Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет88/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   128
§ 4. Өмір сүру (существование)
Философиялық ойдың тарихында өмір немесе өмір сүру мәсе- 
лесі әр түрлі кезендерде алға тартылып отырған. Оның мазмүны да 
сан алуан.
Күнделікті қатынастарда үшырасатын түсініктер бойынша өмір 
немесе өмір сүру болмыстың айқындықтарының біріндей сипатқа ие: 
өмір сүру, яғни бір нәрсенің бар екендігі, іске асқан, орындалған, 
кеңістік пен уақытта оз орны бар нәрсе. Яғни омір сүру өмір сүріп 
отырған, бар заттардың бәрі. Философиялық ойда, бірақ, бар нәр- 
сенің барлығын омір сүру деп қарамайды. Өмір сүру - бар нәрсе- 
лердің белгілі бір айқындығы. Олай болса, ол - бар екендіктің жәй 
фактісі емес, оның белгілі бір жағы, немесе қыры. Қандай қыры? 
Өмір сүру - мән мен қүбылыстың белгілі бір астастығы. Ол мәннің 
қүбылыстан және күбылыстың мәннен оқшаулығы емес, олардың әр 
қайсысының дербес коріну формасы емес. Оны 
мәнді қүбылыс,
неме­
се 
күбылыс дәрежесінде толыскан м эн
деуге болар еді.
Омір сүру де мәннің сыртқы кэріну формаларына жатады, яғни 
ол болмыстык форма. Бірақ нәрсенің бар екендігінен басқа. Ол әлі 
барлығынан басқа айқындығы жоқ кезеңнен кейінгі шындыққа ауы- 
судың кезеңі. Ол әлі шындық (действительность) емес, бірақ болмы- 
стың іштей жіктеліп, оның мән мен қүбылыстарға ажыраған кезеңі. 
Болмыстың мәні айқындалған, сондықтан енді мәнге неғүрлым сай 
келетін коріну формасы қажет. Омір сүру осы қалыптасқан моннің 
озіне сай коріністерін айқындау процесі. Әрине, мән мен қүбылыс- 
тың сай келуі барлық уақытта біршама оз тарихы бар процесс. Омір 
сүру - осы қалыптасу тарихы, ол қүбылыстың мәнділікпен толысу 
жэне пайда болған мәннің оз коріну жолдарын, формаларын түзеу 
тарихы. Дәлірек айтсақ, омір сүру жадағай болмыстан мәнділіктің 
шығуына дейінгі жол емес, керісінше, пайда болған мәннің эзіне сай 
коріну формасын жасау, табу жолы. Яғни болмыс, шындық, күбы- 
лыс, омір сүру бір типтес категориялар, бірак олардың мазмүндары 
бірдей емес.
Философия тарихында омір сүру категориясын неғүрлым мүқият 
талдағандардың алғашқысы - Гегель. Оның омір сүруді түсінуі жоғары-
1 4 - 3 6 1
201


да айтылғанға жақын. Бірақ Гегель үшін ойлау әлемнен адамнан тыс
алгашқы күдіретті жаратушы күш болғандықтан мән әрқашан алгашқы, 
оның өзін өзі тануы әлемді, адамды жарату жолында іске асады, осы 
жолда ол өзін алдымен болмыстык формаларда көреді, тек кейін ғана 
ол болмыстың ішкі мәні озі екенін айқындайды. Өмір сүру тек осы 
кезеңнен кейін келетін саты. “ Белгілі бір істің барлықшартты жағдай- 
лары дайын болғанда ол өмір сүруге ауысады”,28- дейді ол.
Егер әрбір түтас нәрсені белгілі бір пайда болу, калыптасу, даму, 
өшу кезендерінен өтеді деп қарасақ, тек осы түрғыдан ғана өмір сүру 
дербес категория ретінде өзіндік мазмүнға ие. Гегель тек осы түрғыдан 
талдайды. Оның ойынша мэн (сущность) алғашкы, анықтаушы, және 
әрбір түтас, дербес норсені түпкілікті тап осы норсе ететін мазмүн. 
Сапага берген анықтамада ол заттың өзімен барабар айқындыгы 
делінген. Гегель енді затты тануды оны мәнділігіне дейін жеткізгенде 
сол барабарлыктың түпкі негізі мән екенін айтады. Бірақ, табигат 
дүниесінде коптеген нэрселер осы сатылардан өтіп жатады деп айта 
алмайсың. Дегенмен, калыптасу, даму кезендері болмайтын, немесе 
ондай кезендері өтіп кеткен, толықжетілген нәрселерде үнемі циклдік 
қайталау болатын болса, онда да өмір сүрудің белгілі орны бар.
XX гасыр философиясында өмір сүру категориясы коптеген 
багыттардын (экзистенциализм, философиялык антропология т.б.) 
негізгі проблемасына айналды. Ол XX гасырдагы Батые философия- 
сының негізінде тек адам проблемасына бет бүргандыгының нэти- 
жесі еді. Бүл багыттар философияның міндетінің өзін басқаша түсінуге 
ойысып, олар тек адамның дүниедегі орны, оның дүниеде болуының 
магынасы туралы моселелерді алга тартты. Мүндай жагдайда, әрине, 
омір сүру, ол адамның өмір сүруі жэне жалпы адамзаттық қана емес
жеке адамның жалқы тіршілігіндегі өмір сүру. Бүрынгы философия 
жалпылықты тым әсіре багалап, оны бірінші орынга қойды, ал адам­
дар дүниесінде өрбір жанның қайталанбас жалқы тіршілігі багалы. 
Әрбір адам баска норсеге тәуелділігі арқылы, жалпы басқа нэрселер 
аркылы багалы емес, ол өзі үшін де, қогам үшін де өзінен озі багалы. 
Бірақ бүл шындық тарихта кобінесе мойындала берген жок.
Экзистенциализм 
(eK zistenzia 
- өмір сүру) үшін адамдардың шын 
өмірі олардың сырткы дүниемен, баска адамдармен қатынастан көрі 
оз жан әлемінде, өмірлік толганыстарында өтеді. Олар, әрине, сыртқы 
дүниемен байланыста, бірақ сыртқы дүние, олармен тап осы адам- 
ның қатынастары оның ішкі өз жобасының өзінен тыс дүниеге про- 
екциясы, оны сыртқьі дүниеге таңуы. Атеистік экзистенциализм деп 
аталатын багыттың окілі, корнекті француз ойшылы Ж.-П.Сартрдың
28 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет