Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет105/135
Дата25.11.2023
өлшемі8,52 Mb.
#126497
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   135
Байланысты:
b2 (1)

ішкі мүмкіндіктер
жеке өмір сүру мен оның м әнінің бір-біріне сәйкессіздігінен, өзара кай-
шылығынан шыгады.
Толыспаганның толысуга, жетіспегеннің жетілуіне 
қарай багыты - ол үнемі жаңа мүмкіндіктер, өмір сүрудің жаңа қалып- 
тары, жаңа деңгейлері, озгеше түрлері мен жолдары. Олар 
әлі бол-
маган, бірақ болуга, шындыққа айналуға жағдаилары бар нэрселер.
Өмір 
сүрудің өзінен, оны ң ішкі м әнінен, қайш ылы қтарынан туатын 
мүмкіндіктерді ішкі мүмкіндіктер деуге болады.
Бірақ әрбір өмір сүру коптеген өзінен тыс ықпалдарға душар 
болы п, оларм ен өртүрлі қаты н астар д а б олаты н ды қтан он ы ң
мүмкіндіктері ішкі, тыскы күштердің үштасуынан шыгатын өзгер- 
мелі нақгы жагдайлардың жемісі. Мүмкіндіктердің озі соларга байла­
нысты жогалып, кейде іске асып, шындыққа айналып, кдйтадан туып 
жатады. Көбінесе мүмкіндіктер осы ішкі, тысқы күштердің тогысуы- 
нан.
Адам біз білетін әлемде күдіретті күшке айнала 
берген сайы н
оның дүниеге ықпалы оң да, теріс те мүмкіндіктердіц 
ш еңберін үлі ай і
225


ты. Себебі адам өзінен тыс процестерге еніп, оларды танып, игеріп, 
өз іс-әрекеттерінің құрамды бөліктеріне айналдыра алады. Кей жагдай- 
ларда, егер өзіне кажет болса, ол табиғаттың өмір сүрудің формала- 
рын сырткы көлденең ықпалдардан тазартып өзінің толық мәніне 
дейін жетілуін қамтамасыз ете алады. Көп нәрселерді ол кажетіне сай 
қоспасыз таза қалпында жасайды да. Өсімдіктер мен жануарлардың 
коптеген түрлерін, мысалы, адам жасады, металлдардың қоспасыз 
таза қүрамын да адамдар өндіреді. Бүл жөнінде, әсіресе, танымдық 
қызметті, оның ішінде теориялық танымды еске алсақ та болады. 
Танымдық қызмет, оның теориялық дәрежесі танылатын объектіні 
тек қана оның толыскан, жетілген дәрежесіндегі келбетін, оның косын- 
дысыз “таза” келбетін бейнелеуге үмтылады. Объектінің өзі әлі то- 
лыкқанды шындык болмауы да мүмкін, көбінесе солай да. Бірак та- 
нымның міндеті тек қана объект тап қазір қандай болса, солай ғана 
корсету емес, оның ең жетіліп, өз табигатының шегіне жете дамыған- 
дағы келбетін корсету, яғни жетілмеген объектінің ең жоғарғы жетілген 
мүмкіндігін ашу. Тек сонда ғана танылатын объектінің шын мәнін, 
табиғатын біле аламыз.
Дүниеде болу жолы бүлтартпас заңдылыктармен жүретін өмір 
сүрудің мүмкіндіктерінің бағыты белгілі бір арнада ғана. Бүл осіресе 
физикалық, химиялық күбьшыстар салаларында деуге болады. Өмір 
сүру формалары саналуандығы жағынан бүлардан тірі тіршілік дүни- 
есі әлдекайда бай сияқты. Тек бүлтартпас зандылықтарға күрылмаған 
адамдар дүниесі ғана шексіз мүмкіндіктер дүниесі. Адамның дүниеде 
болу ерекшелігін айтқанбыз. Оның жолы еркіндік болса, басқа жану- 
арлардай алдын ала алаңсыз анықталған жолы жок. Оның дүниеде 
болуының озі мүмкіндік. Ол әр сотте озін озі қаласа, соны орындаса, 
шындыққа айналдырса, келесі сәтте, келесі істе, харакетте ол оны 
үнемі растап отыруы керек. Өзінің кім екенін, қандай екенін ол әрбір 
сәтте, бірақ, растауы да, растамауы да мүмкін. Әрбір келесі сәтте, 
харекетте, қатынаста ол өзінің адамдык мәнін, күндылығын, үстанған 
қағидасын т.т. мансүқ етуі де ыктимал. Ол басқа бір жолды қалауы 
мүмкін, яғни басқаша бір адам болып шығуы да хақ, олай болуға 
оның алдында мүмкіндіктер ашық. Әрине, бүрын айтқандай оның 
барлығы адам үшін оп-оңай деп отырған жоқпыз. Ондай өмірлік 
жолдарын озгерту қаншалықгы қиын болғанмен, оның жалпы алган­
да мүмкін екендігін айтып отырмыз. Олай болатынының ең негізгі 
себебі - оның дүниеде болуының негізгі жолы, тәсілі-еркіндіктің өзі
- тек қана мүмкіндік. Дүниеге жаңа келген нәрестенің жалпы адам 
болып шыгуының өзі болмай қалмайтын зандылық емес, мүмкіндік. 
Тіпті қалыптасты дейтін ересек адамның жалпы адамдықгың ауқымын- 
да калуы да абсолюттік факт емес, ол да мүмкіндік.
226


Эрине, адамдар тек қана мүмкіндіктің дәрежесінде болады де- 
мейміз. Оның орбір аяқталған харекеті-белгілі бір мүмкіндікті шын­
дык ету. Бірақ шындық келесі сәтте де, келесі харекетте де шындық 
болып қала ма, жоқ па, соның өзі - мүмкіндік. Сондықган адамның 
дүниеде болуының негізгі жолы, ол шындықтан көрі мүмкіндікке 
жақын. Шындық, яғни әрбір іске асқан мән, түрақты өмір сүру - 
мүмкіндіктің бір өткінші кезеңі. Өйткені адам көбінесе жол үстінде, 
ол өзгеруде, дамуда, бірақ бүл үнемі ілгерілей, өрлеу жолы емес. Сон- 
дықтан да адамның дүниедегі болмысы - бүкіл әлемнің дамуын іске 
асырады. Өз ықпалы жететін әлемнің ауқымында ол оның жалпы 
үйлесімдігіне қызмет етуі тиіс. Ол үшін адамдар осы үйлесімдікті өз 
өмірінің қүндылығына айналдыру қажет. Ол, біздіңше, мүмкіндіктердің 
ең ондысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет