Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет52/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   128
Байланысты:
Әбішев философия сканиров

§ 6. Kfuibinmacy (становление)
Философиялық белгілі бір түсінік және үгым ретінде қалыптасу 
ертедегі грек ойшылдардынан бері бар. Оның орнын және мазмүнын 
бірақ, әртүрлі түсініп келді. Сонымен қатар, қалыптасуды мойында- 
майтын және логикалық түргыдан мүмкін емес деген көзқарастар да 
болган.
Бүл категорияга негүрлым мән беріп, оның мазмүны хақында 
кеңірек ой толғаган екі ойшылды айрықша атауымызга болады. Оның 
бірі - ежелгі грек ойшылы, біздің заманымызга дейінгі VII-VI гасыр- 
ларда омір кешкен Гераклит (кіші Азиядагы Эфес қаласынан). Екінші
XIX ғасырдың 30 жылга дейін негізгі еңбектері жарық корген Гегель. 
Категориялар жөнінде оның үлесі айрықша болгандықтан бізге осы 
салада ол туралы коп айтуға тура келеді.
Замандасы Парменидтің козқарастарына қарсы Гераклит бол-
130


мысты, оның нақты формаларын қозғалыссыз, тыныштықта мәңгі 
өзгермейтін нэрселер деп қарамай, керісінше дүниені, яғни болмыс - 
ты шын мәнінде мәңгі процесс, ол - жанып тұрған от деп қараған. 
Оның түсінуінде болмыс деп осы процестің өзін түсінуіміз керек. 
Онда пайда болатын түрақты, сырттай және іштей шектелген өзгеше 
формалар сол процестің уақытша ғана көрінетін өткінші кезендері. 
Яғни Гераклит үшін өмірдің бастамасы - процесс, бірде өшіңкіреп, 
бірде лапылдап, барлық түракты нәрселерді бірде жоғалтып, бірде бір 
сәт қайта тудыратын от. Гераклит үшін шын мәнінде күндылықтың 
өзі осы мәңгі өшіп, жоғалып, қайта туып, өзгеріп жатушылыкта. 
Түрақгылық өліммен бірдей, оның бағасы жоқ. Оның үстіне бүтін 
антика дәуірінің үғымына сай Гераклиттің түсінуінде бүл қалыптасу - 
даму емес. Яғни өзгерістер өрлеу жолы емес, үдемелі түрде төменгі 
формалардан жогарғы, қарапайымнан күрделіге қарай өтетін козғалыс 
емес. Қалыптасудың мазмүны озгерген-формалар жоғалып, қайтадан 
туып, мәңгі қайталанып жатуға жақын.
Бірақ ертедегі грек философиясында болмыс пен қалыптасуды 
ажыратып қарау кең орын алганмен кобінесе бірінші қатарға болмы- 
сты қою басым болды. Осыған байланысты қалыптасуды түсінуінде 
оның орны да басқаша.
Гераклиттен әлде қайда кейін келген Сократ, оның шәкірті Пла- 
тонды алсақ, оларда осылай. Платонның айтуынша Сократ былай 
деген: “Әрбір...белгілі қалыптасу белгілі бір болмыс үшін болады, ал 
жалпы қалыптасу түтасымен бүкіл болмыс үшін болады”19. Болмыс 
деп бүл жерде процестің нәтижесін айтып отыр. Мысалы, кеме, ол 
болмыс, ал кеме жасау - калыптасу. Кеме жасау, әрине, кеме үшін, 
керісінше емес. Олай болса, болмыс - негізгі, ол өзі үшін, калып- 
тасқан болмыс өзіне озі жеткілікті, озінің болуы үшін оған өзінен 
баска ешнәрсенің қажеті жоқ. Ал калыптасу болмыс үшін, қалыптасу 
қалыптасу үшін бола алмайды.
Платонның және оның айтуынша үстазы Сократтың да козғалы- 
сты жалпы циклдік қайталамалы деп түсінуі, дамуды білмегендігі 
мәлім. Тіпті бүкіл антикалық ойда даму идеясы жоқ. Оның үстіне 
Платон оз кезінде өтіп кеткен Полистік мемлекеттік қүрылысты ең 
жетілген қоғамдық қүрылыс деп қарап, соны қайта әкелуді, қайта 
орнатуды аңсағаны белгілі. Қоғамдық өмірде Платонның мүраты - 
мәңгі өзгермейтін, өзіне өзі тең қоғам. Өзгермелілік, түрақсыздық 
бүкіл әлемде болсын, қогамдық өмірде болсын жетілмегендіктің, сол 
күбылыстың табиғатының кемістігінің белгісі. Жетілген нәрсе өзгер- 
мейді. Мүндай түсінуде, әрине, қалыптасудың бағасы томен. Қалып-
19 
Платон.
Соч. М., 1970. Т.2. С.243.
131


тасатын нәрсе табиғатынан нашар нәрсе. Сондықтан да игілікті тек 
болмыспен байланыстырған жөн.
Гегель ғылымның (логиканың) бастамасын болмыстан көретінін 
айттық. Тікелей, тек өзіне өзі катысты, әлі ешбір айқындықсыз таза 
болмыс таза ештеңемен бірдей дедік. Себебі ол болмыс - болмыс 
туралы абстракция. Бар екендігінен басқа белгілерден жұрдай, жа- 
лаңаш болмыс. Ол туралы болмыс деуден басқа ешнәрсе айта алмай- 
сың. Бірақ ештеңе де сол сияқты ғой. Егер мазмүннан жүрдай бол­
мыс ештеңемен тең болса, ештеңенің де болмыспен бірдей болғаны. 
Себебі ол ондай болудың екінші келбеті. Ол да алаңсыз жок емес, 
жоктың қасы. Абстракциялык болмыс екі белгінің, екі айқындықтың 
бірлігі - бар мен жоқтың. Бүлдыр барлык пен бүлдыр жоқтык бір 
нәрсе екен. Осыдан келіп таза болмыстың өзіне өзі ішкі тепе- 
теңсіздігінің алғашкы нышаны коріне бастайды. Себебі, егер бүкіл 
әлемнің, өмірдің бастамасы озінен озі, ішкі өз себебінен қозғала ал- 
маса, оның сол қалпынан басқаға,өзінің басқа қалпына, формасына 
ауысуы мүмкін емес. Оған сырттан козғау салатын ешнорсе жоқ. Ба­
стама - абсолюттік бастама. Қозғалыстың шығар көзі соның өзінде 
болуға тиіс. Олардың тепе-тендігі - барлық пен жоқтық, болмыс пен 
ештеңе бір-бірінде жоғалып жатады. Ал тепе-теңсіздігі - олар соның 
өзінде алаңсыз жоғалып кете алмайтын екі түрлі және қарама-қарсы 
айкындықтар. Гегельше әрбір бар нәрсенің жоқтығы оның өз ішінде, 
оның ішкі шектелгендігінде. Барлықты жоқхық шектейді және 
керісінше. Осы ішкі тепе-теңсіздік таза болмыста ішкі тынышсыз- 
дық туғызудың негізі, оның келесі формаларға отуінің бастамасы. 
Осы тепе-тенсіздік туғызатын айқындықтардың біріне бірі өтуінің 
әрі жоғалуының көріну формасы Гегельше - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет