Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет76/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   128
§ 18. Жағдай (условие)
Жағдай негіздің, негізделудің белгілі бір жалпы кезеңі. Жағдай 
заттар мен қүбылыстардың белгілі бір жүйесіне басқа бір қүбылыс- 
тардың оларға катыстылығынан туатын сырткы айқындык. Басқа бір 
қүбылыстарға жағдай болу ешбір нәрсенің озінің ішкі табиғатынан 
тумайды. Оны өзіне жағдай ететін басқа бір нэрселер, сол нәрсе- 
лердің табиғаты. Белгілі бір қүбылыстарды, заттарды, процестерді озіне 
таңуына байланысты. Жағдай болып түрған қүбылыстардың осы 
а й қ ы н д ы ғ ы н
(яғни жағдай болуын) олардың өз табиғатынан түсіндіру 
мүмкін емес. Олардың өзіндік табиғаты жағдайлықтың шеңберінде 
комескіленіп, соның арғы жағындағы бағынышты, бүркелген мазмүн 
болып қалады. Мысалы, жердің табиғи қүнарлылығын алсақ, ол адам­
дар әлі егіншілікті білмейтін кезде егіншіліктің қажетті жағдайы емес, 
ол бір өзіндік, адамға қатыссыз табиғи процесс. Тек егіншілік пайда 
болғанда ғана топырақгың табиғи қүнарлылығы адамдар үшін маңызды 
жағдайға айналады. Жер бетінде өсімдіктер гіланетаны коршап түрған 
атмосфераны қүрамаса, онда жануарлар дүниесі, соның ішінде адам 
да тіршілік ете алмас еді. Ол жануарлар дүниесі болуының қажетті 
жағдайы, т.т.
Яғни жағдайдың негізден елеулі айырмашьшығы - негіз өзіне
179


негізделетін нәрсенің болуының міндетті шарты, ал жағдай ондай 
міндетті шарт бола алмайды.
Әрбір оқшау дербес қүбылыстың бір емес, көптеген жағдайлары 
болады. Олардың кейбіреулері маңыздырақ, басқалары екінші қатар- 
да. Оларды сондықтан қажетті не кездейсоқ, ішкі және сыртқы жагдай- 
лар деп белуге болады. Өзінің табиғатына сай келетін қүбылыстар 
осы зат үшін мысалы қажетті. Олар өзі жағдай болып отырған нәрсе- 
лердің өзіндік айқындыгын сақтауының шарты. Осы қүбылыстың 
табиғатын сақтауга тікелей ықпал етпейтін нәрселерді кездейсоқ 
жағдайлар деуге болады. Сол сияқты ішкі жағдайлар дербес күбылы- 
стың табиғатына еніп, соның озіндік күрамды бөлігіне айналып ке- 
тетін нэрселер. Бүған мысалға табиғат күштерімен заттарының адам­
дар оларды игерудің нәтижесінде оз күштеріне айналуын айтуға бо­
лады. Сыртқы жағдайлар оның табиғатына кірмейтін, бірақ оның 
болуына ықпал жасайтын нэрселер. Ішкі жағдай - қажетті, ал сыртқы 
жағдайлар қажетті де, кездейсоқ та болуы мүмкін.
Дербес қүбылыстардың озара ықпалынан әр жағы бір-біріне 
ыңғайласып, олардың бір-біріне жағдайға айналуы да болады. Соған 
сәйкес кейде сыртқы жағдайлар ішкі жағдайларға үласады. Адамдар - 
дан тысқы табиғи әлемде дербес күбылыстар арасында өзара ықпал 
басым. Сол сияқты табиғат әлемі мен адамзат қоғамы бір-біріне үнемі 
жағдайласып түрады. Егер адамды тірі организм жагынан гана алсақ, 
онда көбінесе басқа жануарларга жагдай болатын нэрселер адамга да 
тән. Бірақ адамдар оз тарихын, мәдениетін жасау жолында үлкен 
озгерістерге, соның ішінде организмдік өзгерістерге үшырагандыктан, 
оларда жануарларда болмайтын көптеген жагдайлар бар жэне олар 
үнемі жаңадан туып жатады. Адамдардың бүл өзгешеліктері оның 
жагдайлармен байланысын тіпті басқаша етеді.
Адам үшін оган жэне оның ісінің мазмүнына эсер ететін нәрсе- 
лердің жагдай екендігі сыртқы қатынас бола алмайды. Ягни сырткы 
әсерлер бар, бірақ, олар адам үшін жагдай емес. Ондай сыртқы эсер- 
лер, ықпалдар (мысалы, табиги апаттар немесе тіпті адам игермеген, 
бірақ ол үшін қолайлы эсерлер) оган он не теріс ықпал жасауы мүмкін. 
Бірақ олар адам ретінде дүниеде болуының не болмауының жагдай - 
лары емес. Адам сырткы, озіне бүрын бейтарап нэрселерді озіне оның 
ішкі өзіндік табигатын игеру аркылы жагдай етеді. Адамның дүни- 
едегі қандай болмасын олшемдер мен мазмүндарды игеріп, мэдени 
түрде оз дүниесінде бойына сіңіре алатынын айтқанбыз. Әрбір адам 
игерген табигаттың зандылықтары мен процестері адамдық болмыс - 
тың бір элементі болып, олардың қызметі мен қатынастарының 
жагдайларына айналады. Бүрын, мысалы, адамдар жасаган күрал сай- 
мандарды келтіргенбіз. Оларга қоса еңбек заттарын да айтуга болады.
180


Еңбек процесінде өнделетін заттар да көбінесе бүрынғы еңбектің 
нәтижесі, яғни заттанған еңбек. Олар адамдық мәннің сәулеленіп 
түратын формаларына айналған. Олардың тікелей заттық табиғаты 
ол қызметте біршама бейтарап. Мысалы, тастан, қоладан, темірден 
ортүрлі дәуірлерде жасалған балтаның қызметі біреу-ақ, бірақ жаса- 
латын заттар әр түрлі.
Жағдай категориясының басқа категориялар сияқты шығу түбі 
адамның дүниеге қатынасы болғанмен оның жалпы универсалдық, 
бүкіл әлемдік мазмүны бар, яғни адам қатыспайтын, адамның ықпа- 
лы жоқ заттар дүниесінде де қатынастың осындай формасы бар екенін 
көрдік. Оның себебі адамның дүниедегі орны кез келген аяқталған 
қүбылыстың орны емес. Адам дүниедегі әртүрлі шектелген нәрсе- 
лерді меңгеріп, оған адамдық форма беру арқылы оның шексіз, бүкіл 
әлемдік мазмүнын айгақтайды. Жагдай да сол сияқты. Бірақ адам- 
ның даму жолының белгілі бір кезеңінде оның озі тудырған дүни- 
есінің озіне жаттануын әр тақырыпқа байланысты айтып келе жа- 
тырмыз. Адамдардың өз жағдайларымен қатынасында да осы жатта­
ну оның шын мәнін теріс айналдырып жіберетінін көреміз. Оның 
мәнісі - адамдар өзі жасаған жагдайларының қүлы болып шығады. 
Өндірістік қызметте мысалы еңбек заттары мен құрал-саймандары 
еңбек процесінен, яғни еңбектің субъектісінен ажырайды. Еңбекті 
іске асырушы субъектінің меншігінде қүрал-саймандар мен еңбек зат­
тары жоқ, олар басқа біреудің меншігі. Еңбекті іске асырушы-жалда- 
малы жүмысшыда тек еңбекке кабілет бар. Ягни еңбек етуші мен 
еңбектің сыртқы жағдайлары бір-біріне қарама-қарсы түрған күштер 
болып шығады. Жалпы еңбектің субъектісі енді еңбек етуші адам 
емес, еңбектің сыртқы жагдайларын иемденуші. Ал жалдамалы жүмыс- 
шы жалданып еңбекті атқарып жатқан кезеңде оның озі еңбек про- 
цесінің сыртқы жағдайларының бірі гана. Сонымен адамның өзі әле- 
уметтік процестің иесі емес, соның бір жағдайы. Мүндай қатынаста 
байлық өзі өзі үшін мақсат дәрежесіне жеткен, ал байлықтың иесінің 
өзі оның субъектісі болудан қалған, ол тек байлықтың уакытша қоныс 
тапқан тәні, мекені. Яғни байлық өзінің иесіне емес, оның иесі бай- 
лыққа қызмет істейді.
Тоталитарлықжүйелерде де ахуал басқаша болса да, олар адамға 
жаттанған қоғам болғандықтан, адамдар әлеуметтік козғалыстың тек 
сырткы жағдайлары ғана. Тоталитарлық қоғамдық жүйелерде адам- 
дардан жаттанған олардың жасаған байлығы емес, барлығының (белгілі 
бір елдегі) ырықтарының өздерінен ажырап, билеуші бір топтың не 
жеке адамның қолына шоғырлануы, сөйтіп өз ырықтарының оздеріне 
қарсы күш болып шығуы. Ол шоғырлану, әрине, мемлекеттік форма­
да іске асады. Кеңестік қоғам да сондай тоталитарлық тәртіптің бір
181


түрі. Бүларда қоғам, әлеуметтік біркелкі тортіп, ойлау мен іс-әрекет- 
тердің, адамдар қатынасының схемаларының өзі өзі үшін мақсатқа 
айналуы. Яғни тәртіп, істің, ойлаудың схемасы, әлеуметтік норма- 
лар, соларды орнататын мемлекет т. т. адамдар үшін, олардың игілігі 
мен үйлесімді дамуы үшін емес, керісінше, солардың бәрі өздері үшін, 
ал адамдар соларды нығайтып, іске асырып отырудың қүралдары гана, 
ендеше адамдар мемлекеттік, оны органдарының болуы үшін өмір 
сүреді.
Қоғамдык ғылымдарда кең өріс алған әлеуметтік орта жоне фак- 
торлар теориялары осындай адамдар болмысының теріс айналуының 
тікелей корінісі. Әлеуметтік орта теориясы бойынша әрбір дүниеге 
келген адамды орта қалыптастырады. Әлеуметтік орта - әрбір қалып- 
тасып келе жаткан адам үшін олар бүрын бар қатынастар, адамдар, 
заттар, үрдістер мен дәстүрлер, зандар, ойлаудың формалары мен 
әдістері, әлеумегтік мекемелер т.т. Олар алғашқы, аныктаушы, ше- 
шуші жағдайлар, ал жеке адамның қандай болатыны қандай орта- 
дағы қандай кәліпке түсуіне байланысты. Әлеуметтік ортаның ше- 
шуші ролі жөніндегі теориялардын оздері де бірдей емес, олардың да 
түрлі бағыттары бар. Олар ортаның өзін әртүрлі нәрселерден көреді. 
Гельвеций жонінде, оның әділетті заңдардың әділетті адамдарды жа- 
сайты ны хақы ндағы козқар астар ы н бүрын ай тқан бы з. К еңес 
дәуіріндегі қалыитаскан “Тарихи материализм” теориясы да орта- 
ның шешуші ролі, ал адамның тек соның жемісі екендігі туралы тео­
рия. Ол теорияның Маркстің козқарастарына қайшы екенін де соз 
еткенбіз. Факторлар теориясы осы түрғыға жақын. Ол да қоғамды 
әртүрлі факторлардың жиынтығы сияқты қарайды. Мысалы эконо- 
микалық, техникалық, әлеуметтік, ғылыми т. т. факторлар аталына- 
ды. Адамдар сондай факторлардың бірі ғана және ең маңыздысы да 
емес. Әрбір әлеуметтік оқиға, процесс көптеген факторлардың өзара 
ықпалдарының косындысы, ортактуындысы. Әртүрлі жағдайда әртүрлі 
факторлар жетекші роль атқаруы мүмкін. Бүл көзқарас коғамдағы 
процестерді табиғаттағы әртүрлі стихиялардың (дүлей күштердің) өзара 
ықпалдарынан қүралатын қозғалыс түрінде көреді. Онда факторлар- 
дың бәрі о бастан бір-бірінен дербес, олар іштей түтастықты күра- 
майды. Тарихи материализмде де адамдар өндірісте де, әлеуметтік 
қозғалыстарда да кобінесе катардағы факторлардың бірі ретінде қарал- 
ды. “Халық тарихтың қозғаушы күші” деген қағиданың озі де тарих- 
ты бір халықтың іс-әрекетінен, тарихи қимылдарынан болек процес- 
тей қылып көрсетеді. Адамдар негізінде тек халық, таптар түрінде 
ғана қозғаушы күш, ал жеке адамдар сол түтастықтың бір қүрамды 
бөлшегі ғана.
Осы екі теория да тарихи козғалыстың, дамудың субъектілерін
182


жоғалтқан. Субъектілердің өзі де көп заттардың қатарындағы бір зат. 
Тарих тек әртүрлі жағдайлардың тоғысы. Адам да жағдайлардың бірі. 
Яғни мүнда жағдайлар бар, бірақ олар ненің немесе кімнің жағдайла- 
ры екендігі жоғалады. Жағдайларды жағдай ететін нэрсе жоқ. Фак- 
торлардың өзара іштей сабақтастығы, оларды бір түтастыққа қүрай- 
тын негіз мойындалмаса, олар бір-біріне де жағдай бола алмайды, 
себебі олардың тоғысуы, қатынастары тек сырттай тәуелділік. Уакытша 
тәуелділік жоғалса, факторлардың әрқайсысы өзінше бір дүние.
Өзіне қарама-карсы және бірін-бірі сабактастырып түратын оның 
осы айқьіндығын туғызатын субъект жоғалса, жағдайдың өзі де жоғала- 
ды. Әрине жағдай болған заттар мен процестер қалады, бірак олар 
енді ешнәрсеге жағдай емес. Бүл жалпы түрғыдан қарағанда мүмкін 
емес нәрсе. Субъект коғам бар дүниеде ешкашан жоғалмайды, ол 
әртүрлі күбылыстарды өзіне үнемі жағдай етіп отырады немесе белгілі 
бір нәрселерді жағдайлыкайкындықтан ажыратады, себебі ол әлемдік 
дәрежедегі әлеуетті күш. Өзі озіне жаттанған жағдайларда да оның 
осы касиеті, түпкілікті жоғалмайды, тек бүркемеленеді, онын субъ- 
ектілік, яғни оз дүниесіне өзінің иелігі әлсірейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет