180
ретінде сипаттауға болады. Кластердің сипаттамасы ретінде екі
белгіні атауға болады: ішкі біркелкілік және сыртқы оқшаулық.
Кластерлеу, бастапқыда, биология, антрополгия, психология секілді
ғылымдарда анағұрлым кеңінен қолданылды. Экономикалық
міндеттерді шешу үшін кластерлеу ұзақ уақыт бойы экономикалық
деректер мен құбылыстардың ерекшелігіне байланысты аз
қолданылды.
Қауымдастықты анықтау — екі (одан да көп) оқиғаны бірдей
белгілейтін деректердегі заңдылықтарды іздеу. Қауымдастыққа тән
мысал бір мезгілде сатып алынатын өнімдер жұбын (теледидар мен
бейнемагнитафон, тіс пастасы мен тіс щеткесі және т.б.)
анықтау
міндетінде зерттеледі. Қауымдастықтық ережелер әртүрлі саудада
(бірлесіп алға жылжытатын тауарларды анықтау), тұтынушыларды
сегменттеу үшін (сатып алушылармен анықталған, компанияның
тұтынушылардың жалпы сипаттамаларын анықтау) қолданылады
және т.б.
Тізбектілікті іздеу — кейбір белгіленген уақыттардағы
бөлінумен оқиғалардың пайда болуы кезіндегі деректердегі
заңдылықтарды анықтау. Тізбектілік транзакциялар арасындағы
уақытша заңдылықты табуға мүмкіндік береді. Басқаша сөздермен
айтқанда, тізбектілік оқиғалардың уақытпен байланысты жоғары
ықтимал тізбегі анықталады. Нақты
қауымдастық тізбектілітің
нөлге тең уақытша кешеуілдеуімен болатын жеке жағдай болып
табылады. Тізбектілік ережесі: X оқиғасынан кейін, белгілі уақыт
арқылы Y оқиғасы болады. Сонымен, егер бейнемагнитафон
теледидармен бірге сатып алынбаған болса, онда бір ай ішінде жаңа
теледидарды сатып алғаннан кейін, бейнемагнитафонды сатып алу
60 % жағдайларда болады.
Болжау— ағымдағы және өткен деректерді зерттеу негізінде
нысандандырылған болжау рәсімдері
сандық көрсеткіштердің
болашақ мәнін бағалауға мүмкіндік береді. Осы тәрізді міндеттерде
көбінесе математикалық статистика әдістері, сонымен бірге нейрон
желілері қолданылады. Болжау (гр. Prognosis шыққан) осы сөздің
кең мағынасында, болашақта басып озатын бейне ретінде
анықталады.
Болжау
нақты
нысанды
немесе
жағдайда
ретроспективті деректер негізінде анықтауға бағыталған, яғни өткен
мен бүгіндегі жағдайын талдау. Осылайша, болжау міндеттерін
шешу деректерді кейбір үйретуші іріктеуді талап етеді. Болжауды
тәуелд және тәуелсіз айнымалылар арасындағы атқарымдық
тәуелділікті белгілеу ретінде анықтауға болады.
Болжау адами
қызметтің көптеген салаларында кең таралған және талап етілген