (Material Requirements Planning, MRP)
және қуатпен (Capacity Requirements Planning, CRP)
қажеттіліктерді жоспарлау
MRP-жүйелер — заманауи БКАЖ тікелей ізбасарлары. Осы
әдістеменің пайда болуымен, заманауи экономикалық копоративтік
жүйелердің пайда болуы туралы айтуға болады деп есептеледі.
Кәсіпорынның қызметін жоспарлау үшін есептеу техникасының
құралдарын қолдану мүмкіндігі туралы алғашқы ойлар (соның
ішінде, өндірістік үдерістерді жоспарлау) 1960-жылдардың басында
пайда болды. Онда қажеттіліктерді жоспарлау әдістемесі — MRP
материалдарында әзірленді. MRP тұжырымдасының маңызы,
қоймалар мен өндірістің әртүрлі телімдеріндегі қорлармен
байланысты шығындарды төмендетуден тұрады. MRP әдісі,
өндірістің жоспарына сәйкес талап етілетін соңғы өнімдердің
компоненттерін соңғы бұйымдарды әзірлеу үшін талап етілетін дәл
сол көлемде және мерзімде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шынында, MRP әдістемесі — бұл екі белгілі қағидат JIT
(JustInTime— «дер кезінде тапсырыс беру») және KanBan («дер
кезінде жасап шығару») жүзеге асыру. JIT— өндірісте
материалдарды басқару жүйесі, онда өндірістң өткен кезеңінде
155
толықтырушы немесе сыртқы жеткізушіден, олар талап етілген дәл
сол мезетте, бірақ ерте емес жеткізіледі. Толықтыратын топтамасы
мүмкін болғанша аз (бұл орындау уақыты мен жеткізу кезеңінің
тұрақтылығына байланысты). JIT жүйесі өндірістің сериялық типі
бар
орташа
ауқымдағы
өндірістерде,
материалдар
мен
жиынтықтаушылардың үздіксіз ағынымен және стандартты
өнімдерді өңдіруде жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді.
Аталған жағдайда жоспарлау және бақылау рәсімдері біршама
дәрежеде
стандартталған
және
қарапайым.
Ірі
жоғары
технологиялық кәсіпорындарда, өндірістік үдерістерді жоспарлау
мен бақылау рәсімдері күрделі болып саналады, JIT мүлде
қолданылмайды.
MRP тұжырымдамасы MRP-жүйелері деп аталатын құрылым
негізінде жатыр. MRP-жүйесі, қоймада бар материалдар туралы
кіріс деректерін ала отырып және олардың қасиеттері тіралы «біле»
отырып, дәл сол соңғы өнімді өндіру үшін талап етілетін, сонымен
бірге өндірістік кезеңді уақытша кезеңмен сәйкестендіруге
мүмкіндігі бола тұрып, менеждердің қолына, өндіріс үдерісін
оңтайлы жоспарлауға (сатып алу мен өндіріс мерзіміне қатысты)
мүмкіндік беретін ақпаратты ұсынады.
MRP-бағдарламалар, жаңа жеткізілімдерге тапсырыс туралы
шешімдерді жасап шығару үдерістерін оңтайландыру үшін,
материалдар қозғалысын қадағалайды, тапсырыстарды автоматты
түрде реттей отырып, (оны енгізуде жаңа талаптарды рәсімдеу үшін
талап
етілетін,
барлық
ақпараттар
бар).
Нәтижесінде
жеткізушілермен тапсырыстарды ғаламдық жоспары жасалады,
онда қашан және кімнен тапсырыс жасауға болатындығы жазылуы
қажет.
MRP-жүйесі жұмысының логикасын диаграмма арқылы ұсынуға
болады (5.6-сурет). Диаграммада MRP-жүйесінің негізгі ақпараттық
элементтері бейнеленген.
Материалдар жағдайы сипаттамасында, бұйымдарды өндіру
үшін қажетті барлық материалдар туралы толық ақпарат
көрсетілген, — қоймадағы аталған материалдар қалдығы, оның
басқа мақсаттар үшін кейінге сақталғандығы туралы ақпарат, ол
тапсырыста бар ма немесе оған тапсырыстар енді ғана
жоспарлануда, жетікізілімдердің жүйелілігі. Өндіріс үдерісін қолдау
үшін, оны жеткізуде күтпеген бөгеттер туындаған жағдайда,
материалдарды сақтандыру қорларының қажеттілігін есепке алған
жөн.
Өндіріс бағдарламасы жоспарланған кезең ішінде дайын
156
өнімдердің қажетті топтамасын өндіру үшін уақытты бөлудің
оңтайландырылған кестесін білдіреді.
Соңғы өнім (бұйым) сипаттамасы— белгілі көлемдегі дайын
өнімді (бұйым) өндіру үшін қажетті материалдар мен оладың саны.
Бұл жерде дайын өнімді жинау технологиясы туралы толық ақпарат
бар. Өнімдерді шығару жоспары, өнім сипаттамасы және
технологиялық тізбек ерекшеліктері негізінде, нақты мерзімге
байлаулы материалдармен өндіріс қажеттіліктері есептеледі.
5.6-сурет. Өндірістің кіріс элементтері және MRP-жүйесінің жұмыс
нәтижелері.
MRP-жүйесінің негізгі жұмыс нәтижелері тапсырыс жоспары
және оған енгізілген өзгерістер болып табылады.
Тапсырыс жоспары, жосарланған мерзімде, қарастырылатын
уақыт кезеңінде, қандай материал, және қандай мөлшерде
тапсырылатындығын анықтайды .
Бас тапсырыс жоспары жеткізушімен бұдан әрі жұмыс істеу
үшін арналған басшылы болып табылады.
Тапсырыстар жоспарына қатысты өзгерістер — бұдан бұрын
жоспарланған тапсырыстарды (кейінге қалдыру, өзгерту, басқа
кезеңге ауыстыру) түрлендіру.
Бұдан басқа, MRP-жүйесі ағымдағы істің жай-күйіне талдау
жүргізу және бұдан әрі қызметін болжау үшін бір қатар есептерді
құрады.
157
Орындау есебі, жүйедегі қателіктер туралы және жоспарлау
кезінде (мысалы, қандай да бір жеке материалға сақтандыру
қорының болмауы туралы ақпарат) туындаған дағдарысты
жағдайлар туралы хабарлайды.
Жоспарлаудың тар орындары туралы есеп, ерекше назар
аударуды талап ететін және басқару шешімдеріне (тапсырыстардың
күтпеген жерден кешіктірілуі, қоймада материалдардың артылуы
және т.б.) қажеттілік туындауы мүмкін, мерзімдер туралы ақпарат
алу үшін арналған.
Болжам
—
өндірістік
үдерісті
талдау
нәтижесінде,
шығарылатын өнім көлемі мен сипаттамасының ықтимал болшақ
өзгерісі туралы алынған ақпарат.
MRP-әдістемелер базасында жүзеге асырылған бағдарламалық
жүйелер, өнімдерді өндіру үшін материалдардың жеткізілуін
оңтайлы реттеуге, қойма қорларын бақылауға және өндіріс
технологиясының өзін бақылауға мүмкіндік берді. Бұдан басқа,
MRP-жүйелерін қолдану тұрақиы қойма қорлар көлемін азайтуға
мүмкіндік берді.
Жоспарлау тиімділігін арттыру мақсатында, 1970-шы жалдардың
аяғында
МRP-жүйелерінде
тұйық
кезеңді
loosedLoopMaterialRequirmentPlanning)
қайта
қалпына келтіру
идеясы жүзеге асырылды. Идея, жоспарлау кезінде қосымша
қызметтерді енгізу арқылы анағұрлым кең ауқымды спектрді
қарастыруға негізделді. Цех деңгейінде өндірістік бағдарламаларды
құру және оны бақылау көзделді. Өндірістік қуатты жоспарлау және
материалдармен қажеттіліктерді жоспарлаудың негізгі қызметтеріне
қосымша
қызметтер
(мысалы,
өндірістік
өнім
санының
толықтыратыдарды жинау барысында қолданылған санына
сәйкестігін бақылау, тапсырыстардың бөгелуі туралы, өнімдер
көлемі және оларды сату қарқыны туралы, жеткізушілер туралы
күнделікті есептілікті құру және т.б.). Жұмыс барысында құрылған
түрлендірілген MRP-есептер жүйесі, бұдан әргі жоспарлау
кезеңінде, қажет болғанда өндіріс бағдарламасын және тапсырыстар
жоспарын өзгерте отырып талданды және есепке алынды, осылайша
сұраныс деңгейі, толықтырушы жиынтықтаушы жеткізушілерде
істің ағымдағы жай-күйі секілді сыртқы факторларға қатысты
икемді жоспарлауды қамтамасыз етеді және т.б.
MRP-жүйелер, нақты түрде жай ғана, бекітілген өндірістік
бағдарлама негізінде белгілі кезеңде тапсырыстар жоспарын
құрдыү бұл күрделенген өндіріс қажеттіліктерін қанағаттандыра
алмады. Біртіндеп, материалдық ресурстарды басқарудағы
жинақталған тәжірибенің басқа ресурс түрлерімен –өндірістік
158
ресурстармен байланысты міндеттерді шешуге ауысатындығы анық
бола түсті. Нәтижесінде CRP тұжырымдамасы пайда болды, онда
MRP әдістері өндірістік қуатты басқаруға ауыстырылды.
Экономикалық ақпараттық жүйелерде, CRP әдістемесін жүзеге
асырудың негізгі кезеңдерін келесідей түрде ұсынуға болады.
1.
Жоспарланған кезең ішінде өндірістің әрбір нақты кезеңдерін
өңдеу үшін өндірістік қуатты бөлу жоспары әзірленеді.
2.
Өндірістік рәсімдердің тізбектілігінің технологиялық жоспары
анықталады және өндірістің байқау бағдарламасына сәйкес
жосрпарлау мерзімінде әрбір өндірістік бірлікті жүктеу дәрежесі
анықталады.
3.
Гер, өндіріс бағдарламасының CRP-әдістемесінің жұмыс
кезеңінен кейін, шынайы жүзеге асырған деп танылса, онда ол МRP-
жүйесінің негізі болып саналады, олай болмаған жағдайда, оған
өзгерістер енгізіледі, және CRP-әдістемесі арқылы қайта тестілеуге
ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |