Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет83/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   128
§ 2. Мазмүн жэне форма
М эн мен қүбылыстың дамуының келесі бір деңгейі - мазмүн 
мен форма. Бірақ, мазмүнды мән дамуының жаңа кезеңі, не түрі деп, 
ал форманы тек қүбылыспен баласақ, ол күрделі катынасты тым жа- 
дағай түсіну болар еді. Яғни мазмүн мәннің тікелей баламасы емес. 
Тарихи даму жолынан өтетін белгілі дербес процесті алсақ, оның әр 
кезенінде немесе даму сатысында үйымдасу, қүрылу тәсілдері бір- 
біріне үксамастай өзгеріп түрады. Өзгерген нәрсе жалпы алғанда өзін- 
өзі сактайды, яғни өзінің өзіндік, ерекше табиғатын жоймайды, тап 
сол ерекше бір болмыс ретінде қалады, бірақ екінші жағынан таны- 
мастай болып өзгерген түрлерге ауысады. Ал енді мүның формасы 
мен мазмүны қайсы? Оларды бір-бірінен ажыратуға бола ма?
Бүларды ажыратуға адамдардыд әлеуметтік істері мен тарихы 
неғүрлым бай материал бере алады. Адамдардың іс-әрекетінде фор­
малар екі түрде кездеседі.
1. Сырткы формальдык формалар.
Формальдық форма мазмүнға біршама бейтарап, селқос. Ол 
мазмүнға көбінесе сырт нәрсе. Мысалы адамдар іс-әрекетінде өзіне қажет 
заттар жасайды. Ол заттар еңбек күралдары дейік. Жасалған күралдарға 
атқаратын істің ерекшелігіне сай белгілі бір форма беріледі. Ол форма 
қүралдың істегі функциясының сыртқы заттықтүрі. Ол, бірақ, сол күрал 
жасалған заттың өзінің табиғи формасы емес, адамдардың әлеуметтік 
іс-өрекетінің формасы. Қүрал- сайманды әртүрлі заттардан жасай беру­
ге болады, мысалы балтаны тастан, қоладан және темірден. Форма кез 
келген нәрсеге катысты емес, ол тек оз мазмүнының формасы. Жалпы 
алганда мазмүн озгермелі, анықтаушы жақ, ол негізгі. Дегенмен сыртқы 
форма оз мазмүнына біршама тәуелсіз. Оның себебі ол мазмүнды сыртқы 
бейтарап нәрселерде бекітудің немесе берудің жолдары. Белгілі бір істі 
әртүрлі жолдармен, соган сәйкес әртүрлі заттармен, процестермен орын- 
дауга болады. Айырбас кдтынастырының даму тарихында ақшаның функ- 
циясын әртүрлі товарлар атқарган. Түрлі географиялық аудандармен 
экономикалық т.б. әлеуметтік байланыстарды поезден де, самолетпен 
де, басқада коліктің түрлерімен іске асыруга болады.
Ягни процестердің мазмүны адамдар арасындагы қогамдық қаты- 
настар. Осы қатынастарды атқару жолдарының саналуан болуы мүндай 
формалардың ішкі форма емес, сырткы формалар екендігін корсе- 
теді. Себебі мазмүн ешбір озгеріске үшырамай-ақ әртүрлі формалар- 
да бола алады. Сыртқы формалар мазмүнның озгеру сатылары емес, 
тек болуының формалары. Сондықтан да белгілі бір гылыми теория-


ны әртүрлі үлттық тілдерде баяндауға, әртүрлі сиімволикалық белгілер- 
мен де беруге болады. Одан теорияның мазмүнына нүқсан келмейді 
және ешбір жаңа мазмүн қосылмайды. Яғни сәл басқаша айтсақ, 
сыртқы формалар да мазмүнның оз формалары бола отырып, оның 
дамуының формалары емес, қалыптасқан, түрақтылығының форма­
лары.
Олай болса мазмүнның өзгеруі, дамуы, тіпті жаңа сатыға ауы- 
суы ондай формаларға бейтарап, сол формалар әртүрлі мазмүнға да 
жарай беруі мүмкін, ягни оларға біршама “бәрібір”.
Ф илософ иялы қ ойдың, әсіресе логиканы ң тарихында үзақ 
дәуірдің ішінде форма туралы мәселе қаралғанда көбінесе осы сыртқы 
формаларды бірден бір форма деп түсінген. Аристотель оны материя 
мен форманың арақатынасы ретінде талқылаған. Оның ойынша ма­
терия сапасыз, ешбір айқындықсыз зат, ал форма ғана материяға түр 
береді, форма соншалықты белсенді. Венераның мүсінін мәрмәрден 
де қашауға, коладан да күюга болады.
Кейінгі философияда сыртқы формальдык, форма мен ішкі 
мазмүндық форманы толық ажыратқан ойшыл Гегель болды. Логи- 
каның тарихында Аристотельден бері зерттеліп келе жатқан ойлар- 
дың формаларын Гегель формальдық формаларга жатқызды. Бүрынгы 
логика Гегельше ойлаудың мазмүнына бейтарап формалармен гана 
айналыскан. Канттың іліміне сүйене отырып. Гегель бүрын тек бол- 
мыстың формалары деп қаралып келген категорияларды зерттейтін 
жаңа логика, ягни мазмүнды формалармен айналысатын логика қажет 
деген. Озінің негізгі еңбектерін осы мақсатқа арнап, ол бүл жөнінде 
көптеген ойлар үсынган. Осыган сай ендігі айтарымыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет