Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет85/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   128
§ 3. Ішкі және сыртіфі
Ішкі және сыртқы деп аталатын нэрселер мән мен күбылыстың 
тағы бір жалпы қырлары. Күнделікті қолданатын түсініктерді кара- 
сак, одан оңай нәрсе жоқ, ол туралы әңгіме қып жатудың өзі бір 
қырсыз тірлік сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ осындай өзінен өзі айқын 
сияқты түсініктердің өзін де сабырлы қалыпта сыни көзкараспен қайта 
карап отырған жөн. Бүл туралы күнделікті тірліктегі түсініктер көбінесе 
кеңістіктік қатынастарды қамтиды. Әрине, соз үй, ыдыс т.т. куыс- 
тықтар жонінде болса, онда ішкі мен сыртқының қайсысы екенін 
түсіндіріп жатудың кажеті жоқ. Сол сияқты жеке адамның, әсіресе 
мемлекеттің ішкі ісіне араласпау туралы соз болса, онда ішкі не, 
сыртқы не екенін ажырату біршама күрделілеу. Мысалы, қазіргі кез­
де бір елдің өкіметі өз халқының адамдық күкықтарын мойындамай, 
аяусыз басып-жаншу, күшпен жою саясатын жүргізетін болса, онда 
ол осы елдің тек ішкі ici емес, басқа елдерге де зардабы бар іс деп 
қарала бастады. Бірақ мүнда да ішкі мен сыртқыны ажырату сонша- 
лықты қиын болмас.
Оның үстіне ішкі мен сыртқыны тек кеңістіктің түрғысынан 
карау оларды озара тәуелділікте карай алмайды, яғни мүнда олар бір 
нәрсенің екі жағы емес. Ол түрғыдан ішкі деп бір нәрсенің өз ауқымы- 
на кіретін нәрселерді, ал сыртқы деп оған қатысы жоқ, онымен ешбір
198


байланысы жоқ тыс дүниенің бәрін де атауға болады. Бірақ мүнда 
байыппен андасаң ішкі мен сыртқының айырмашылығы жоғалады. 
Себебі қай нәрсені ішкі, ал қай нәрсені сырткы деу әркімнің өз еркі, 
қай затты алсаң, оның ауқымындағы ішкі, басқалары - жоқ. Олай 
болса, олардың барлығы да әрі ішкі, әрі сыртқы , ол калай қарауына 
байланысты. Ішкі, ол әр нәрсенің өзінің белгісі, ал сыртқы оған қатысы 
жоқ баска нэрселер. Яғни ішкі мен сыртқы объективтік айырмашы- 
лық емес, ендеше мүнда қаралатын мәселенің өзі жок.
Ал егер дамуда келе жатқан бір түтастыкты, мысалы органика- 
лык дүниені, немесе адамдар коғамын, алсақ, олардың табиғатын 
аныктау үшін физикалык кеңістіктегі қатынастар жарамайды. Тірі 
организмнің сырткылығы тіріліктің сырткысы болу керек. Оның ішкісі 
де солай. Тірлік өзінің ішкі жағында калай, сыртқысында қалай, бүл
- тірліктің өзінің екі қасиеті. Ішкі және сыртқы әр нәрсенің өз та- 
биғатының екі түрлі айқындыкка ажырауы. Тірі организмнен тыс 
нэрселер сол организмнің сырткысы емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет