Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Құрылымдық және нысанды-бағытталған үлгілеу



Pdf көрінісі
бет69/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   121
4.4. 
Құрылымдық және нысанды-бағытталған үлгілеу 
әдістерін салыстыру 
Атқарымдық 
үлгілерде 
(DFD-деректер 
ағынының 
дмаграммалары,  IDEF-диаграммалар)    басты  құрылымдық 
компоненттер,  диаграммаларда  өзара  ақпараттар  ағындарын 
байланыстыратын  қызметтер  (операциялар,  әрекет,  жұмыстар) 
болып саналады. 
Атқарымдық  үлгілердің  күмәнсіз  артықшылықтарының  бірі 
«жоғарыдан-төменге»  қағидаты  бойынша  ақпараттық  жүйені 
жобалауға  қатысты  құрылымдық  тәсілдерді  жүзеге  асыру  болып 


132 
 
саналады,  онда  әрбір  атқарымдық  блок  көптеген  қосалқы 
міндеттерге  бөлшектеп  байланыстырылуы  мүмкін  және    т.б., 
осылайша ақпараттық жүйенің  үлгілі жобалауы орындалады. 
Атқарымдық  үлгілер  үшін  АЖ  бөлшектеп  байланыстырудың 
рәсімдік қатаңдылығы және ұсыну көрнекілігі  тән. 
Атқарымдық тәсіл кезінде, ER-диаграммалардың «нысан-қасиет-
байланыс» түріндегі нысанды дерек үлгілері  жеке-жеке әзірленеді. 
Атқарымдық үлгілердің басты кемшілігі,  үдерістер мен деректер 
бір-бірінен  жеке-жеке  болатындығына-  атқарымдық  бөлшектеп 
байланыстырудан басқа, екінші кезекте тұрған деректер құрылымы 
бар. Бұдан басқа, ақпараттарды өңдеу үдерістерін орындау жағдайы 
анық емес және олар қарқынды түрде өзгеруі мүмкін. 
Атап көрсетілген атқарымдық үлгілердің кемшіліктері нысанды-
бағытталған  үлгілерде  болмайды,  онда  басты  құрылымдық 
компонент  ретінде  қызметтер жиынтығы бар санат ұсынылады, ол 
осы санаттағы атрибуттармен қатынаса алады.  
Нысандар  атрибуттарының  (қасиеттер)  жоғары  санаттағы 
нысандардан  бастап  төменгі  санаттардағыларға  ілесуді  жүзеге 
асыру  ғана  емес,  сонымен  бірге  қызметтерді  (әдістерді)  жүзеге 
асыруға мүмкіндік беретін жинақтау иерархиясы тәні. 
Қызметтерге  ие  болған  жағдайларда,  рәсімдерді  нақты  жүзеге 
асырудан (дерексіз деректер түрі) дерексізденуі мүмкін, олар белгілі 
жағдайлардың  қосалқы  санаттары  үшін  ажыратылады.  Бұл жалпы 
атаулары  бойынша  осы  тәрізді  бағдарламалармен  қарым-қатынас 
жасауға  мүмкіндік  береді  (полиморфизм)  және  бағдарламалық 
қамтамасы  етуді  түрлендіру  кезіндегі бағдарламалық кодды қайта 
қолдануға  болады.  Осылайша,  пәндік  саланың  өзгеруіне  қатысты 
нысанды-бағытталған жүйелерге бейімделу атқарымдық тәсілдерге 
қарағанда, біршама жоғары. 
Нысанды-бағыттылған тәсіл кезінде АЖ жобалау қағидаттары да 
өзгереді. Алдымен нысандар санаты атап көрсетіледі, ал содан кейін 
нысандардың ықтимал жағдайына (нысандардың өмірлік кезеңдері) 
байланысты өңдеу әдістері (атқарымдық рәсімдер) анықталады, бұл 
ақпараттық  жүйенің  динамикалық  тәртібін  жақсы  жүзеге 
асырылуын қамтамасыз етеді. 
Нысанды-бағытталған  тәсілдер  үшін,  UML  біріздендірілген 
үлгілеу  тіліндегі  жинақталған,  пәндік  саланы  үлгілеудің  графиктік 
әдісі  әзірленген.  Алайда,  үлгіні  көрнекі  түрде  ұсыну  бойынша 
нысанды-бағытталған  үлгінің  қолданушы-тапсырыс  берушінің 
үлгісі атқарымдық үлгілерге жол береді. 
 


133 
 
 
Пәндік  саланы  үлгілеу  әдістемелерін  таңдау  кезінде,  әдетте 
өлшем  ретінде  оның  қарқындылығы  алға  тартылады.  Реттеуші 
міндеттер  үшін,  анағұрлым  бейімделген  бизнес-үдерістер  үшін 
(жұмыс  ағындарын  басқару,  ақпараттық  қоймаға  қатысты 
динамикаоық  сұраныстарды  іске  асыру)-нысанды-бағытталған 
атқарымдық  үлгілер  анағұрлым  жақсы  сәйкес  келеді.  Алайда, 
әртүрлі  міндеттер  санаттары  үшін  осы  және  өзге  АЖ  шеңберінде, 
осы  бір  мәселені  сипаттайтын  әртүрлі  үлгі  түрлерін  талап  етуі 
мүмкін.  Бұл жағдайда пәндік саланың құрамдастырылған үлгілерін 
қолдану керек. 
Осылайша,  қарастырылған  әдістемелердің  біреуі  зерттелетін 
жүйе рәсімдерін нақты түрде  сипаттамасын құру міндетін шешуге 
мүмкіндік  береді.  Барлық  әдістемелер  «қалай  бар»  және  «қалай 
болуы  қажет»  үлгілерін  құруға  мүмкіндік  береді.  Сол  кезде  осы 
әдістемелердің  әрқайсысы біршама кемшіліктері болады. Тұтастай 
оларды  келесі  үлгіде  сипаттауға  болады:  жекелеген  әдістемені 
қолданудағы  кемшілік    шынайы  үдерістерді  сипаттау  саласына 
емес, әдістемелік тәсілдердің толық еместігінде жатыр. 
Атқарымдық  әдістемелер  ұйымдастырудағы  қолда  бар 
қызметтер  туралы,  оларды  жүзеге  асыру  әдістері  туралы 
атқарымдық әдістемелері туралы көрнекі  түрде түсінік береді. Бұған 
қоса,  зерттелетін  үдерісті  бөлшектеп  талдау  дәрежесі  неғұрлым 
жоғары  болса,    олар  соғұрлым  жүйені  жақсырақ  сипаттауға 
мүмкіндік  береді.  Аталған  жағдайда  жақсы  сипаттаумен,  алынған 
үлгі  бойынша шынайы жүйенің тәртібін алдын ала болжау кезіндегі 
қателіктерді  аз  жіберу  түсініледі.  Жекелеген  жұмыс  рәсімдері 
деңгейінде  оларды  сипаттау  толықтай  жұмыстар  ағынында  нақты 
іске асырумен біркелкі сәйкес келеді. 
 Атқарымдық  әдістеме  жүйесін  жалпы  сипаттау  деңгейінде 
жүйенің  жалпы  интерфейстерін,  оның  механизмдерін  және  т.б. 
таңдауда  біршама  дәрежеде  бостандыққа  жол  береді,  яғни  жүйе 
шегін  анықтауда.  Осы  деңгейде  жүйені  жақсы  сипттау,  қолдану 
қойлымы түсінігіне негізделген нақты тәсілге мүмкіндік береді . Ең 
бастысы  қатысушы  тұлғаның  жүйемен  өзара  іс-әрекет  сеансы 
ретінде  қолдану  қойылымы  туралы  түсінік  болып  табылады, 
нәтижесінде  қатынасушы  тұлға  ол  үшін  бағады  болып  табылатын 
әлдене алады. Бағалау өлшемдерін қолдану қолданушы үшін жұмыс 
ағындарының  маңызы  жоқ  бөлшектерін  шығарып  тастауға  және 
оның  бар  екендігін  ақтайтын  жүйе  қызметтеріне  бет  бұруына 
мүмкіндік  береді.    Алайда,  бұл  жағдайда  жүйе  шегін  анықтау 
міндеттері,  сыртқы  қолданушыларды  атап  көрсету  күрделі  болып 
саналады. 
Бірінші  рет  тарихи  түрде  пайда  болған  деректер  ағыны 
технологиясы,  жүйе  шегінің  мәселелерін  жеңіл  шешеді,  себебі 
ақпараттық  ағындарды  талдау  есебінен  сыртқы  болмысты  атап 


134 
 
көрсетуге  және  негізгі  ішкі  үдерісті  анықтауға  мүмкіндік  береді. 
Алайда  атап  көрсетілген  басқару  үдерістерінің,  ағындар  мен 
оқиғалары  бағытталықтың  болмауы,    осы  әдістемені  жалғыз 
әдістеме ретінде ұсынуға мүмкіндік бермейді. 
Қарастырылған  әдістемелердегі  кемшіліктерді  еңсерудің  ең 
жақсы  жолы  жекелеген  әдістемелердің  әртүрлі  кезеңін біріктіретін, 
синергетикалық  әдістемені  құру  болып  табылады.  Сонымен  бірге, 
әр  әдістемеден  анағұрлым  толық    әрі  ресми  түрде  баян  етілген 
әдістеменің  бөлігін  алу  және  синергетикалық  әдістемені  қолдану 
кезеңдерінде нәтижелер алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет