Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


А Қ П А Р А Т Т Ы Қ   Ж Ү Й Е Л Е Р Д І



Pdf көрінісі
бет71/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   121
А Қ П А Р А Т Т Ы Қ   Ж Ү Й Е Л Е Р Д І        
Б А С Қ А Р У  
 
 
5.1. Ақпараттық басқару технологиясы түсінігі 
 
Кәсіпорында  бизнес-үдерістерді  тиімді  басқаруды  арттырудың 
анағұрлым  айқын  жолы  ақпараттармен  жұмыс  істеуде  жаңа 
әдістерді 
қолдану, 
заманауи 
ақпараттық  технологияларды 
қолданатын басқару әдістерін енгізу болып саналады. 
Ақпараттық  басқару  технологиясы  —  әдістер  жиынтығы  мен 
жиын  құралдары,  басқару  міндеттерін  шешу  үшін  бағдарламалық-
аппараттық қамтамасыз ету базасында ақпараттарды тіркеу, тарату, 
жинақтау және өңдеу. Ақпараттық басқару технологиясының негізгі 
мақсаты  —  жаңа  сападағы  ақпараттарды  алу  үшін  алғашқы 
деректерді  түрлендіру,  оның  негізінде  оңтайлы  басқару  шешімдері 
жасап шығарылады. 
Ақпараттық  басқару  технологиялары,  олардың  заманауи 
түсінігінде  басқару  теориясы  мен  тәжірибесінде  маңызды  әрі 
күрделі саланы қамтиды. Басқару түсінігінің өзі бүгінгі күні ерекше 
белгілерге  ие  болды.  Басқару  ғылымы  бүгінде,  жүйелік  талдау, 
операцияларды 
зерттеу, 
шешім 
қабылдау 
теориялары, 
математикалық үлгілеу және т.б.  пәндермен тікелей байланысты. 
Басқару қызметіне зерттеу тәсілдерін енгізу, басқару үдерістерін 
дер  кезінде  ақпараттық  бейнеленуін,  толықтығын,  оларды  үлгілеу, 
талдау  және  болжау  мүмкіндігін  қамтамасыз  ететін  ақпараттық 
технология саласында заманауи жетістіктерді қолдануға негізделеді. 
Қатаң  құрылған  үдеріс  үшін  әрекеттілік,  басқару  секілді, 
осындай  күрделі  сала  үшін  тіпті  айқын.  Автоматтандырылған 
басқаруды 
қолдау  міндеттерін  шешу  кезінде  туындаған 
қиындықтар,  оның  ерекшеліктерімен  байланысты.  Басқару  еңбегі 
күрделілігімен  және  көп  түрилілігімен,  пішін  мен  түрдің  көп 
көлемде  болуымен,  әртүрлі  құбылыстар  және  үдерістермен  көп 
жақты  байланысымен  ерекшеленеді.  Бұл  бәрінен  бұрын, 
шығармашылық  және  зияткерлік  еңбек.  Бір  қарағанда,  оның үлкен 


136 
 
бөлігі,  қандай  да  бір  нысандандыруға  келмейді.  Сондықтан  да 
басқару  қызметін  автоматтандыру  басында  кейбір  қосалқы, 
кертартпалыққа  негізделген  операциялармен  байланысты  болды. 
Бірақ  ақпараттық  технологияның  құлаштап  даму,  технологиялық 
тұғырнаманың  жетілдірілуі  мен  бағдарламалық  өнімнің  жаңа 
санаттарын түбегейлі пайда болуы біздің кезімізде кәсіпорындарды 
басқаруды  автоматтандыруға  қатысты  тәсілдерді  өзгеруіне    алып 
келді.  Басқару  технологияларын  қарастыру  кезінде  үш  түсінікті 
айқын  түрде  бөліп  көрсетуге  болады:  басқару  жүйесі,  басқару 
нысаны, басқару нысанына әсер ететін сыртқы орта (5.1-сурет). 
Басқару  жүйесімен  ақпараттық,  экономикалық-математикалық 
әдістер  мен  техникалық,  бағдарламалық және ақпараттарды өңдеу 
әрі  басқару  шешімдерін  өңдеуге  арналған  басқа  технологиялық  
құралдар жиынтығын білдіреді. 
Б а с қ а р у   н ы с а н ы   қандай  да  бір  экономикалық  субъект-
кәсіпорын,  ұйым, бөлімше және т.б. болып саналады. 
С ы р т қ ы   о р т а  — бұл субъектінің  экономикалық жағдайына 
(мемлекеттік  экономикалық  саясаттың  заңдылығы,  тұрақтылығы, 
өнімдер 
мен 
қызметтерді 
өткізу 
нарығының 
жағдайы, 
жеткізушілермен  қамтамасыз  етілу  және  т.б.)  әсер  ететін  сыртқы 
факторлар. 
Ақпараттық  басқару  жүйелердің  негізгі  элементтердің  бірі, 
шешім  қабылдайтын  тұлға  (ШҚТ),  -  нысанға  басқару  ықпалын 
көрсететін адам немесе адамдар тобы. 
Ақпараттық  басқару  жүйелерінде  төменгі  деңгейлерде басқару 
нысаны  жағдайы  туралы  егжей-тегжейлі  ақпараттар қолданылады. 
Төменгі  басқару  деңгейінен  жоғарғы  басқару  деңгейіне  дейін 
ақпараттар  қозғалысы  бойынша  ол  артық  егжей-тегжейліктен, 
қажетсіз талдап тексеруден құтылуы керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5.1-сур.  Басқару үдерісінің  жалпы  сызбасы
 
 
 
 
 
 
 
 


137 
 
 
Бұл  үдеріс  ақпараттарды  біріктіру  немесе  шектеу  деп  аталады. 
Бастапқы  ақпарат  —  сыртқы  орта  жағдайы  мен  басқару  нысаны 
туралы  ақпарат.  Алғашқы  ақпаратты  өңдеу  нәтижесінде  алынған 
ақпараттар (сұрыптау, топтастыру, атап көрсету, есептеу және т.б.) 
аралық  немесе  қосымша  ақпарат  деп  аталады.  Басқару  ықпалын 
жасап  шығару  үшін  алынған  ақпарат,  басқару,  басқару  нысаны 
реакцияларын талап етілген болып аталады. 
Басқару  жүйесінің  негізгі  қызметтері  —  шешім  қабылдау 
қызметі,  ақпараттарды  өңдеудің  кертарпалық  қызметтері,  ақпарат 
алмасу қызметтері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет