дан шығады. Революционер үшін өзгермелілік өзінен өзі қымбатты,
бірден-бір қүндылық. Ал өзгермелілікті кайшылық туғызады. Олай
болса, қайшылық, әсіресе оның шиеленісуі, антагонизмге шарықта-
уы негізгі құндылықтардың бірі. Ал өткен мен бүгінгіні кадірлеу,
бүгінгіні кешегінің жемісі, келешек болса, ол откен мен бүгінгінің
жалғасы деп білетін қатынас бүтін болмыстың сабақтастығын күнды-
лыкка балайды. Ондай қатынас өзгермелілікті, дамуды мойындай
отырып, оларды болмыстың үмтьшыстарының тек бір жағы деп қарай-
ды. Оның екінші жағы, екінші үмтылысы - болмыстың үйлестігін,
ішкі бірлігін сақтау, қозғалыс процесінде оны қайталап, қайта жаңгыр-
тып отыру. Бұл екі үмтылыс та өмірде бар, бірақ белгілі бір сыңар
жақты қүндылыктың көзімен, сондай үмтылыстың түрғысынан олар-
дың біреуі ғана корінуі мүмкін. Ягни, қайшылық дегеніміз - козгалы-
стағы әрбір күбылыстың озін өзі теріске шыгаруы әрі озін өз қал-
пында бекітуі, нығайтуы. Қозғалыста, өзгерісте ол озін озі ретінде
қайталай алмаса, ол жоғалады. Екінші жағынан оның өзінің озге фор
масы пайда болып жатпаса да ол оз қалпын сақтай алмайды. Ол өзін
өзінің озге формасында қайталайды, себебі озге форма да оның озінің
формасы. Гегель осыган мынандай мысал келтірген: Өсімдік осе келе
гүл жарганда, гүл-осімдіктен басқаша, гүл озін шыгарган нәрсені
теріске шыгарады, ол оган қарама-қарсы нәрсе болып түр, бірақ со
лай бола түра, ол өсімдіктің өз туындысы, ол өсімдікті терістеу арқылы
гана оның болмысын растайды, бекітеді, жалгастырады. Гүлден
шыққан жеміс те енді гүлден тіпті басқа, тіпті бөтен көрінуі ықтимал.
Жеміс гүлді де, ол арқылы өсімдікті де (мысалы, жеміс агашын) теріске
шыгарады. Бірақ оның да теріске шыгаруы осімдіктің бүтін болмы
сын жалгастырып, ныгайтудың жолы. Себебі оның үрықтарымен тагы
да коптеген осімдіктердің болмысы көбейіп, кеңіп дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: